"Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 904 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қаңтарда № 8301 тіркелді

      Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы 12 қазандағы № 148 (2138) жарияланған) өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3.1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін – Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).».
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ХКО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары осы) Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Автокөлік құралына Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушылар дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша ХҚО мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтінішті;
      2) автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмесін (болған кезде);
      3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмесін (жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін тіркеудің бақылау құрылғысы) ұсынады.
      Аумақтық органдар Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтінішті үш жұмыс күні ішінде қарайды.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Аумақтық органдар Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:
      1) осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;
      2) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы бары анықталған жағдайларда бас тартады.
      Бұл ретте отандық тасымалдаушыға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушы осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. 14-тармақта көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтінішті аумақтық орган өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;
      5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Осы Қағиданың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша ХҚО-на осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша ХҚО-на осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді және мыналарды ұсынады:
      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
      2) бүлініп қалған(зақымдалған ) жағдайда – бүлініп қалған немесе зақымдалған Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын.»;
      17 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын және оны МОИП орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Р. Скляр

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 904 бұйрығына      
1-қосымша         

Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыға
рұқсат беру қағидасына  
3-қосымша        

      нысан           
________________     
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
ӨТІНІШ

---------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе
заңды тұлғаның атауы)
      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру
куәлігін және рұқсат карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді өтінемін:

р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

















ЖСН/БСН _____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
____________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
      Мекенжайы____________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________         _______________________
    (қолы)                (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

Мөрдің орны:
20___ жылғы «____»__________
20___ жылғы «____» __________өтініш қарауға
қабылданды___________________________________________________________
              (Мемлекеттік органның жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 22 желтоқсандағы 
№ 904 бұйрығына       
2-қосымша         

Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат
беру қағидасына     
4-қосымша        

нысан           
________________      
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға

ӨТІНІШ

---------------------------------------------------------------------
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе
заңды тұлғаның атауы)
      Мынадай автокөлік құралдарына:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;
      5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажетінің
астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге
асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.

р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

















ЖСН/БСН
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
____________________________________________________________
(№ және қашан берілген)

Мекенжайы____________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)
Қоса берілетін
құжаттар:____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________          _______________________
      (қолы)              (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

Мөрдің орны:
20___ жылғы «____»__________
20___ жылғы «____» __________өтініш қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
  (Мемлекеттік органның жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)