Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7204 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

      төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)

      М.Т. Есенбаев ___________________

      2011 жылғы "___" _______________



  Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 523 бұйрығымен
бекітілді

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының

      2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       2. Қағидалар Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:

      1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);

      2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

      3-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін – Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);

      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

       4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлік комитетiнiң аумақтық органдарымен осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

      Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкімет веб-порталына жүгінеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Рұқсат етуді және Рұқсат ету карточкасын беру тәртібі

      5. Автокөлік құралына Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiштi;

      2) автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);

      3) тахографты кезеңдік тексеру (инспекцияның) туралы куәліктің көшірмесін;

      4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегенің растайтын құжатты ұсынады.

      Аумақтық органдар Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiштi үш жұмыс күні iшiнде қарайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       6. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алуға өтініш жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның тіркеу орындары бойынша аумақтық органдарға беріледі.

      7. Алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Аумақтық органдар Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету Аумақтық органдар Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;

      2) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы бары анықталған жағдайларда бас тартады.

      Бұл ретте отандық тасымалдаушыға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

       10. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушылар осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       11. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       12. Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралының мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.

      13. Рұқсат ету карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) бөлек ресімделеді.

3. Жаңа Рұқсат етуді және рұқсат ету карточкасын беру

      14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасы) және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;

      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;

      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);

      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;

      5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:

      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;

      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған Рұқсатты;

      3) Рұқсат немесе оның телнұсқасын берілгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуді растайтын құжат.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       16-1. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат ету карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:

      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;

      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған рұқсат карточкасын.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      17. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарынан басқа рұқсат ету карточкасы бар болуы туралы сұрау салу жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       19. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасының қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жеке кәсіпкердің қызметі таратылғанда немесе тоқтатылғанда;

      2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгергенде;

      3) автокөлік құралдарының жалға алу мерзімі өткенде.

      20. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы басқа отандық тасымалдаушыларға берілуге жатпайды.

4. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын есепке алу

      21. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады, типографиялық әдіспен дайындалған нөмірі, есептік сериясы, кемінде үш қорғау дәрежесі болады.

      22. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      23. Аумақтық органдар берілген Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасын есепке алуды жүзеге асырады.

  Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      __________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      № 00000000

халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ

      Тіркеу № ________ 20___ жылы ______________

      Куәлік иесі _________________________________________________________

      (ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны және заңды тұлғаның атауы

      немесе жеке кәсіпкердің атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – заңды мекенжайына

      _____________________________________________________________________

      жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      Осы Куәлік, оның иесіне халықаралық автомобильмен жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат берілгенін растайды.

      МО (бар болған кезде) _________________ _____________________________

      (мемлекеттік орган басшысының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған кезде))

  Халықаралық автомобиль жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

      ___________________________________

      (көліктік бақылау органын атауы)

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       ---------------------------------------------------------------------

      Алдыңғы жағы ---------------------------------------------------------------------

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ
(ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА)

      № 000000 сериясы

      ---------------------------------------------------------------------

      Басқа жағы

      ---------------------------------------------------------------------

      Тіркеу № 000000

      Рұқсатқа тіркелу куәлігіне № ____ от ________ 20 __ жыл

      Жарамды _____ ________ 20 __ жыл

      Жүк автомобилінің маркасы: ____________________________________

      Тіркелу белгісі № _____________________________________________

       Куәлік иесі: __________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ МО ____________________________________ _______________________

      (мем. орг. басшысының қолы) (Т.А.Ж.)

      ---------------------------------------------------------------------

      Ескертпе:

      Жолды толтыру кезінде "Жарамды" жалға алу шарты бойынша – оның қолданыс мерзімінің аяқталуы, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталуы қойылады. Рұқсат карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданыс мерзімінде сақталады.

  Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ___________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға

ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)._____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру

      куәлігін және рұқсат карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді өтінемін:

р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе


















      ЖСН/БСН _____________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      _____________________________________________________________________

      (№ және қашан берілген)

      Мекенжайы ___________________________________________________________

       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон,

      факс)

      Қоса берілетін

      құжаттар:____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________ _________________________________

       (қолы) (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

      Мөрдің орны:

      20 ___ жылғы "____" __________

      20 ___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік органның жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)

  Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша

      нысан

      __________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

       _____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;

      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;

      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);

      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;

      5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажетінің астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе


















      ЖСН/БСН

      _____________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы

      анықтама ____________________________________________________________

      (№ және қашан берілген)

      Мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________________ ____________________________________________

       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

       Мөрдің орны:

      20___ жылғы "____" __________

      20___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік органның жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған кезде), қолы)