«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі № 132-V Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 тіркелген, «Заң газетінде» 2011 жылғы 12 қазанда № 148 (2138) нөмірімен жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаcында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ХКО) не www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-портал арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары осы) Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бередi.
Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:
1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
2) www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы жүгінеді.»
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Автокөлiк құралына Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi;
2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);
3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмесiн (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы) ұсынады.
4). Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжатты.
Аумақтық органдар Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
11-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Қағиданың 14-тармаңында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасы) және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;
2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;
3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);
4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;
5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағиданың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған Рұқсатты;
3) Рұқсат немесе оның телнұсқасын берілгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуді растайтын құжат.»;
16-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«16-1. Осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат ету карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған рұқсат карточкасын.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның мемлекеттік органдар интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне көшірмесін ресми жариялауға жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамсыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев