Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2020 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Камалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)
М.Т. Есенбаев ___________________
2011 жылғы "___" _______________
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2020 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру тәртібін айқындайды.
1) жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);
2) жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.
2. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты–мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – қағаз тасығыштағы немесе электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
3) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – қағаз тасығышта немесе электрондық құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы);
2-тарау. Рұқсат және рұқсат карточкасын беру тәртібі
4. Рұқсатты және (немесе) рұқсат карточкасын ресімдеуді және беруді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамалар, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін аумақтық органдарға:
1) Мемлекеттік корпорация:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат беру куәлігін және(немесе) жаңа рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
автокөлік құралын жалға алу шартының көшірмесі (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәлік көшірмесі;
2) Портал:
порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
автокөлік құралын жалға алу шартының электрондық көшірмесі (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
тахографты мерзімдік тексеру (инспекция) туралы куәліктің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі, типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (болған жағдайда) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмесі) мәліметтердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Мемлекеттік корпорация қызметкері "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерді жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы 5-тармақтың екінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, баж сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алуға құжаттар келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініште және ұсынылған құжаттарда (көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі, типі, маркасы, моделі, оның шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (болған жағдайда) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмесі) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе осы Қағидалардың 11-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталда тексеруге болады .
Рұқсат және рұқсат беру карточкасының нысандары осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларда келтірілген.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
11. Аумақтық органдар мынадай негіздер бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруден бас тартады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін отандық тасымалдаушы (көрсетілетін қызметті алушы) ұсынатын құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) отандық тасымалдаушының (көрсетілетін қызметті алушының) және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) отандық тасымалдаушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым не көлік саласындағы уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйымның не көлік саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, әзірлеуші сот тәртібінде нәтижелерге шағымдалуы мүмкін.
13. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын алуға арналған өтінішті аумақтық орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.
14. Отандық тасымалдаушыға жаңа рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкалары:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;
2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;
3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған жағдайларда беріледі.
15. Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкалары:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде дара кәсіпкердің қызметі таратылған немесе тоқтатылған;
2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгерген;
3) автокөлік құралдарының жалға алу шартының мерзімі өткен.
4) автокөлік құралын мемлекеттік тіркеуден және есептен шығарған;
5) аумақтық органдар мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Көлік комитеті) тахографты мерзімдік тексеру (инспекция) туралы куәліктің жарамсыздығы, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде автокөлік құралы туралы мәліметтердің болмауы, жүк автомобильдерінің осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеуі туралы куәліктің жарамсыздығы туралы белгіленген жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде Рұқсаттың және (немесе) рұқсат беру карточкасының қолданысын тоқтатуды аумақтық орган және (немесе) көлік комитеті рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын алған дара кәсіпкерді және (немесе) заңды тұлғаны хабардар ете отырып, өтінімдерді электрондық беру жүйесінде олардың күшін жою жолымен жүзеге асырады.
16. Рұқсат беру және рұқсат беру карточкалары мерзімсіз болып табылады. Жалға алынған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі жалдау шартының мерзіміне байланысты айқындалады.
17. Рұқсат беру карточкалары әрбір автомобиль-тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) жеке ресімделеді.
18. Рұқсат беру және (немесе) рұқсат беру карточкалары басқа отандық тасымалдаушыларға берілмейді.
Автокөлік құралына қолданыстағы біреуден артық рұқсат беру карточкасының болуына жол берілмейді
19. Берілген Рұқсаттарды және (немесе) рұқсат беру карточкаларын есепке алу көлік дерекқорының ақпараттық талдау жүйесінде және тасымалдау қауіпсіздігі серпіні мониторингінде жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысаны
__________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) автокөлік құралына рұқсат карточкасын алуға өтініш
_________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
*Қағаз тасығышта ___ ( егер рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою).
* Электрондық тасығышта ____ (егер рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын электрондық тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою).
Мына автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру куәлігінің және (немесе) рұқсат карточкасының телнұсқасын беруіңізді сұраймын:
№ | Автокөлік құралының маркасы | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ | АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі | Ескертпе |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі БСН)
____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама
_________________________________________________________________________
№ және берілген күні)
Мекенжайы _____________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:___________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
___________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысаны
__________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат берудің жаңа куәлігін және (немесе) авто көлік құралына рұқсат карточкасын алуға өтініш
__________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) заңды тұлғаның атауы)
*Қағаз тасығышта ___ (егер рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою).
* Электрондық тасығышта ____ (егер рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын электрондық тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою).
Мынадай автокөлік құралдарына:
1) дара кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;
2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беруіңізді сұраймын.
(керегінің астын сызу)
№ | Автокөлік құралының маркасы | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ | АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі | Ескертпе |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама
_________________________________________________________________
(№ және берілген күні)
Мекенжайы __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
"Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: халықаралық автомобильмен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және (немесе) автокөлік құралына рұқсат карточкасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) Отандық тасымалдаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Тыныс–тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарланған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері \біріңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді. |
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ МЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ
Тіркеу №/Регистрационный 20___ жылғы"____"/№______ _______20__ года
Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения__________________________________________
__________________________________________________________________________
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан және (Заңды тұлғаның атауы немесе дара
кәсіпкердің атауы / организационно-правовая форма и наименование юридического
лица или наименование индивидуального предпринимателя)
Находящийся по адресу _____________________________________________________
_________________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан
(Заңды тұлға үшін - заңды мекен жайы, дара кәсіпкер үшін – тұрғылықты
мекенжайы/ для юридического лица - юридический адрес, для индивидуального
предпринимателя –адрес проживания)
Осы куәлік оның иесінің халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатын растайды.
Настоящее Удостоверение подтверждает допуск его владельца к осуществлению международных перевозок грузов автомобильным транспортом.
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано____________________________________________
__________________________________________________________________________
(Уәкілетті органның мекеменің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), берілген уақыты/ наименование уполномоченного органа, фамилия, имя,
отчество (при его наличии), дата выдачи)
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ) КАРТОЧКА ДОПУСКА НА АВТОТРАНСПОРТНОЕ СРЕДСТВО (МЕЖДУНАРОДНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ ГРУЗОВ)
Тіркеу №/ Регистрационный № ________________
Рұқсат беру куәлігін тіркеу / К Удостоверению допуска регистрационный № ___ 20 __ жылғы/ года _______
Жарамдылық мерзімі/ Действительна 20 __ жылғы: _____ _______20__ года
Жүк автокөлігінің маркасы/ Марка грузового автомобиля: __________________
Тіркеу белгісінің №/ Регистрационный знак № ____________________________
Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения:____________________________________
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________
(Уәкілетті органның атауы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген
уақыты/наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество
(при его наличии), дата, выдачи)
Ескертпе/ Примечания:
"____ дейін жарамды" жолын толтыру кезінде "Жарамды" жалға алу шарты бойынша, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталу күні қойылады–оның қолданыс мерзімінің аяқталуы. Рұқсат карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданылу кезеңінде сақталады
При заполнении строки "Действительна по:" проставляется дата окончания действия карточки допуска в случае использования грузового автомобиля по договору аренды - срок окончания его действия. Регистрационный номер Карточки допуска сохраняется на весь период действия Удостоверения.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-қосымша алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидаларына 6-қосымша |
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
(бұдан әрі – Т. А. Ә.) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)...
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________ _______________
Т. А. Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә._______________
Телефон_______________________
Алды: _______________________ _________________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
_____ жылғы "___" ______________