Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7204 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

      төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)

      М.Т. Есенбаев ___________________

      2011 жылғы "___" _______________




  Қазақстан Республикасы Көлік
  және коммуникация министрінің
  2011 жылғы 24 тамыздағы
  № 523 бұйрығымен
  бекітілді

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының

      2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:

      1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);

      2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

      3-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – қағаз немесе электронды құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);

      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – қағаз немесе электронды құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы);

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлік комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрі - аумақтық органдар) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

      Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкімет веб-порталына жүгінеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Рұқсат етуді және Рұқсат ету карточкасын беру тәртібі

      5. Автокөлік құралына Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат беру куәлігі және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiш;

      2) автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);

      3) тахографты кезеңдік тексеру (инспекцияның) туралы куәліктің көшірмесін;

      4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені және мемлекеттік бажды төлегенің растайтын құжатты беру.

      Отандық тасымалдаушы өтініштің және ұсынылған құжаттарының дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді (мемлекеттік тіркеу белгісі,түрі, маркасы, көлік құралының моделі және шыққан күні).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Аумақтық органдарымен рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу туралы өтінішін қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу туралы өтініші заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің аумақтық органдарымен тіркеу орны бойынша қарастырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Аумақтық органдар рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:

      1) отандық тасымалдаушылармен ұсынылған құжаттар немесе қамтылған деректер (мәліметтер) жалған болған жағдайда;

      2) осы Қағидаларда көзделген талаптарына сәйкес келмейтін отандық тасымалдаушы және (немесе) ұсынылған материалдар, деректер және мәліметтер.

      3) жүктерді (тасымалдау) қызметіне тыйым салу туралы тасымалдаушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі (үкім) болғаны негіздерде бас тартады.

      Отандық тасымалдаушыға рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы берілмеген жағдайда жазбаша түрде дәлелді жауабы ұсынылады.

      Отандық тасымалдаушыға дәлелді жауапты жолдау мерзімі өтінішті берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушылар осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс қарайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралының мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.

      13. Рұқсат ету карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) бөлек ресімделеді.

3. Жаңа Рұқсат етуді және рұқсат ету карточкасын беру

      14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасы) және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;

      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;

      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);

      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;

      5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:

      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;

      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған Рұқсатты;

      3) Рұқсат немесе оның телнұсқасын берілгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуді растайтын құжат.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      16-1. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат ету карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:

      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;

      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған рұқсат карточкасын.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      17. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасының қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жеке кәсіпкердің қызметі таратылғанда немесе тоқтатылғанда;

      2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгергенде;

      3) автокөлік құралдарының жалға алу мерзімі өткенде.

      20. Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы басқа отандық тасымалдаушыларға берілуге жатпайды.

      Автокөлік құралына қолданыстағы бір рұқсат карточкасынан артық болуы рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын есепке алу

      21. Қағаз нысанындағы рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады, типографиялық әдіспен дайындалған нөмірі, есептік сериясы, кемінде үш қорғау дәрежесі болады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      23. Аумақтық органдар берілген Рұқсат және рұқсат карточкасын есепке алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Рұқсат және рұқсат карточкасы есепке алудың тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі және көлік деректері ақпараттық-аналитикалық жүйесінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Халықаралық автомобильмен жүк
  тасымалдауды жүзеге асыруға
  автомобильмен тасымалдаушыларға
  рұқсат беру қағидаларына
  1-қосымша

      нысан

      __________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

      Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      № 00000000

халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Тіркеу № ________ 20___ жылы ______________

      Куәлік иесі _________________________________________________________

      (ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны және заңды тұлғаның атауы

      немесе жеке кәсіпкердің атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – заңды мекенжайына

      _____________________________________________________________________

      жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      Осы Куәлік, оның иесіне халықаралық автомобильмен жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат берілгенін растайды.

      МО (бар болған кезде) _________________ _____________________________

      (мемлекеттік орган басшысының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған кезде))


  Халықаралық автомобиль жүк
  тасымалдауды жүзеге асыруға
  автомобильмен тасымалдаушыларға
  рұқсат беру қағидаларына
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 38 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      ___________________________________

      (көліктік бақылау органын атауы)

      ---------------------------------------------------------------------

      Алдыңғы жағы ---------------------------------------------------------------------

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ
(ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА)

      № 000000 сериясы

      ---------------------------------------------------------------------

      Басқа жағы

      ---------------------------------------------------------------------

      Тіркеу № 000000

      Рұқсатқа тіркелу куәлігіне № ____ от ________ 20 __ жыл

      Жарамды _____ ________ 20 __ жыл

      Жүк автомобилінің маркасы: ____________________________________

      Тіркелу белгісі № _____________________________________________

      Куәлік иесі: __________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ МО ____________________________________ _______________________

      (мем. орг. басшысының қолы) (Т.А.Ж.)

      ---------------------------------------------------------------------

      Ескертпе:

      Жолды толтыру кезінде "Жарамды" жалға алу шарты бойынша – оның қолданыс мерзімінің аяқталуы, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталуы қойылады. Рұқсат карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданыс мерзімінде сақталады.


  Халықаралық автомобильмен
  жүк тасымалдауды жүзеге
  асыруға автомобильмен
  тасымалдаушыларға рұқсат беру
  қағидаларына
  3-қосымша


      нысан

      ____________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      Қағаз жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат

      карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).

      Электронды жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат

      карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).

      Мынадай автокөлік құралдарына:


Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе



















      ЖСН/БСН

      _____________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы

      анықтама_____________________________________________________________

      (№ және қашан берілген)

      Мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      Мөрдің орны:

      20___ жылғы "____" __________

      20___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік органның жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде), қолы)


  Халықаралық автомобильмен
  жүк тасымалдауды жүзеге
  асыруға автомобильмен
  тасымалдаушыларға рұқсат беру
  қағидаларына
  4-қосымша


      нысан

      __________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Жаңа Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға өтініш

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      _____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      немесе заңды тұлғаның атауы)

      Қағаз жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат

      карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).

      Электронды жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат

      карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;

      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;

      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);

      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;

      5) автокөлік құралын сатып алынған немесе жалға алынған (қажетінің астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.


Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе



















      ЖСН/БСН

      _____________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы

      анықтама_____________________________________________________________

      (№ және қашан берілген)

      Мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________ ________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      Мөрдің орны:

      ___ жылғы "____" __________

      20___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік органның жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде), қолы)