Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4815 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен 
Үкіметі актілерінің жинағында және  
республикалық баспасөзде       
жариялануға тиіс           

      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 30, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:
      "жыл сайынғы" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін "екі жылда бір рет берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды олар берілетін жылғы республикалық бюджетте көздесін;";

      4) тармақшадағы "жыл сайын" деген сөздер "екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті