Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
08.06.2006 ж.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қор активтерінің сақталуы;
2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді.
3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.
4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Қағидалардың ережелерін жылына кемінде бір рет талқылайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2-тарау. Негізгі ұғымдар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі.
6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта.
7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады.
8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш.
9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error).
10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Кредиттік рейтинг – борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін көрсеткіші.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі.
15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде).
16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар.
16-1. Туынды құралдар – форвард, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің қиыстырылуынан тұратын басқа да операциялар.
Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.
Ескерту. Ереже 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Жинақ портфелі – бұл мақсаты тәуекел деңгейі тиісті болған кезде ұзақ мерзімді болашақта сақтау және кірістілікті қамтамасыз ету болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен18. Тұрақтандыру портфелі – бұл мақсаты активтер өтімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету болып табылатын портфель.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Портфельді валютаға қарсы хеджирлеу - портфельдің нарықтық құнының осы валютаның айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
24. Эталондық портфель - стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар жинағы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде өлшем болып табылады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары, не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.25. Дербес басқару - Ұлттық Банк басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
26. Сыртқы басқару - Ұлттық қордың сыртқы басқарушылары басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы.
Ескерту. Ереже 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26-2. Өтпелі кезең – 2017 жылдан бастап, жинақ портфелін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге өту жүзеге асыралатын ұзақтығы 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі кезең.
Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен26-3. Өту жоспары – Ұлттық Банктің Өтпелі кезең ішінде жинақ портфелінің активтерін жаңа стратегиялық бөлуге келтіруге бағытталған жүйелі іс-қимылдарының қатары.
Ескерту. Қағида 26-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен26-4. EVА-ға (Enter Value Averaging) кіру мәндерін орташа мәнге келтіру стратегиясы – өту жоспарына сәйкес белгілі бір график бойынша активтерді алдын ала есептелген салмақтарға келтіру жүргізілетін активтерді қайта бөлу стратегиясы.
Ескерту. Қағида 26-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3-тарау. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне, жинақ портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Тұрақтандыру портфелінің ең жоғарғы мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер жылдың қорытындысы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларынан асып кетсе, асып кеткен сомадан кем емес мөлшердегі қаражат 1 (бір) тоқсан ішінде тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне ауыстырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен29. Қаражат жетпеген жағдайда республикалық бюджетке Қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді алуды қамтамасыз ету үшін активтердің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аудару жүргізіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі Өкілетті өкілдің тапсырмасымен ғана осы Қағидалардың шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесімен бекітіледі.
Осы Қағидаларда көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтік және сол сияқты пассивтік басқару қолданылады.
Ескерту. Ереже 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).33. Репо және кері репо операциялары А-1 (Standard&Poor's)/P1(Moody's) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- (Standard & Poor's)/A3 (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылуға тиіс. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету нарықтық құны операция сомасының кемінде 100 (жүз) пайызын құрайтын, ең төменгі кредиттік рейтингі A+(Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес бағалы қағаздар болуға тиіс.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/(P1 Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі осы Қағидалардың 56-4 тармағында көзделген.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен35. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асыруға болады.
35-1. Валютамен операциялар, осы Қағидалардың 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жинақ және тұрақтандыру портфельдерінің эталондық портфеліне кіретін елдердің валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледі.
Ескерту. 35-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен35-2. Қолма-қол ақшаның қалдықтарын инвестициялау АААm - Standart & Роог's рейтингі бар ақша нарығының қорларына немесе Ааа - Мооdу's немесе АААm - Standart & Рооr's немесе Ааа - Мооdу's рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.35-3. "Жаппай активтік акциялар" және "Активтерді жаппай тактикалық бөлу" мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 35-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі болмаған жағдайда мемлекеттік бағалы қағазға кредиттік рейтинг берілгенге дейін эмитент-елдің тәуелсіз рейтингі қолданылады.
Ескерту. 35-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен4-тарау. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
36. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі болып табылады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Тұрақтандыру портфелі кредиттік рейтингі А-(Standard&Poor’s)/A3 (Moody’s) төмен емес елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен38. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде А1+ - Standard & Poor's/P1 - Moody's төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері және АА - Standard & Poor's/Aа2 - Moody's төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болуы тиіс.
40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан жоғары болмауы тиіс.
41. Тұрақтандыру портфелінің дюрациясы 1 (бір) көрсеткішінен аспауы тиіс.
42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беруге болады.
43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестициялануы мүмкін.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.5-тарау. Жинақ портфелінің өлшемдері
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1-параграф. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
44. Жинақ портфелі кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфеліне, акциялар портфеліне және баламалы құралдар портфеліне бөлінеді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен45. алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
46. Мыналар:
1) 35 (отыз бес) пайыз – дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларын;
15 (он бес) пайыз – дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларын;
10 (он) пайыз – корпоративтік облигацияларды қоса алғанда, 60 (алпыс) пайыз облигациялар;
2) 35 (отыз бес) пайыз – акциялар;
3) 5 (бес) пайызға дейін – баламалы құралдар деп бөлу жинақ портфелінің активтерін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін нысаналы стратегиялық бөлу болып табылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен47. алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1-1-параграф. Өтпелі кезеңнің жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
Ескерту. Қағида 1-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
47-1. Жинақ портфелінің активтерін жаңа стратегиялық бөлуге өту осы Қағидаларға өтпелі кезең ішінде тиісті өзгерістер енгізіле отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің құрамындағы портфельдердің нысаналы үлестерін әр жылдың соңында бөлуден тұратын өту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
47-2. Нарық конъюнктурасы қолайсыз болған немесе жинақ портфелінің инфрақұрылымын дайындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда өту жоспарынан ауытқуға рұқсат беріледі.
47-3. Тоқсан сайынғы өзгерістерді қоса алғанда, өту жоспарын іске асыру EVA-ға (Enter Value Averaging) кіру мәндерін орташа мәнге келтіру стратегиясына негізделеді.
47-4. Өту жоспарының 2017 жылға жоспарланған бірінші кезеңі 2017 жылғы төртінші тоқсанның ішінде жүзеге асырылады.
2-параграф. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар (дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары) портфелінің өлшемдері
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:
Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 55 (елу бес) пайыз;
Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 15 (он бес) пайыз;
Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың индекстерінен тұратын облигацияларының композиттік индексі жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелі үшін эталондық портфель болып саналады.
Осы индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы ай сайын өзгереді. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінде болуы тиіс.
50. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен50-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.51. Бағалы қағаздың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/Baa2 (Moody’s). Жинақ портфелін жеке басқарушының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor's/Moody’s) бойынша лимиттер белгіленеді.
Ақша нарығының корпоративтік бағалы қағаздар эмитентінің ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтинг – А3(Standard&Poor's)/P3(Moody's).
Эталондық индекске кірмейтін елдердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's/Aa3(Moody's) және одан төмен мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең жоғары ауытқулар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Жылжымайтын мүлік (MBS) немесе активтер (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың кредиттік рейтингтері ААА-дан ВВВ-ге дейін (Standard&Poor's) немесе Aaа-дан Ваа2-ге дейін (Moody's) болады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен51-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар (дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары) портфелі кірістілігінің эталондық портфельдің кірістілігінен (tracking error) ауытқуының күтілетін өзгермелілігі 2 (екі) пайыз.
Ескерту. Қағида 51-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3-параграф. Акциялар портфелінің өлшемдері
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
52. Жинақ портфелінің акциялар пакеті (Global Equity) үшін MSCI World Index (MXWO) индексі - Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын, әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталондық портфель болып табылады. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі – акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфеліне немесе оның секторларындағы құрамдас бөліктерге негізделген индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ қолма-қол ақшаға инвестициялануы мүмкін.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Жинақ портфелінің акциялар портфелінің дербес басқарудағы активтері осы Қағидалардың 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және репо операцияларына инвестициялауға жол беріледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.
55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.55-2. Акциялар портфелі кірістілігінің эталондық портфельдің (tracking error) кірістілігінен ауытқуының күтілетін өзгермелілігі 3,75 (үш бүтін жүзден жетпіс бес) пайыз.
Ескерту. Қағида 55-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен56. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4-параграф. Балама құралдардың портфелі
Ескерту. Қағида 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
55-3. Балама құралдардың портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі АҚШ долларымен өлшенетін 80 (сексен) пайызы MSCI АCWI Investable Market Index индексінен және 20 (жиырма) пайызы Barclays Global Aggregate Bond Index индексінен тұратын эталондық портфельдің кірістілігі болып табылады.
Эталондық бөлуге қайта оралу осы эталондық портфельде күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.
Бұл ретте кірістіліктің ең төменгі деңгейі жылдық есептеуде АҚШ-тағы инфляция индексінің мәнін (US CPI) +3 (үш) пайызды құрайды.
55-4. Балама құралдар портфелінің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және Қор активтерін әртараптандыру болып табылады. Балама құралдары портфелінің мақсатына сәйкес оның тиімділігін бағалау 15 (он бес) жылдан асатын кезеңге жүзеге асырылады.
55-5. Балама құралдардың портфелін басқаруды "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) жүзеге асырады.
55-6. Балама құралдардың портфелінде инвестицияларды жүзеге асырған кезде Корпорация осы Қағидаларда белгіленген шектеулерді сақтайды.
55-7. Балама құралдар портфелінің активтері мынадай балама құралдарға:
1) хедж-қорларға;
2) жеке капиталға;
3) жылжымайтын мүлікке инвестицияларға;
4) инфрақұрылымдық инвестицияларға;
5) өтімді балама құралдарға инвестицияланады.
55-8. Балама құралдар портфелінің активтерін қорлардың қорларына (fund of funds) инвестициялауды жүзеге асыру үшін және қорларға тікелей инвестициялау жолымен берген кезде арнайы мақсаттағы (special purpose vehicle) компаниялардың акцияларын және үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға жол беріледі.
5-1-тарау. Алтын портфелінің өлшемдері
Ескерту. 5-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Ескерту. Ереже 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
56-1. Алтын портфелі құйма түрінде және металл шоттардағы ішкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тыс орналастырылатын) алтыннан тұрады.
56-2. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.
56-3. Алтын портфелінің көлемі аудару сәтінде Қордың көлемінен 5 (бес) пайыздан аспайды.
56-4. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қамтамасыз ету ретінде осы Қағидаларда инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.
Ескерту. 56-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен56-5. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.
56-6. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.
6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
57. Ұлттық Қордың сыртқы басқарушыларын таңдау тәртібін Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.
7-тарау. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
58. Ауқымды кастодианның ең төменгі кредиттік рейтингісі A (Standard&Poor’s)/А2 (Moody’s).
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).58-1. Кастодиан Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 42 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.59. Бір кастодианда клиенттердің активтері ең аз сомасы 3 (үш) триллион АҚШ долларына тең сақтауда болуы тиіс.
60. Кастодиан Ұлттық Банкке Қор активтерінің мониторинг жүйесін ұсынады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.61. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
62. Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30 N 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.8-тарау. Құрылымдық өнімдерді пайдалану
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдалануға болады.
63-1. Эмитент рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s)-тен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер шығарған құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.
Ескерту. 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.63-2. Ақша ағындары және/немесе негізгі өтеу сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 63-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болған жағдайда, оны сатып алуға жол беріледі.
Ескерту. 63-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.64. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
65. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
66. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
67. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
68. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
69. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9-тарау. Есептілік
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.10-тарау. Кредиттік тәуекел лимиттері
Ескерту. Ереже 10-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
72. Ұлттық Банк Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асырған кезде тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Қарсы әріптестерге арналған кредиттік тәуекел лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленеді.
73. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер қарсы әріптестердің кінәсінен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың кешігуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін, сондай-ақ туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша қарсы әріптестердің кредиттік рейтингісін осы Қағидаларда белгіленген деңгейден төмен төмендеткен жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы ұстанымдар мен мәмілелерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен74. Сыртқы басқаруға берілген активтермен операциялар ең аз кредиттік рейтингісі осы Қағидаларда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестермен жүзеге асырылады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысыменҚазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша |
Кредиттік рейтингтер
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Standard & Poor’s | Moody’s |
Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер | |
ААА | Ааа |
АА+ | Аа1 |
АА | Аа2 |
АА- | Аа3 |
А+ | А1 |
А | А2 |
А- | А3 |
BBB+ | Baa1 |
BBB | Baa2 |
Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер | |
А-1+, А-1 | Р-1 |
А-2 | Р-2 |
A-3 | Р-3 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі
Активтер түрі | Нарықтық құны* | |
Ең төменгі | Ең жоғарғы | |
Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық индекске кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары | 50% | 100% |
Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері | 0% | 50% |
Бір айға дейінгі депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат | 0% | 50% |
Туынды құралдар | 0% | 20% |
Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар (ECP) | 0% | 30% |
* туынды құралдар үшін олардың негізіндегі құралдардың
нарықтық құны алынады
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң және жинақ
портфелiнiң құрамындағы акциялар портфелiнiң нарықтық құнының
жол берiлетiн ауытқулары
Ең төмен | Ең жоғары | |
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар | 70 пайыз | 100 пайыз |
Акциялар | 0 пайыз | 30 пайыз |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 3-1-қосымша |
Өту жоспары
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Портфельдердің әр жылдың соңындағы жинақ портфелі құрамындағы нысаналы үлестері | |||||
Жыл | Облигациялар | Дамыған елдердің акция-лары | Балама құралдар | ||
Мемлекеттік | Корпоративтік | ||||
дамыған елдердің | дамушы елдердің | ||||
2017 | 75% | 23% және жоғары | шамамен 2% немесе шамамен 1 млрд. АҚШ доллары | ||
2018 | 62% | 5% | 3% | 26% және жоғары | шамамен 4% немесе шамамен 2 млрд. АҚШ доллары |
2019 | 49% | 10% | 6% | 31% және жоғары | шамамен 4% немесе шамамен 2 млрд. АҚШ доллары |
2020 | 35% | 15% | 10% | 35% және жоғары | 5%-ға дейін |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің секторлық бөлінуі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ең төменгі | Ең жоғары | |
Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелері | 60% | 100% |
Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері | 0% | 30% |
Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері | 0% | 40% |
Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат | 0% | 30% |
Туынды құралдар (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі) | 0% | 50% |
Құрылымдық өнімдер (MBS, ABS қоспағанда) | 0% | 30% |
Жылжымайтын мүлікке (MBS) және активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздар | 0% | 30% |
Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар (ECP) | 0% | 30% |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі
корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік
рейтингі (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздар | Ең төменгі | Ең жоғары |
BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 2%-дан аспауға тиіс) | 0% | 4% |
A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар | 0% | 8% |
А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар | 0% | 12% |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша |
Эталондық индекске кірмейтін елдердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең жоғары ауытқулар
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Активтердің түрі | Нарықтық құны | |
Ең төменгі | Ең жоғары | |
BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі BBB/Ваа2 | 0 % | 6 % |
ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін | 0 % | 9% |
ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін | 0 % | 18 % |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін валюталар кластары және түрлері бойынша бөлу
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 8-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры портфелінің құрамы
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 9-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелін басқару нәтижелерін талдау
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2518 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 6-19 желтоқсанда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4032 тіркелген).