Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
08.06.2006 ж.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі
N 65 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2518 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 6-19 желтоқсанда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4032 тіркелген).
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі
N 65 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 , "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі шарт туралы" 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қор активтерінің сақталуы;
2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді.
3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.
4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Ереженің қағидаларын жылына кемінде бір рет талқылайды.
2. Негізгі ұғымдар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі.
6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта.
7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады.
8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш.
9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error).
10. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - Merrill Lynch компаниясының мерзімі өтегенге алты айға дейінгі АҚШ қазынашылық вексельдерінен тұратын индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
11. MSCI World Index (MXWO) – әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын, Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын индекс. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30 N 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
12. Облигациялардың композиттік индексі – әлемнің дамыған елдерінің кірісі белгіленген бағалы қағаздары индекстерінің мынадай өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын индексі:
Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) – 30 (отыз) пайыз;
Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) – 26 (жиырма алты) пайыз;
Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) – 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) – 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Hong Kong Government Index, 1-5 Yrs (GVHK) – 3 (үш) пайыз;
Merrill Lynch Singapore Government Index, 1-5 Yrs (GVSP) – 2 (екі) пайыз;
Merrill Lynch Danish Governments, 1-5 Yrs (GVM0) – 2 (екі) пайыз;
Merrill Lynch Swedish Governments, 1-5 Yrs (GVW0) – 2 (екі) пайыз.
Осы индексте эталондық бөлуге қайтып келу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздар құрамы нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын ауысады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.03.2013 бастап туындайтын қатынастарға қолданылады).
13. Кредиттік рейтинг - қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің Standard and Poor’s Financial Services LLC (бұдан әрі – Standard & Poor’s) және Moody’s Investors Services (бұдан әрі – Moody’s) халықаралық рейтингілік агенттіктер беретін көрсеткіші. Кредиттік рейтингілер кестеде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелдің ұлғаюына қарай орналастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі.
15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде).
16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар.
16-1. Туынды құралдар – форвард, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің қиыстырылуынан тұратын басқа да операциялар.
Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Жинақ портфелі - бұл мақсаты активтердің кірістілігін ұзақ мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне түскен барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады.
18. Тұрақтандыру портфелі - бұл мақсаты активтердің өтімділігін қамтамасыз ету және кірістілігін қысқа мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель.
19. Құрылымдық өнім - әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы. Құрылымдық өнімді сатып алу бойынша операция осы өнімнің эмитенті болып табылатын компаниямен жасалады.
20. Жинақ портфелінің активтерін тактикалық бөлу (tactical asset allocation) - қаржы құралдарын, оның ішінде туынды қаржы құралдарын сатып алу және сату арқылы акциялардың және кірісі белгіленген бағалы қағаздардың үлесін өзгерту. Жинақ портфелінің активтерін тактикалық бөлу портфельдің эталондық портфельмен салыстырғандағы кірістілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
21. Портфельді валютаға қарсы хеджирлеу - портфельдің нарықтық құнының осы валютаның айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
24. Эталондық портфель - стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар жинағы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде өлшем болып табылады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары, не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
25. Дербес басқару - Ұлттық Банк басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
26. Сыртқы басқару - Ұлттық қордың сыртқы басқарушылары басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
3. Тұрақтандыру және жинақ портфельдерін басқару
жөніндегі жалпы стратегия
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Қор активтері тұрақтандыру және жинақ портфельдеріне бөлінеді.
28. Тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгемен ағымдағы шотындағы қаражаты ескеріле отырып тиісті жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекіткен ең жоғары айлық кепілдік берілген трансферттен аз болмайтын мөлшерде болуы тиіс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.04.30. N 49 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
29. Егер күнтізбелік айдың соңғы күні тұрақтандыру портфелі осы Ереженің 28-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, онда Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органның ай сайынғы хабарламасына сәйкес алдағы айға кепілдік берілген трансфертті аудару талап етілмеген жағдайда, Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.04.30. N 49 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі Өкілетті өкілдің тапсырмасымен ғана осы Ереженің шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесімен бекітіледі.
Осы Ережеде көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтік және сол сияқты пассивтік басқару қолданылады.
Ескерту. Ереже 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
33. Репо және кері репо операциялары А1 - Standard & Poor's/P1 - Moody's төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- - Standard & Poor's/A3 - Moody's төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылуы тиіс. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету ААА ең төменгі кредиттік рейтингі бар, нарықтық құны операция сомасының кем дегенде 100 (жүз) пайызын құрайтын бағалы қағаздар болуы тиіс.
34. Депозиттер (салымдар) A1 (Standard & Poor’s)/P1 (Moody’s)төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингісі және A (Standard & Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар банктерде ғана орналастырылуы мүмкін. Депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
35. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асыруға болады.
35-1. Валютамен операциялар, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жинақ және тұрақтандыру портфельдерінің эталондық портфеліне кіретін елдердің валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледі.
Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
35-2. Қолма-қол ақшаның қалдықтарын инвестициялау АААm - Standart & Роог's рейтингі бар ақша нарығының қорларына немесе Ааа - Мооdу's немесе АААm - Standart & Рооr's немесе Ааа - Мооdу's рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
35-3. «Жаппай активтік акциялар» және «Активтерді жаппай тактикалық бөлу» мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 35-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.
4. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36. Тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі деп осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген индекс құрамы саналады.
37. Тұрақтандыру портфелі АА - Standard & Poor's/ Aа2 - Moody's төмен емес кредиттік рейтингі бар елдердің ақша нарығының өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.
38. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлу осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде А1+ - Standard & Poor's/P1 - Moody's төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері және АА - Standard & Poor's/Aа2 - Moody's төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болуы тиіс.
40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан жоғары болмауы тиіс.
41. Тұрақтандыру портфелінің дюрациясы 1 (бір) көрсеткішінен аспауы тиіс.
42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беруге болады.
43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестициялануы мүмкін.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Жинақ портфелінің өлшемдері
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
44. Жинақ портфелі кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфеліне және акциялар портфеліне бөлінеді.
45. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің нарықтық құнының және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің жол берілетін ауытқулары осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес айқындалады.
46. Жинақ портфеліне арналған эталондық портфель деп:
1) 80 (сексен) пайыз облигациялардың композиттік индексінен)
және
2) MSCI World Index индексінің 20 (пайызы).
Осы индексте эталондық бөлуге қайтару күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.
Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз), 2011.09.30 N 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
47. Жинақ портфелінің кірістілігі ауытқуының эталондық портфель кірістілігінен күтілетін өзгермелілігі (tracking error) 2 (екі) пайыздан аспауы тиіс. Нарық жағдайында, осы Ереженің 46-тармағында көрсетілген эталондық портфельден ауытқу 10 (он) пайыздан астам болған кезде, жинақ портфелінің кірістілігі ауытқуының өзгермелілік көрсеткіші Қордың Уәкілетті өкілінің рұқсатымен 2 (екі) пайыздан асуы мүмкін.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2. Жинақ портфелінің кірісі белгіленген
бағалы қағаздар портфелінің өлшемдері
48. Жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфеліне арналған эталондық портфелі деп осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген индекс құрамы есептеледі.
49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінде болуы тиіс.
50. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің секторлық бөлінуі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
50-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.
51. Бағалы қағаздың корпоративтік эмитентінің ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі - BBB (Standard & Poor's)/Baa2 (Moody's). Жинақ портфелінің жеке басқарушының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша лимиттер осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Ақша нарығының корпоративтік бағалы қағаздарының ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингісі – А2 (Standard & Poor’s)/P3 (Moody’s).
Эталондық портфельге кірмейтін АА-(Standard & Poor's)/Aa3(Moody's) және одан да төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфельдегі әрбір валютаға қатысты ең жоғарғы ауытқу осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Жылжымайтын мүлікке (MBS) немесе активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың кредиттік рейтингтері ААА-дан ВВВ - Standard & Poor's дейін немесе Ааа Ваа2 - Moody's дейін болуы тиіс.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Жинақ портфелі акциялар портфелінің өлшемдері
52. Жинақ портфелінің акциялар портфеліне арналған эталондық портфелі деп осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген индекс құрамы саналады.
53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі – акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфеліне немесе оның секторларындағы құрамдас бөліктерге негізделген индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ қолма-қол ақшаға инвестициялануы мүмкін.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
54. Жинақ портфелінің акциялар портфелінің дербес басқарудағы активтері осы Ереженің 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және репо операцияларына инвестициялауға жол беріледі .
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.
55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.
56. алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
6. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
57. Ұлттық Қордың сыртқы басқарушыларын таңдау тәртібін Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.
7. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
58. Ауқымды кастодианның ең төменгі кредиттік рейтингісі A (Standard&Poor’s)/А2 (Moody’s).
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
58-1. Кастодиан Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 42 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
59. Бір кастодианда клиенттердің активтері ең аз сомасы 3 (үш) триллион АҚШ долларына тең сақтауда болуы тиіс.
60. Кастодиан Ұлттық Банкке активтердің нақты уақыт режиміндегі мониторингі және Қор активтері көрсеткіштерінің осы Ережеге сәйкестігін тексеруге арналған жүйені ұсынады.
61. алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
62. Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30 N 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
8. Құрылымдық өнімдерді пайдалану
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдалануға болады.
64. Құрылымдық өнімді сатып алу туралы шешімді Қордың Өкілетті өкілі қабылдайды.
65. Егер құрылымдық өнім қарсы әріптестің know-how болып табылса, Ұлттық Банк осы құрылымдық өнім бойынша басқа қарсы әріптестерден баға талаптарын сұратпайды.
66. Егер құрылымдық өнім Ұлттық Банктің сұратуы бойынша құрылған болса (request for proposal негізінде), Ұлттық Банк құрылымдық өнім бойынша баға белгілеулерді кемінде екі қарсы әріптестен сұратады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк мәмілелерді ең жақсы шарттар бойынша жүзеге асырады.
67. Егер құрылымдық өнімнің эмитенті әрбір айдың соңғы жұмыс күніне неғұрлым жиірек негізде нарықтық құнның бағасын (Bid бағасы) ұсынуға өзіне міндеттеме алған жағдайда ғана құрылымдық өнімді сатып алуға рұқсат етіледі.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
68. Құрылымдық өнімді, егер ықтимал айыппұл санкцияларын ескере отырып бұл өнімді кез келген уақытта эмитентке нарықтық құны бойынша сатуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана сатып алуға рұқсат етіледі.
69. Құрылымдық өнімнің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі А- (Standard & Poor’s) немесе А3 (Moody’s) төмен болмауы, ал қысқа мерзімдісі – А-1 (Standard & Poor’s) немесе Р-1 (Moody’s) төмен болмауы тиіс.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-ке, ABS-ке және агенттіктер, халықаралық қаржы ұйымдары және банктер эмиссиялайтын ААА ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар құрылымдық өнімдерге қолданылмайды.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
9. Есептілік
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулыcымен.
10. Кредиттік тәуекел лимиттері
Ескерту. Ереже 10-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
72. Ұлттық Банк Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асырған кезде тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Қарсы әріптестерге арналған кредиттік тәуекел лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленеді.
73. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер қарсы әріптестердің кінәсінен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың кешігуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін, сондай-ақ туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша қарсы әріптестердің кредиттік рейтингісін осы Ережеде белгіленген деңгейден төмен төмендеткен жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы ұстанымдар мен мәмілелерді осы Ереженің талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.
74. Сыртқы басқаруға берілген активтермен операциялар ең аз кредиттік рейтингісі осы Ережеде белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестермен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша
Кредиттік рейтингтер
Standard & Poor's |
Moody's |
Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер |
|
ААА |
Ааа |
АА+ |
Аа1 |
АА |
Аа2 |
АА- |
Аа3 |
А+ |
А1 |
А |
А2 |
А- |
А3 |
BBB+ |
Baa1 |
BBB |
Baa2 |
Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер |
|
А-1+ |
Р-1 |
А-1 |
Р-2 |
A-2 |
Р-3 |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 2-қосымша
Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі
Активтер түрі |
Нарықтық құны* |
|
Ең төменгі |
Ең жоғарғы |
|
Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық индекске кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары |
50% |
100% |
Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері |
0% |
50% |
Бір айға дейінгі депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат |
0% |
50% |
Туынды құралдар |
0% |
20% |
Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар (ECP) |
0% |
30% |
* туынды құралдар үшін олардың негізіндегі құралдардың
нарықтық құны алынады
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң және жинақ
портфелiнiң құрамындағы акциялар портфелiнiң нарықтық құнының
жол берiлетiн ауытқулары
Ең төмен |
Ең жоғары |
|
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар |
70 пайыз |
100 пайыз |
Акциялар |
0 пайыз |
30 пайыз |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң секторлық
бөлiнуi
Ең төмен |
Ең жоғары |
|
Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесi жұмыс күнi қайтару мүмкiндiгiмен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кiретiн елдердiң мемлекеттiк (тәуелсіз) және агенттiк борыштық мiндеттемелерi |
60% |
100% |
Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері |
0% |
30% |
Эталондық портфельге кiрмейтiн елдердiң мемлекеттiк (тәуелсіз) борыштық мiндеттемелерi, агенттiк борыштық мiндеттемелерi |
0% |
40% |
Депозиттер (салымдар), оның iшiнде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат |
0% |
30% |
Туынды құралдар (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледi) |
0% |
50% |
Құрылымдық өнiмдер (MBS, ABS қоспағанда)* |
0% |
10% |
Жылжымайтын мүлiкке (MBS) және активтерге (ABS) кепiлге салынған бағалы қағаздар |
0% |
30% |
Корпоративтiк және коммерциялық бағалы қағаздар (ECP) |
0% |
30% |
* Ұлттық Қордың Өкілетті өкілінің рұқсатымен.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 5-қосымша
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі
корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік
рейтинг бойынша лимиттер
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздар |
Ең төменгі |
Ең жоғарғы |
BBB бастап A- (қоспағанда) дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар |
0% |
2% |
A- бастап A+ (қоспағанда) дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар |
0% |
4% |
А+ бастап AA- (қоспағанда) дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар |
0% |
6% |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 6-қосымша
АА-(Standard & Poor's)/Aa3(Moody's) ұзақ мерзімді және
одан төмен кредиттік рейтингі бар эталондық портфельге
кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне
арналған жинақ портфельдегі әрбір валюта бөлігіндегі
ең жоғарғы ауытқулар
Активтердің түрі |
Нарықтық құны |
|
Ең төменгі |
Ең жоғарғы |
|
ВВВ/Baa бастап, қоса алғанда BBB+/Baa1 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері |
0% |
3% |
А-/А3 бастап, қоса алғанда А/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері |
0% |
6% |
А+/А1 бастап, қоса алғанда АА-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері |
0% |
9% |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
валюталар кластары және түрлері бойынша бөлу
______________________
(күні)
Тұрақтандыру портфелі |
Жинақ портфелі |
|||
АҚШ долларымен нарықтық құны |
% |
АҚШ долларымен нарықтық құны |
% |
|
Акциялар |
||||
USD |
||||
Барлық акция |
||||
Облигациялар |
||||
Мемлекеттік бағалы қағаздар |
||||
Барлығы |
||||
Халықаралық қаржы ұйымдары |
||||
Барлығы |
||||
Агенттік бағалы қағаздар |
||||
Барлығы |
||||
Корпоративтік облигациялар |
||||
Барлығы |
||||
MBS, ABS |
||||
Барлығы |
||||
Барлық облигация |
||||
Туынды қаржы құралдары |
||||
USD |
||||
Барлық туынды қаржы құралдары |
||||
Құрылымдық өнімдер |
||||
USD |
||||
Барлық құрылымдық өнімдер |
||||
Ақша және олардың баламалары |
||||
Ақша |
||||
Барлығы |
||||
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
||||
Барлығы |
||||
Барлық ақша және оның баламалары |
||||
Жиынтығы |
Өкілетті өкіл ______________ Аты-жөні
қолы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 8-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры портфелінің құрамы
________________________
(күні)
Құралдың түрі |
АҚШ долларымен нарықтық құны |
1. Тұрақтандыру портфелі |
|
... |
|
Тұрақтандыру портфелі бойынша жиынтығы |
|
2. Жинақ портфелі |
|
1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар |
|
... |
|
2. Акциялар |
|
... |
|
3. Туынды құралдар |
|
... |
|
4. Құрылымдық өнімдер |
|
... |
|
Жинақ портфелі бойынша жиынтығы |
|
Жиынтығы: |
Өкілетті өкіл ______________ Аты-жөні
қолы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
портфелін басқару нәтижелерін талдау
_____________бастап қоса алғанда _____________ дейін
Жинақ портфелінің эталондық портфелі _______________
Тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі _______
Доллармен нарықтық құны |
Доллармен кірістілік |
Дюрация |
Tracking error |
||||
Портфель |
Эталондық портфель |
Портфель |
Эталондық портфель |
Портфель |
Эталондық портфель |
||
1. Тұрақтандыру портфелі |
|||||||
2. Жинақ |
|||||||
белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар |
|||||||
акциялар |
|||||||
Активтерді жалпы тактикалық бөлу |
|||||||
Жиынтығы |
Өкілетті өкіл ______________ Аты-жөні
қолы