Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 қарашада № 7304 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. MSCI World Index (MXWO) – әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын, Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын индекс. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.
      12. Облигациялардың композиттік индексі – әлемнің дамыған елдерінің кірісі белгіленген бағалы қағаздары индекстерінің мынадай өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын индексі:
      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (отыз) пайыз;
      Merrill Lynch EMU Direct Governments, AAA-АА Rated, 1-5 Yrs (EG6V) - 35 (отыз бес) пайыз;
      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз.
      Осы индексте эталондық бөлуге қайтып келу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздар құрамы нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын ауысады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.»;
      46-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) MSCI World Index индексінің 20 (пайызы).»;
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                 Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ____________ Б.Жәмішев
      2011 жылғы 1 қараша