Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2010 жылғы 21 мамырдағы N 42 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6322 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертуі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      12-тармақтың үшінші абзацында «1-10 Yrs (EG05)» деген әріптер және цифрлар «AAA-AA Rated, 1-10 Yrs (EG65)» деген әріптермен, сөзбен және цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:
      «58-1. Кастодиан Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі.».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағы үшінші абзацының күші 2010 жылғы 21 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.)
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, өкілдігіне және ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Жәмішев
      2010 жылғы 16 маусым