Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4361.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      08.06.2006 ж.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі
N 65 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) Қор активтерінің сақталуы;

      2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

      3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

      Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді.

      3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.

      4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Қағидалардың ережелерін жылына кемінде бір рет талқылайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2-тарау. Негізгі ұғымдар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі.

      6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта.

      7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады.

      8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш.

      9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error).

      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Кредиттік рейтинг – борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін көрсеткіші.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі.

      15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде).

      16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар.

      16-1. Туынды құралдар – форвард, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің қиыстырылуынан тұратын басқа да операциялар.

      Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.

      Ескерту. Ереже 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Жинақ портфелі – бұл мақсаты тәуекел деңгейі тиісті болған кезде ұзақ мерзімді болашақта сақтау және кірістілікті қамтамасыз ету болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      18. Тұрақтандыру портфелі – бұл мақсаты активтер өтімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету болып табылатын портфель.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Портфельді валютаға қарсы хеджирлеу - портфельдің нарықтық құнының осы валютаның айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

      22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.

      23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.

      24. Эталондық портфель - стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар жинағы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде өлшем болып табылады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары, не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      25. Дербес басқару - Ұлттық Банк басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.

      26. Сыртқы басқару - Ұлттық қордың сыртқы басқарушылары басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.

      26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы.

      Ескерту. Ереже 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-2. Өтпелі кезең – 2017 жылдан бастап, жинақ портфелін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге өту жүзеге асыралатын ұзақтығы 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі кезең.

      Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      26-3. Өту жоспары – Ұлттық Банктің Өтпелі кезең ішінде жинақ портфелінің активтерін жаңа стратегиялық бөлуге келтіруге бағытталған жүйелі іс-қимылдарының қатары.

      Ескерту. Қағида 26-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      26-4. EVА-ға (Enter Value Averaging) кіру мәндерін орташа мәнге келтіру стратегиясы – өту жоспарына сәйкес белгілі бір график бойынша активтерді алдын ала есептелген салмақтарға келтіру жүргізілетін активтерді қайта бөлу стратегиясы.

      Ескерту. Қағида 26-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

3-тарау. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне, жинақ портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Тұрақтандыру портфелінің ең жоғарғы мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер жылдың қорытындысы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларынан асып кетсе, асып кеткен сомадан кем емес мөлшердегі қаражат 1 (бір) тоқсан ішінде тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне ауыстырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      29. Қаражат жетпеген жағдайда республикалық бюджетке Қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді алуды қамтамасыз ету үшін активтердің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аудару жүргізіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі Өкілетті өкілдің тапсырмасымен ғана осы Қағидалардың шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесімен бекітіледі.

      Осы Қағидаларда көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтік және сол сияқты пассивтік басқару қолданылады.

      Ескерту. Ереже 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Репо және кері репо операциялары А-1 (Standard&Poor's)/P1(Moody's) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- (Standard & Poor's)/A3 (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылуға тиіс. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету нарықтық құны операция сомасының кемінде 100 (жүз) пайызын құрайтын, ең төменгі кредиттік рейтингі A+(Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес бағалы қағаздар болуға тиіс.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/(P1 Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі осы Қағидалардың 56-4 тармағында көзделген.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      35. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асыруға болады.

      35-1. Валютамен операциялар, осы Қағидалардың 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жинақ және тұрақтандыру портфельдерінің эталондық портфеліне кіретін елдердің валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледі.

      Ескерту. 35-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      35-2. Қолма-қол ақшаның қалдықтарын инвестициялау АААm - Standart & Роог's рейтингі бар ақша нарығының қорларына немесе Ааа - Мооdу's немесе АААm - Standart & Рооr's немесе Ааа - Мооdу's рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.01.28 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      35-3. "Жаппай активтік акциялар" және "Активтерді жаппай тактикалық бөлу" мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 35-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі болмаған жағдайда мемлекеттік бағалы қағазға кредиттік рейтинг берілгенге дейін эмитент-елдің тәуелсіз рейтингі қолданылады.

      Ескерту. 35-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      35-5. Қор активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында осы Қағидалардың 8-1-тарауына сәйкес бағалы қағаздарды кепілмен қарызға беру бойынша операцияларды (securities lending) жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

      Ескерту. 3-тарау 35-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      36. ICE BofAML US 6-Month Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс алты айға дейінгі өтеу мерзімі бар АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын ICE Data Indices компаниясының индексі болып табылады.

      Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Тұрақтандыру портфелі кредиттік рейтингі А-(Standard&Poor’s)/A3 (Moody’s) төмен емес елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      38. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде АА (Standard&Poor’s)/ Aа2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болады.

      Тұрақтандыру портфеліндегі коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың А-1 (Standard&Poor’s) / P-1 (Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері болады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан жоғары болмауы тиіс.

      41. Тұрақтандыру портфелінің дюрациясы 1 (бір) көрсеткішінен аспауы тиіс.

      42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беруге болады.

      43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестициялануы мүмкін.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

5-тарау. Жинақ портфелінің өлшемдері

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-параграф. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      44. Жинақ портфелі облигациялар портфеліне, акциялар портфеліне және баламалы құралдар портфеліне бөлінеді.

      Облигациялар портфелі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен және корпоративтік облигациялар портфелінен тұрады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44-1. Облигациялар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялауды Қордың активтерін сыртқы басқарушылар жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-параграф 44-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      45. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      46. Мыналар:

      1) 35 (отыз бес) пайыз – дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларын;

      15 (он бес) пайыз – дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларын;

      10 (он) пайыз – корпоративтік облигацияларды қоса алғанда, 60 (алпыс) пайыз облигациялар;

      2) 35 (отыз бес) пайыз – акциялар;

      3) 5 (бес) пайызға дейін – баламалы құралдар деп бөлу жинақ портфелінің активтерін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін нысаналы стратегиялық бөлу болып табылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-1-параграф. Өтпелі кезеңнің жинақ портфелінің негізгі өлшемдері

      Ескерту. Қағида 1-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      47-1. Жинақ портфелінің активтерін жаңа стратегиялық бөлуге өту осы Қағидаларға өтпелі кезең ішінде тиісті өзгерістер енгізіле отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің құрамындағы портфельдердің нысаналы үлестерін әр жылдың соңында бөлуден тұратын өту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      47-2. Нарық конъюнктурасы қолайсыз болған немесе жинақ портфелінің инфрақұрылымын дайындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда өту жоспарынан ауытқуға рұқсат беріледі.

      47-3. Тоқсан сайынғы өзгерістерді қоса алғанда, өту жоспарын іске асыру EVA-ға (Enter Value Averaging) кіру мәндерін орташа мәнге келтіру стратегиясына негізделеді.

      47-4. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфель әлемнің дамыған елдері облигацияларының өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың мынадай индекстерінен тұратын композиттік индексі болып табылады:

      ICE BofAML 1-5 Year US Treasury Index (GVQ0) – 55 (елу бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year German, France, Netherlands, Austria, Luxemburg & Finland Government Index (EVDF) – 15 (он бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year UK Gilt Index (GVL0) – 10 (он) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Japan Government Index (GVY0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Australia Government Index (GVT0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Canada Government Index (GVC0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year South Korean Government Index (GSKV) – 5 (бес) пайыз.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексіндегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.

      Бағалы қағаздардың дамыған елдер облигацияларының композиттік индексіндегі құрамы ай сайын өзгереді.

      Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінде болуы тиіс.

      50. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      50-1. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Бағалы қағаздардың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/ Baa2 (Moody’s).

      Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфеліндегі жеке басқарушы портфельдегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor's/Moody's) бойынша лимиттер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А-3 (Standard&Poor’s)/ P-3 (Moody’s).

      Эталондық портфелге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің, агенттік борыштық міндеттемелердің, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципальды борыштық міндеттемелердің, АА- (Standard&Poor's)/ Aa3 (Moody's) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің ең көп ауытқулары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Муниципалды борыштық міндеттемелер мемлекеттік кепілмен қамтамасыз етіледі.

      Жылжымайтын мүлікке кепілдікке берілген бағалы қағаздар (MBS) және активтерге кепілдікке берілген бағалы қағаздар (ABS) ААА-дан ВВВ-ға дейін (Standard&Poor’s) немесе Ааа-дан Ваа2-ға дейін (Moody’s) кредиттік рейтингтері бар.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51-1. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің эталондық портфельдің кірістілігінен (ex-ante tracking error) ауытқуының күтілетін өзгермелілігі – 2 (екі) пайыз.

      Ескерту. Қағида 51-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-1-параграф. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері

      Ескерту. 5-тарау 2-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51-2. Экспортта мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдердің облигацияларын алып тастайтын ICE BofAML Q34A Custom Index индексі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.

      51-3. Экспорттағы мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдің облигациялар индексінің құрамынан алып тастауды кемінде жылына бір рет Ұлттық Банк жүзеге асырады.

      51-4. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі активтерінің ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/ Ва2 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтинг агенттіктерінің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің активтері үшін екі және одан астам кредиттік рейтинг болған кезде ең аз кредиттік рейтинг олардың ең азы ретінде айқындалады.

      Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ актив бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде берілген актив бойынша позицияларды жедел жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      51-5. Эталондық портфельге кіретін эмитенттің бір елінің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды.

      51-6. Эталондық портфельге кірмейтін эмитенттің бір елінің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.

      51-7. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 пайыз шегінен аспайды.

      51-8. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      51-9. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің күтулі өзгергіштігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын ескере отырып, әр айдың соңғы жұмыс күні жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеулер асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жояды.

2-2-параграф. Корпоративтік облигациялар портфелінің өлшемдері

      Ескерту. 5-тарау 2-2-параграфпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51-10. Корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфель ICE BofAML Q35A Custom Index индексі болып табылады.

      51-11. Корпоративтік облигациялардың портфелі активтерінің ең аз кредиттік рейтингі ВВВ- (Standard&Poor's) / Ваа3 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Корпоративтік облигациялар портфелінің активтері үшін екі және одан көп кредиттік рейтинг болған жағдайда ең төмен кредиттік рейтинг олардың ең төменгісі болып белгіленеді.

      Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ актив бойынша ең төмен кредиттік рейтинг мәні төмендеген күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде берілген актив бойынша позицияларды жедел жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      51-12. Корпоративтік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфельдің дюрациясынан +30/-40 пайыз шегінен аспайды.

      51-13. Корпоративтік облигациялар портфелін секторлық бөлу осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      51-14. Корпоративтік облигациялар портфелінің кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын ескере отырып, әр айдың соңғы жұмыс күніне жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеуден асқан жағдайда, Ұлттық Банк оны асыру күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жояды.

3-параграф. Акциялар портфелінің өлшемдері

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      52. Акциялар портфелі үшін эталондық портфель Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын мамандандырылған индекс - MSCI World ex Sweden Index болып табылады.

      Күн сайын есептелетін кірістілік көрсеткіші салықтарды есепке алмағанда, дивидендтерді қайта инвестициялауды есепке ала отырып, индекс кірістілігі болып табылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі – акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфеліне немесе оның секторларындағы құрамдас бөліктерге негізделген индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ қолма-қол ақшаға инвестициялануы мүмкін.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 161 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Жинақ портфелінің акциялар портфелінің дербес басқарудағы активтері осы Қағидалардың 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және репо операцияларына инвестициялауға жол беріледі.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.

      55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      55-2. Акциялар портфелі кірістілігінің эталондық портфельдің (tracking error) кірістілігінен ауытқуының күтілетін өзгермелілігі 3,75 (үш бүтін жүзден жетпіс бес) пайыз.

      Ескерту. Қағида 55-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      56. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4-параграф. Баламалы құралдар портфелі

      Ескерту. Қағида 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      56-1. Баламалы құралдар портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі АҚШ долларымен өлшенетін 80 (сексен) пайызы MSCI АCWI Investable Market Index индексінен және 20 (жиырма) пайызы Barclays Global Aggregate Bond Index индексінен тұратын композиттік индекстің кірістілігі болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген композиттік индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бұл ретте кірістіліктің ең төменгі деңгейі жылдық есептеуде +3 (үш) пайыз АҚШ-тағы (US CPI) инфляция индексінің мәнін құрайды.

      56-2. Баламалы құралдар портфелінің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және Қор активтерін әртараптандыру болып табылады. Баламалы құралдар портфелінің мақсатына сәйкес оның тиімділігін бағалау 15 (он бес) жылдан асатын кезеңге жүзеге асырылады.

      56-3. Баламалы құралдардың портфелін басқаруды "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) жүзеге асырады.

      56-4. Баламалы құралдардың портфелінде инвестицияларды жүзеге асырған кезде Корпорация осы Қағидаларда белгіленген шектеулерді сақтайды.

      56-5. Баламалы құралдар портфелінің активтері мынадай баламалы құралдарға:

      1) хедж-қорларға;

      2) жеке капиталға;

      3) жылжымайтын мүлікке инвестицияларға;

      4) инфрақұрылымдық инвестицияларға;

      5) өтімді баламалы құралдарға инвестицияланады.

      56-6. Баламалы құралдар портфелінің активтерін "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді есептемегенде, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде көзделген басқа қаржы құралдарына инвестициялауға рұқсат етіледі.

      56-7. Баламалы құралдар портфелінің активтерін қорлардың қорларына (fund of funds) инвестициялауды жүзеге асыру үшін және қорларға тікелей инвестициялау жолымен берген кезде арнайы мақсаттағы (special purpose vehicle) компаниялардың акцияларын және үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға жол беріледі.

5-1-тарау. Алтын портфелінің өлшемдері

      Ескерту. Ереже 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      56-8. Алтын портфелі:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі - Орталық) сақталатын құйма түріндегі ішкі алтыннан;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған метал шоттарға орналастырылған құйма түріндегі сыртқы алтыннан тұрады.

      56-9. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.

      56-10. Алтын портфелінің көлемі Қордың активтерін алтын портфеліне аудару сәтінде Қор активтері көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.

      56-11. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды.

      Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.

      Қамтамасыз ету ретінде осы Қағидаларда инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.

      56-12. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын Қордың ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.

      56-13. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.

6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      57. Ұлттық Қордың сыртқы басқарушыларын таңдау тәртібін Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.

7-тарау. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      58. Ауқымды кастодианның ең төменгі кредиттік рейтингісі A (Standard&Poor’s)/А2 (Moody’s).

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      58-1. Кастодиан Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.05.21 N 42 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      59. Бір кастодианда клиенттердің активтері ең аз сомасы 3 (үш) триллион АҚШ долларына тең сақтауда болуы тиіс.

      60. Кастодиан Ұлттық Банкке Қор активтерінің мониторинг жүйесін ұсынады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      62. Егер Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен өзгеше көзделмесе, Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2018 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8-тарау. Құрылымдық өнімдерді пайдалану

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдалануға болады.

      63-1. Эмитент рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s)-тен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер шығарған құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-2. Ақша ағындары және/немесе негізгі өтеу сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 63-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болған жағдайда, оны сатып алуға жол беріледі.

      Ескерту. 63-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      64. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      67. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      69. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8-1-тарау. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending)

      Ескерту. Қағида 8-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70-1. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) беру бойынша операциялар оның шеңберінде кастодиан бағалы қағаздарды жалғыз қарызға беруші ретінде болатын кастодианның бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      70-2. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) беру бойынша операциялар үшін қамтамасыз ету ең төмен кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес кредиттік рейтингімен немесе мәмілені ашу сәтіне нарықтық құны кепілге қарызға берілетін бағалы қағаздардың (securities lending) нарықтық құнынан 102 (бір жүз екі) пайыздан кем болатын басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздар болып табылады.

      Қамтамасыз ету ретінде Жинақ портфельдің валютасына номинирленген ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік кепіліне (MBS) және активтер кепіліне (ABS) бағалы қағаздар, қолма-қол ақша қабылданбайды.

      70-3. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) бойынша операциялар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге жасалады.

      70-4. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) Ұлттық Банктің меншікті басқаруындағы активтерге, сондай-ақ сыртқы басқаруға берілген активтерге де қатысты рұқсат етіледі.

9-тарау. Есептілік

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

10-тарау. Кредиттік тәуекел лимиттері

      Ескерту. Ереже 10-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      72. Ұлттық Банк Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асырған кезде тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Қарсы әріптестерге арналған кредиттік тәуекел лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленеді.

      73. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер қарсы әріптестердің кінәсінен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың кешігуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін, сондай-ақ туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша қарсы әріптестердің кредиттік рейтингісін осы Қағидаларда белгіленген деңгейден төмен төмендеткен жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы ұстанымдар мен мәмілелерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      74. Сыртқы басқаруға берілген активтермен операциялар ең аз кредиттік рейтингісі осы Қағидаларда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестермен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша

Кредиттік рейтингтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Standard & Poor’s

Moody’s

Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер

ААА

Ааа

АА+

Аа1

АА

Аа2

АА-

Аа3

А+

А1

А

А2

А-

А3

BBB+

Baa1

BBB

Baa2

Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер

А-1+, А-1

Р-1

А-2

Р-2

A-3

Р-3

     

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша

Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтер түрі

Нарықтық құны*

ең төменгі

ең жоғарғы

Қолма-қол валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфелге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

50%

100%

Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0%

50%

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға), орналастырылған ақша

0%

50%

Туынды қаржы құралдар

0%

20%

Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0%

30%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша

Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң және жинақ портфелiнiң құрамындағы
акциялар портфелiнiң нарықтық құнының жол берiлетiн ауытқулары

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  3-1-қосымша

Өту жоспары

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Портфельдердің әр жылдың соңындағы жинақ портфелі құрамындағы нысаналы үлестері

Жыл

Облигациялар

Дамыған елдердің акция-лары

Балама құралдар

Мемлекеттік

Корпоративтік

дамыған елдердің

дамушы елдердің

2017

75%



23% және жоғары

5%-ға дейін

2018

62%

5%

3%

26% және жоғары

2019

49%

10%

6%

31% және жоғары

2020

35%

15%

10%

35% және жоғары

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  4-қосымша 

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтер түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

Қолма-қол валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелері

60%

100%

Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0%

30%

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0%

40%

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша

0%

30%

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0%

50%

Құрылымдық өнімдер (жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздарды (MBS), активтерге кепілге салынған бағалы қағаздарды (ABS) қоспағанда)

0%

30%

Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS), активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS)

0%

30%

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0%

30%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  5-қосымша 

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтердің түрлері

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 2%-дан аспайды)

0%

4%

A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

8%

А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

12%

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-қосымша

Эталондық портфелге кірмейтін дамыған елдердің елдердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен мемлекеттік облигациялары, эталондық портфельге кіретін елдердің агенттік борыштық міндеттемелері, муниципалдық борыштық міндеттемелері, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтердің түрі

Нарықтық құны

ең төменгі

ең жоғары

BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі BBB/Ваа2 активтердің үлесі 3%-дан аспайды)

0 %

6 %

ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін

0 %

9%

ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін

0 %

18 %

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-1-қосымша

Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

      Ескерту. Қағида 6-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтердің түрлері

Нарықтық құны

ең төменгі

ең жоғары

Қолма-қол ақша (ағымдағы шоттардағы қалған валюта; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

70 %

100 %

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0 %

30 %

Депозиттер (салымдар)

0 %

20 %

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0 %

50 %

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар

0%

20%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-2-қосымша

Корпоративтік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі

      Ескерту. Қағида 6-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Активтердің түрлері

Нарықтық құны*

ең төменгі

ең жоғары

Қолма-қол ақша (ағымдағы шоттардағы қалған валюта; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері)

0 %

15 %

Эталондық портфельге кіретін корпоративтік бағалы қағаздар

70 %

100 %

Эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздар

0 %

15 %

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0 %

15 %

Депозиттер (салымдар)

0%

15%

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0 %

50 %

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 7-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін валюталар кластары және түрлері бойынша бөлу

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 8-қосымша

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры портфелінің құрамы

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 9-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелін басқару нәтижелерін талдау

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2009.11.30 N 107 (15.12.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі
N 65 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2518 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 6-19 желтоқсанда жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4032 тіркелген).