Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5326 болып енгізілді.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі  N№А-3/134 қаулысына  (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Акмолинская правда" газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда "Арқа ажары" газетінде жарияланған), "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N А-3/134 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 08 шілдедегі N А-5/288 қаулысымен (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3258 тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдеде N 92 "Акмолинская правда" газетінде және 2008 жылғы 22 шілдеде N 82 "Арқа ажары" газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
      реттік нөмірлер 2, 3, 19 жолдары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі