Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 107 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6007 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өркен" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 586 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:

"Шәмшидинова                - Қазақстан Республикасының Білім
Күләш Ноғатайқызы             және ғылым вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Шәмшидинова                - "Өркен" акционерлік қоғамының басқарма
Күләш Ноғатайқызы             төрайымы";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қуанғанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы            ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

Келімбетов                  - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры"
Қайрат Нематұлы               акционерлік қоғамының басқарма
                              төрағасы";

      мына:

"Өтеулина                   - "Өркен" акционерлік қоғамының басқарма
Хафиза Мұхтарқызы             төрайымы";

      деген жол алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бір ай мерзімде тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов