Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 шілдеде № 13915 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев A.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 126 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы
басқарушыларды таңдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (бұдан әрі – Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Қор) активтерін шетелдік банктерге және активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға берудің жалпы тәртібін және талаптарын реттейді.

      2. Қағидаларда 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аймақтық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінде шоғырландырылған портфель;

      2) активтерді активтік басқару – кірістіліктің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан асып кететін басқару түрі;

      3) активтерді пассивтік басқару – кірістіліктің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспайтын басқару түрі. Пассивтік басқару кезінде сыртқы басқарудағы портфельдің кірістілігі шамамен эталондық портфель кірістілігіне тең болады;

      4) активтерді сыртқы транзиттік басқару – берілетін активтердің құрылымындағы өзгерістерге байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында активтер сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі;

      5) ақпараттық коэффициент (information ratio) – үстеме кірістілік деңгейінің кірістіліктің ауытқу өзгермелілігіне (tracking error) қатынасы;

      6) ауқымды мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінен шығатын портфель;

      7) әртараптандыру – активтер құнының азаю тәуекелін төмендету мақсатында оларды қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;

      8) байланыстыру – екі немесе одан көп шама арасындағы статистикалық өзара байланыс. Егер бір шама ұлғайған/азайған кезде екінші көрсеткіштің мәні ұлғайса/азайса, байланыстыру оң болып табылады. Егер бір шама ұлғайған/азайған кезде екінші көрсеткіштің мәні ұзайса/ұлғайса, байланыстыру теріс болып табылады;

      9) балама құралдар – қаржы құралдарынан (акциялардан, облигациялардан және қаржы нарығының құралдарынан) кірістілігінің, тәуекелдерінің жоғары көрсеткіштерімен және төмен өтімділігімен ерекшеленетін инвестициялық өнімдер;

      10) банкаралық нарық – шетел валютасын, бағалы қағаздарды, шетел валюталарындағы төлем құжаттарын ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу және/немесе сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастар жиынтығы;

      11) бас ұйым – еншілес ұйымдары акцияларының бақылау пакетіне ие компания;

      12) биржа нарығы – тікелей сауда-саттықты өткізу жолымен оларды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастар жиынтығы;

      13) институционалдық инвестор – ақшаны қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) комиссиялық сыйақы – активтерді басқару жөніндегі қызметтер үшін төленетін сыйақы;

      15) консультациялық қызмет көрсетудегі активтер – клиенттің активтерін инвестициялық басқару бөлігінде сыртқы басқарушы клиентке консультация беретін сыртқы басқарушының басқаруындағы активтер;

      16) кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) – эталондық портфельдің кірістілігі мен портфельдің кірістілігі арасындағы айырма;

      17) мамандандырылған мандат – мандаттардың типтері және сыртқы басқарушылардың кірістілігі арасындағы теріс байланыстыру бойынша әртараптандыру мақсатында сыртқы басқаруға берілетін мандат;

      18) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;

      19) маржалық шот – клиринг ұйымында ашылатын және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша мәмілелер бойынша қамтамасыз етуді есепке алу және есеп айырысуларды жүргізу мақсатында пайдаланылатын, туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүргізуге арналған ағымдағы шот;

      20) Өкілетті өкіл – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі, Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен айқындалатын, өкілеттігіне Ұлттық Банктің атынан Қордың активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға;

      21) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол валюта;

      22) портфель менеджері – клиенттердің активтерін басқаруға жауап беретін адам;

      23) сыртқы басқару – клиенттің активтері клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруға мамандандырылған және қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне немесе ұйымға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерді басқару түрі;

      24) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқаруға мамандандырылған және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе ұйым;

      25) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға мамандандырылған және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе ұйым;

      26) транзиттік кезең – портфельге қатысты қолданылатын, оны Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген өлшемдерге сәйкес келтіру мақсатында Қағидаларға сәйкес белгіленетін уақыт кезеңі;

      27) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банкінің монетарлық операциялар департаменті;

      28) Ұлттық Банк басшылығы – Ұлттық Банк Төрағасы, уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары;

      29) үстеме кірістілік деңгейі – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;

      30) форекс операциялары – биржа және банкаралық нарықта валютаны сатып алу немесе сату;

      31) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін көрсететін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезіндегі шама болады.

      3. Қордың активтері сыртқы басқаруға:

      1) басқару түрімен байланысты, әртараптандыру салдарынан туындайтын тәуекелдер деңгейін төмендету;

      2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдамалық материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану нәтижесінде Қордың активтерін басқарудың кірістілігін ұлғайту;

      3) активтерді басқару, қызметкерлерді оқыту саласында сараптама және консультациялар алу;

      4) активтерді дербес басқару тәжірибесі жоқ активтердің жаңа сыныптарын енгізу мүмкіндігі;

      5) Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген сыртқы басқару көлеміне сәйкес келетін сыртқы басқарушылардың санын ұстап тұру мақсатында беріледі.

      4. Қордың бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі Қордың жинақ портфелінің 10 (он) пайызынан аспайды. Осы шектеу бұзылған кезде уәкілетті бөлімше сәйкессіздікті туындаған күнінен бастап 1 (бір) тоқсан ішінде жояды.

      5. Сыртқы басқарушы үшін басқарудың түрін (активтік немесе пассивтік) және эталондық портфельді таңдау Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында көзделген Қордың активтерін басқару мақсаттарына және шектеулерге сәйкес нарықтағы жағдайға қарай жүзеге асырылады.

      6. Сыртқы басқарушыға немесе сыртқы транзиттік басқарушыға белгіленген комиссиялық сыйақы және(немесе) комиссиялық сыйақы Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге немесе Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес басқару нәтижелеріне қарай төленеді.

2-тарау. Қордың активтерін сыртқы басқаруға немесе сыртқы
транзиттік басқаруға беру шешімін қабылдау және беру

      7. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны таңдау жөнінде алда болатын тендерді өткізу туралы ақпарат жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, әлеуетті сыртқы басқарушыларға мыналарды:

      1) мандат түрінің сипатын және оның сипаттамаларын (эталондық портфель, басқару мақсаттары, инвестициялық шектеулер, мандаттың шамамен алынған көлемі);

      2) сыртқы басқарушыдан Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі –

      1-қосымша) сәйкес сұратылатын ақпаратты;

      3) әлеуетті сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптарды;

      4) сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты Ұлттық Банкке беру мерзімін;

      5) Ұлттық Банктің тендерді өткізуге жауапты лауазымды адамдары туралы мәліметтерді;

      6) Қағидалардың 22-тармағында көзделген талаптарды қамтитын ақпаратты жібереді.

      Сыртқы басқарушының Қағидалардың 22-тармағында көзделген талаптарды Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге енгізу жөніндегі жазбаша растауы сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы болып табылады.

      8. Сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендерді уәкілетті бөлімше өткізеді.

      9. Әлеуетті сыртқы басқарушылар Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты электрондық түрде және(немесе) қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      10. Уәкілетті бөлімше Қағидалардың 11 және(немесе) 12-тармақтарында көзделген міндетті критерийлерді ескере отырып, сыртқы басқарушылардың келіп түскен барлық ұсыныстарға салыстырмалы талдау жүргізеді.

      Егер сыртқы басқарушы Қағидалардың 11 және(немесе) 12-тармақтарында көзделген міндетті критерийлерді қанағаттандырса, уәкілетті бөлімше одан әрі ұсынысты қарап, бағалау критерийлеріне сәйкес салыстырмалы талдау жүргізеді. Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырып талдау үшін бағалау критерийлері Қағидаларға 2-қосымшада көзделген.

      Қағидаларға 3-қосымшада көзделген бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес Сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау негізінде сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау айқындалады.

      Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын талдау кезінде жұмыс істеп тұрған, Қордың активтерін және Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін сыртқы басқарушылар бойынша Ұлттық Банктің меншікті деректерін пайдалануға рұқсат беріледі.

      11. Бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер мыналар:

      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі:

      кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесі;

      егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса – ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

      2) басқаруындағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасында жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтер) бар;

      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері:

      сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасында клиенттердің жиынтық активтері бар;

      егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса – ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем емес болуы.

      12. Бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер мыналар:

      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі:

      кемінде 5 (бес) жыл, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесі;

      егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар болса ғана – ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) басқаруындағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ долларын құрайтын баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында 3 (үш) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) бар;

      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері:

      сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері бар;

      егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жариялан кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса – ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмауы.

      13. Сыртқы басқарушыға Қағидалардың 29-тармағына сәйкес мамандандырылған мандатты басқарудың оң бағалау нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ Қағидалардың 4-тармағында көзделген активтердің белгіленген лимитінің жалпы мөлшерінен аспайтын мөлшерде активтер беріледі.

      14. Уәкілетті бөлімшеге сыртқы басқарушының клиенттеріне клиенттердің активтерін басқарудың нәтижелері мен сапасы туралы сұратумен өтініш беруіне рұқсат беріледі.

      15. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты ұсынған күннен бастап 2 (екі) айдан аспайтын мерзім ішінде сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын талдауы бойынша қорытынды дайындайды.

      16. Уәкілетті бөлімше дайындаған сыртқы басқару бойынша ұсыныстардың салыстырмалы талдауынан тұратын қорытындысы және сыртқы басқарушыны таңдау жөніндегі ұсынымдары Өкілетті өкілге не Ұлттық Банк Төрағасына қарау үшін беріледі, ол қарау нәтижелері бойынша уәкілетті бөлімшенің қорытындысына берілген бұрыштаманың негізінде сыртқы басқарушылардың неғұрлым пайдалы ұсыныстарын (short list – қысқа тізім) бекітеді. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушы ұсынысының талаптарын жақсарту үшін short list – қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен келіссөздер жүргізеді.

      17. Уәкілетті бөлімшеге инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы қосымша ақпаратты алу үшін әлеуетті сыртқы басқарушылармен кездесулерді өткізуіне рұқсат беріледі.

      18. Сыртқы басқарушы Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді жасауды көздейтін Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен не Өкілетті өкілдің шешімімен бекітіледі.

      Егер үш жылдан кем емес кезеңде үстеме кірістілігінің оң деңгейі бар осындай мандат түрі бойынша Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 11 және(немесе) 12-тармақтарында белгіленген критерийлерге сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Басқармасының не Өкілетті өкілдің шешімі бойынша оның кандидатурасы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді өткізбестен бекітуге жіберіледі.

      19. Уәкілетті бөлімше тендердің қатысушысын сыртқы басқарушы ретінде Ұлттық Банктің Басқармасы не Өкілетті өкіл бекіткен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде тендердің әр қатысушысына тендердің қорытындысы туралы хабарламаны береді.

      20. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдаған кезде уәкілетті бөлімше транзиттік басқару қызметтерін көрсетуге маманданған шетелдік ұйымдарға сұратулар жібереді. Сұратуға сәйкес әлеуетті сыртқы транзиттік басқарушы қамту нарықтары, транзиттік басқару стратегиялары және құралдар мен нарықтар сыныптары бойынша қызметтер құны жөніндегі ақпаратты жібереді. Сыртқы транзиттік басқарушы уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы транзиттік басқарушылардың келіп түскен ұсыныстарына жасалған талдаумен қызметтік жазбасына Ұлттық Банк Төрағасының немесе Өкілетті өкілдің бұрыштамасы негізінде бекітіледі.

      21. Уәкілетті бөлімше Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді және Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді дайындайды, жасайды және олардың талаптарының орындалуына одан әрі мониторингті жүзеге асырады.

      22. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде мынадай талаптар болады:

      1) Ұлттық Банктің Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді мына жағдайларда:

      сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке қол жеткізбеген;

      сыртқы басқарушы Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген шектеулерді бұзған;

      Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары өзгерген;

      Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде немесе Өкілетті өкілдің шешімі бойынша сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып кез келген кезде мерзімінен бұрын бұзу өкілеттігі;

      2) Ұлттық Банктің өзінің қалауы бойынша сыртқы басқарудағы Қордың активтерін толықтыру (кері қайтарып алу) өкілеттігі;

      3) мемлекеттік, орыс және(немесе) тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге қол қою;

      4) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген Қордың активтерін басқаруға жауапты өз қызметкерлерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі;

      5) шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингі рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржы министрлігі) қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы;

      6) сыртқы басқаруға берілген Қордың активтерімен мәмілелер бойынша сыртқы басқарушымен үлестес ұйымдарды брокерлер ретінде пайдаланбау;

      7) Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (expected tracking error) лимитін бұзғаны үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі;

      8) ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе сыртқы басқарушы тарапынан алаяқтық салдарынан Қорға келтірілген ықтимал зияндар үшін жауапкершілік;

      9) Қордың активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын Ұлттық Банктің және Қаржы министрілігінің қызметкерлеріне консультациялар беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу;

      10) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісім бұзылған жағдайда, Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнгі кастодиан банкпен (банктермен) салыстырылып тексерілген портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы. Сыртқы басқару кезеңіндегі портфельмен байланысты барлық күтілетін шығыстар Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес айқындалады;

      11) сыртқы басқарушының тұрақты негізде Ұлттық Банкке Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес мынадай негізгі бағыттар бойынша есептілікті ұсынуы:

      алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы есептілік;

      портфельді бағалау (активтерді түрлі сыныптар және валюта түрлері бойынша бөлу, портфельдің есепті айдың соңындағы құрамы, активтердің есепті айдың соңындағы нарықтық құны);

      портфельдегі қозғалыс (есепті тоқсанда жасалған, түрлі сыныптар және валюталар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің, өтеулердің, дивидендтерді және жинақталған пайыздарды төлеу тізбесі);

      портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткізген кірістілік бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің және кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейінің көрсеткіштері);

      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге әсері бойынша жазбаша есеп;

      экономикалық шолу;

      стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;

      инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы;

      активтерді активтік басқару үшін әр түрлі факторлардың портфель кірістілігіне қосқан үлесі;

      12) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кастодиан банктің (банктердің) деректерімен ай сайын, әрбір айдың соңында немесе транзиттік кезеңнің аяқталу күніне салыстырып тексеруі;

      13) екі тараптың келісімі бойынша Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге өзгерістер және(немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

      14) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін жүргізілген операциялар туралы ақпаратты кастодиан банкке барынша қысқа мерзімде беруі;

      15) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және қарсы әріптестерін бекіту рәсімдерін ұсынуы;

      16) асыра пайдалану және мүдделер қақтығысы тәуекелін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы басқарушының ішкі саясаттары мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсыну;

      17) сыртқы басқарушының жылына бір рет Қордың активтерін басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы, нарықтық ахуалға және оның портфельге және Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыруына ықтимал әсерін бағалау туралы есептілікті беру үшін уәкілетті бөлімшемен кездесулер өткізуі.

      23. Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5), 8), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген талаптар, сондай-ақ мынадай талаптар қамтылады:

      1) Ұлттық Банктің Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді мынадай:

      сыртқы транзиттік басқарушы Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімнің талаптарын бұзған жағдайда;

      Ұлттық Банк Төрағасының немесе Өкілетті өкілдің шешімі бойынша не Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы негізінде сыртқы транзиттік басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып, кез келген сәтте мерзімінен бұрын бұзу өкілеттігі;

      2) Ұлттық Банктің, егер мұндай іс-қимылдар Қор активтерін кез келген аяқталмаған сыртқы транзиттік басқаруға әсер етпесе, сыртқы транзиттік басқарудағы Қордың активтерін кез келген уақытта толықтыру(қайтарып алу) өкілеттігі;

      3) транзиттік кезең аяқталған сәтте сыртқы транзиттік басқарушының Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кастодиан банкпен (банктермен) салыстырып тексерілген транзиттік кезең аяқталған күнгі портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы;

      4) сыртқы транзиттік басқарушының Ұлттық Банкке мынадай негізгі бағыттарға сәйкес есептілік ұсынуы:

      сыртқы транзиттік басқарушы және оның үлестес брокерлері (дилерлерлері) және фьючерстік мәмілелер бойынша брокерлері жасаған бағалы қағаздармен барлық мәмілелер бойынша есептілік;

      мәмілені орындау құнындағы айырманы, брокерлердің комиссиялық сыйақысын, нарықтың ықпалын, форекстік операциялар бойынша валюталарды сатып алу және сату бағамдарының айырмасын, транзиттік кезең аяқталған күнгі салықтарды және жіберіп алған пайданы қоса алғанда, Қордың активтерін кез келген сыртқы транзиттік басқаруды орындау нәтижелері бойынша есеп;

      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге ықпалы бойынша жазбаша есеп;

      экономикалық шолу;

      стратегияға шолу және портфель құрылымындағы ең маңызды өзгерістерді түсіндіру;

      Қор активтерін инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы.

      24. Ұлттық Банк Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге немесе Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес Қордың активтерін Ұлттық Банктің кастодиан банктегі кастодиан банктегі (банктердегі) сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға арналған шоттарына ақша мен бағалы қағаздарды аудару арқылы сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беруді жүзеге асырады.

      25. Қордың активтерін сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға берген кезде Қор активтерін бір түрден басқа түрге аудару үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      26. Сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға берілетін Қордың активтері Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) шоттарында және маржалық шотында сақталады. Сыртқы транзиттік басқарушылар үшін Қордың активтерін Ұлттық Банк пен сыртқы транзиттік басқарушының арасында осындай шот бойынша операцияларды өткізу талаптары туралы келісім немесе Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде осындай шот бойынша операцияларды жүргізу талаптары болған кезде үшінші тұлғада ашылған сыртқы транзиттік басқарушының маржалық шотында орналастыруға рұқсат беріледі.

      27. Қордың активтерін сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушының немесе сыртқы транзиттік басқарушының қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді: Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімде немесе Қордың активтерін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде көрсетілген шектеулерге сәйкестігі тексеріледі, сыртқы басқарушы немесе сыртқы транзиттік басқарушы жасайтын мәмілелерге мониторинг жүзеге асырылады, тәуекелдің және сыртқы басқарудағы портфель кірістілігінің көрсеткіштері бағаланады.

      28. Уәкілетті бөлімше жылына бір рет Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес сыртқы басқарушымен кездесу өткізеді, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы туралы есеп береді, нарықтық ахуалға және оның портфельге және Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыруына ықтимал әсерін бағалайды.

      29. Жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі Қордың активтерін ішінара толықтыру(алу) қажеттілігі туралы шешім қабылдау немесе сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру(тоқтату) мақсатында жүргізіледі. Мұндай сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық Банктің басшылығы сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жалпы алғанда және алынатын комиссиялық сыйақыны ескере отырып, басқару күнінен бастап соңғы 3 (үш), 5 (бес) және одан астам жылдардағы активтер сыныптары бойынша Қордың активтерін толықтыру(алу) немесе осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру(тоқтату) не осы мәселені Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығару туралы тиісті шешім қабылдайды.

      30. Жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушының қосылуына байланысты сыртқы басқаруға берілген Қор активтерінің көлемі бойынша лимит бұзылған кезде, уәкілетті бөлімше екі сыртқы басқарушының анағұрлым төмен нәтиже көрсеткен біреуімен Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу туралы мәселені Ұлттық Банк басшылығының қарауына шығарады. Уәкілетті бөлімше көрсетілген бұзушылықты туындаған күнінен бастап 4 (төрт) ай ішінде жояды.

      31. Сыртқы басқарушылардың басқару нәтижелері туралы есеп Ұлттық Банк Басқармасының қарауына жыл сайынғы негізде шығарылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау қағидаларына
1-қосымша

Сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпарат

      1. Сыртқы басқарушының қарастырылып отырған мандат түрі бойынша жұмыс тәжірибесі.

      2. Сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттерінің соңғы 5 (бес) жылдағы активтері, оның ішінде:

      1) басқарудағы жалпы активтер;

      2) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша активтер;

      3) институционалдық клиенттердің активтері;

      4) орталық банктердің активтері.

      3. Сыртқы басқаруға берілген активтер үшін жауапты болатын портфельдік менеджерлер және клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.

      4. Портфельдік менеджерлер және талдаушылар арасындағы соңғы 5 (бес) жыл ішіндегі қызметкерлердің тұрақтамауы туралы ақпарат.

      5. Инвестициялық процесті, портфельді басқару әдістерін, нарықты зерттеуді, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздерін немесе қаржы құралдарын бағалау модельдерін жан-жақты сипаттау.

      6. Активтік нарықтық тәуекелді модельдеу, мониторинг жүргізу және басқару қалайша жүзеге асырылады (егер қарастырылып отырған мандат түрі активтік басқаруға жататын болса).

      7. Тәуекелдер мониторингі және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

      8. Осыған ұқсас мандат түрі бойынша соңғы 5 (бес) жылда эталондық портфельдің түрі бойынша осындай немесе осыған жақын портфельді басқарудың тарихи нәтижелері.

      9. Бухгалтерлік және талдамалық есептіліктерде қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді сипаттау.

      10. Ішкі корпоративтік этиканы сипаттау.

      11. Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, сыртқы басқарушының Ұлттық Банк алдындағы жауапкершілігі.

      12. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін сақтандырудың қандай түрлері пайдаланылады.

      13. Бас ұйымның кредиттік рейтингі (егер болса), сыртқы басқарушы Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптарын орындамаған кезде сыртқы басқарушының өзінің бас ұйымына шығынды өтеу туралы кепілдігін ұсыну мүмкіндігі не тікелей бас ұйыммен Қор активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге не Ұлттық Банк, сыртқы басқарушы және оның бас ұйымы арасындағы үшжақты келісім түріндегі келісімге қол қою мүмкіндігі.

      14. Клиенттер үшін ұсынылатын тренингтің талаптары.

      15. Сыртқы басқару үшін комиссиялық сыйақының болжанып отырған деңгейі туралы ақпарат.

      16. Сыртқы басқарушының қаржылық есептілігінің соңғы аудиторлық қорытындысы.

      17. Сыртқы басқарушының асыра пайдаланушылық және мүдделер қайшылығы тәуекелін төмендететін ішкі саясаттары мен рәсімдері, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелердің тең құқылы және әділ бөлінуін қамтамасыз ету, сыртқы басқарушы брокерлерінің, агенттерінің және қарсы әріптестерінің тізімін және оларды бекіту рәсімдерін тексеру.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау қағидаларына
2-қосымша

Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын
салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері


Критерий

Критерийдің мәні

(пайызбен)

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандаттарға мамандандырылған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде көрсеткіштер тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)

35

үстеме кірістіліктің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

40

ақпараттық коэффициенттің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

60

2.

Активтер

10

аталған мандат түрі бойынша активтер көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы (өңірлік мандаттарға мамандандырылған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде өңірлік мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)

65

институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты үлесі

35

3.

Команда

15

тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50

жалпы компания бойынша портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың арасындағы мамандардың тұрақтамауы

50

4.

Кредиттік мәртебе

5

егер бас ұйымның кепілдігі болған не Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге бас ұйым қол қойған жағдайда, онда бас ұйымның кредиттік рейтингі (S&P немесе Moody's) не әлеуетті сыртқы басқарушының кредиттік рейтингі


5.

Басқару үшін комиссиялық сыйақының деңгейі

20

Базалық комиссиялық сыйақының деңгейі

75

Сыртқы басқарушыны басқару басталған күннен бастап өткен кезеңдегі осыған ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны төлеу қағидатын (net new high basis since inception) қабылдау

10

Сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес ең төменгі шегін белгілеуді қабылдау

10

Сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны бірнеше жыл бойы бөліп-бөліп төлеу талаптарын белгілеуді қабылдау

5

6.

Сервис

10

Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту

70

күн сайынғы есептілік

30

7.

Тәуекелдер мониторингі және оларды басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

2

8.

Қордың активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк алдында жауапкершілік қабылдау

3

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау қағидаларына
3-қосымша

Сыртқы басқарушының ұсыныстарын
бағалау критерийлері кестесіне сәйкес бағалау

      1. Тиісті салмақтарымен бағалау критерийлері кестесінде (бұдан әрі – Кесте) келтірілген барлық көрсеткіштер сомасы сыртқы басқарушы ұсыныстарының бағасы болады.

      2. Қандай да бір көрсеткіш Кестеге енгізілместен бұрын, көрсеткіш формуланы қолдана отырып қарастырылып отырған критерийлердегі жақсы көрсеткішке қатысты нормаланады:

      Басқарушының нормаланған көрсеткіші басқарушы көрсеткішінің барлық сыртқы басқарушы бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

      3. Бас ұйымның және(немесе) сыртқы басқарушының кредиттік рейтингін бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі қолданылады:

Кредиттік рейтинг

(S&P)

Көрсеткіш

AAA

1

AA+

0,8

AA

0,7

AA-

0,6

A+

0,5

A

0,4

A-

0,3

ВВВ+

0,2

ВВВ

0,1

ВВВ төмен

0




      4. Ұлттық Банктің және Қаржы министрлігінің қызметкерлерін оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі қолданылады:

Тренинг шарттары

Көрсеткіш

Сыртқы басқарушы ұшуға, тұруға, тамақтануға ақы төлейді

1

Сыртқы басқарушы тұруға, тамақтануға ақы төлейді

0.5

Сыртқы басқарушы тұруға ақы төлейді

0.2


      5. Егер сыртқы басқарушы мандаттың жарияланған түрі бойынша басқа мандат шеңберінде активтерді басқарса, онда осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін бағалау басқа мандат шеңберінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау қағидаларына
4-қосымша

Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі

      1. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау осы Әдістемеде көзделген сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес сыртқы басқарушыға балл белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Сандық көрсеткіштер:

      1) Ақпараттық коэффициент (Information ratio)

Пайыздар

Ақпараттық

коэффициент

(Information ratio)

>1

3 балл

0,5 - 1

2 балл

0 - 0,5

1 балл

0

0 балл

(-) 0,5- 0

(-) 1 балл

(-) 1 - (-) 0,5

(-) 2 балл

<(-) 1

(-) 3 балл


      3. Сапалық көрсеткіштер:

      1) Қызметкерлердің орын ауыстыруы (Staff turnover);

Пайыздар

Қызметкердің орын ауыстыруы (Staff turnover)

> 30

(-) 0,5 балл

5 - 30

(-) 0,25 балл

0 - 5

0 балл


      2) Операциялық тәуекел (Operational risk).

      Қордың инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын операциялық қате салдарынан әрбір бұзу фактісі үшін 0,2 балл алып тасталады;

      3) Іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).

      Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы әрбір бұзу фактісі үшін 0,5 балл алып тасталады.

      Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындамаған кезде 0,5 балл алып тасталады.

      4. Тиімділіктің қорытындысы бағасы сандық және сапалық көрсеткіштер сомасы ретінде есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 126 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4701 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6010 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылардың таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6323 тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 46 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7010 тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7428 тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 152-156 (27229) жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7779 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7803 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10237 тіркелген, 2015 жылғы 28 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 56 (28534) жарияланған).