Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2952

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының атауына, 1-тармағына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы  қаулы етеді :
     1. Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесі бекітілсін.
     2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткен соң күшіне енеді.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу  
мен қадағалау жөніндегі агенттігі   
Басқармасының "Қаржы ұйымдары     
басшы қызметкерлерінің лауазымына   
кандидаттарды келісілу Ережесін    
бекіту туралы"             
2004 жылғы 12 маусымдағы        
N 157 қаулысымен бекітілді      

  Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
Ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

      Осы Ереже " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Сақтандыру қызметі туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, сондай-ақ келісім алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді (бұдан әрі - келісу). Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

      1-1. Осы кандидаттың тиісті немесе жоғары лауазымды қызметке тағайындалуына уәкілетті органмен осының алдында келісілген жағдайда қаржы ұйымының уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта тағайындалған (қайта сайланған) қаржы ұйымының басшы қызметкерін уәкілетті органмен келісу тиісті емес.
      Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .

     2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     3. Келісілуді уәкілетті орган тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып, не осы Ережелердің 12-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

     4. Қаржы ұйымы кандидатын уәкілетті органға келісу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтер жайлы көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішке қаржы ұйымы құжаттамалық жағынан тексеруі және қол қоюы тиіс:
      қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысын - директорлар кеңесінің мүшелерін, бірінші басшысын және қаржы ұйымының басқарма мүшелерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      қаржы ұйымы басқармасының бірінші басшысын (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысын не оның орынбасарын - директорлар кеңесінің бірінші басшысын, қаржы ұйымының бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымының құрылтайшыларының (қатысушыларының) бірі (жаңадан құрылған қаржы ұйымы не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) - қаржы ұйымының бірінші басшысын және директорлар кеңесінің мүшелерін, сақтандыру брокерінің бірінші басшысын, тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау (сайлау) кезінде;
      2) басқарма мүшесі, қаржы ұйымы құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды және банк операциялары, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет, бағалы қағаздар рыногында мәмілелерді жүзеге асыратын қаржы ұйымының өзге басшысы қызметіне кандидаттың қызметтік нұсқаулығының көшірмесін;
      3) қаржы ұйымының уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін;
      4) осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес электронды және қағаз жеткізушідегі кандидат туралы мәліметтер;
      5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      6) кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растайтын құжаттар:
      осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған ұсыным хаттар (осы Ереженің 4-2-тармағында көрсетілгендей екі адамнан кем емес);
      уәкілетті мемлекеттік орган құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізетін анықтамалар нысанында берген экономикалық қызмет саласындағы немесе орта дәрежелі, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растаушы құжатты (аталған құжатты беру күні өтінішті беру күнінің алдындағы үш айдан артық болмауы тиіс). Шетелдік азаматтар өз елінің азаматтығымен, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінің тиісті мемлекеттік органы берген соған ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыным жасаушы тұлғадан қосымша мәліметтер сұратады.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .

      4-1.  алынып тасталды
       Ескерту: 4-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

      4-2. Ұсыным жасаушы тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
      1) "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі";
      2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, қаржы ұйымдарының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) және басқарма мүшелері;
      3) қаржы ұйымдарының басшылары - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірі берген BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еместері - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қаржы ұйымдарының басшы лауазымды қызметкерлерінің кандидаттарын келісу кезінде.
      Басшы қызметкер, акционер, кандидатты келісу туралы өтініш жасайтын қаржы ұйымының құрылтайшысы, кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) - ұсыным жасаушы бола алмайтын тұлғалар болып табылады.
       Ескерту: 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .       

      4-3. Осы Ереженің 4-тармағында аты аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының мөр бедерімен расталады. 
     Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .

      5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда не ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржы ұйымы жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына ескертулерді көрсете отырып, жазбаша жауап қайтарады.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     6. Кандидатты келісілу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     7. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгеннен аспайтын мерзімде кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін күнін көрсете отырып хабарлайды.

     8. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидатты келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері беріледі. Комиссияның мүшелері құжаттарды қарайды және осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша қаралған мәселе жөнінде өз пікірін білдіреді.

     9. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі сауалнамалық жолмен қабылдана алады.

     10. Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау нәтижелері бойынша хатшы Комиссияның қабылдаған шешімі туралы хаттаманы ресімдейді.
     Қаржы ұйымы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның жіберуі арқылы кандидаттарды келісілу нәтижелері туралы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

      11. Хаттамамен рәсімделген Комиссияның ұсынымы бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім уәкілеті органның бірінші басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген негіздер бойынша шақырылып алынуы мүмкін.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

  2-тарау. Кандидаттарды келісілу

     12. Берілген құжаттардың негізінде шақырмай келісілуге:
     1) Басқарманың бірінші басшысын (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысын қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;
     2) қаржы рыногының осы секторында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген Басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына кандидаттар (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында);
     3) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері лауазымына кандидаттар;
     4) осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде үш жыл жұмыс стажы бар Басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы;
     5) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, қаржы ұйымының Басқарма мүшелері, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары;
     6) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде бір жыл жұмыс стажы бар, қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкерлері;
     7)  алынып тасталды
     8)  алынып тасталды .
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы   N 35   Қаулысымен ,  2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен , 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулыларымен .

     13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісілу 30 сұрақ бойынша 30 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
     Кандидаттарды тестілеуге арналған сұрақтарды уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшелерінің қызметкерлеріне және қажет болған жағдайда, аудармашыға рұқсат беріледі.
     Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

     15. Тестілеудің дұрыс нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
     Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.
      Ескерту: 15-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш ете алады.

     17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табыла алмайды.

     18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

     19. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне дауыс құқығынсыз Комиссияның Төрағасы және/немесе оның орынбасары өтініш иесінің қатысуымен қатыса алады.

     20. Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

     21. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

     22. Аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.

     23. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін:
     тест нәтижелерін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырмай қалдыруды;
     кандидат шағымын қанағаттандыруды және оны қайтадан тестілеуге жіберуді қабылдайды.

     23-1. Қаржы ұйымының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім мынадай себептермен берілмеуі мүмкін:
     1) басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
     2) тестілеудің теріс нәтижесі не дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу;
     3) басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын кезең мерзімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімі бойынша аяқталуы бойынша құжаттарды ұсыну. 
      Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулыларымен .

  3-тарау. Қорытынды ережелер

     24. Уәкілетті орган онымен үміткерлері келісілген қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

     25. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер, сондай-ақ басшы қызметкерлерін басқа лауазымға аударуды және жұмыстан шығаруды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер жөнінде хабардар етеді.
     Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы   N 35   Қаулысымен,   2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     26. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.

Қаржы ұйымдарының басшы     
қызметкерлерін тағайындауға   
(сайлауға) келісім беру ережесінің
1-қосымшасы             

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидат
                      туралы қысқаша деректер

_________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6.   Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi,
балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының)
ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәліметтер:

N

  

Фамилиясы, аты,
әкесінің аты
(бар болса)

Туған жылы

Туысқандық
қатынастары

Жұмыс орны және
қызметі

1. 

 

 

 

 

      7. Кандидаттың заңды тұлғаның жарғы капиталына немесе акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер

  

Заңды тұлғаның
атауы және
тұратын орны

Заңды тұлға қызметінің
жарғылық түрлері

Жарғы
капиталындағы
қатысу үлесі
немесе кандидатқа,
заңды тұлғаның
дауыс беруші
акцияларының жалпы
санына тиесілі
акциялар санының
ара қатынасы
(пайызбен)

1. 

 

    

 

      Осы ақпаратты мен тексергенімді және оның шынайы және толық екендігін растаймын.
      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________
                                              (баспа әріптерімен)
      Күні ________________________________
      Қолы ________________________________

      

                                 Қаржы ұйымдарының басшы
                                қызметкерлерін тағайындауға
                                (сайлауға) келісім беру ережесінің
                                1-1-қосымшасы

       Ескерту: 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың
               мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

1. Білімі

Оқу орнының
атауы

Келіп
түскен
күні -
аяқталған
күні

Маман-
дығы

Білімі туралы
дипломның
деректеме-
лері,
біліктілігі

Оқу орнының
орналасқан орны

 

 

 

 

 

      2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер      

Ұйымның атауы

Өткізу күні және
орны

Сертификат деректемелері

 

 

 

      3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс
кезеңі

Жұмыс
орны

Қызметі

Тәртіптік
шара
қолданудың
болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен
босану себептері

  

  

  

  

  

 
      4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
      5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер

Күні

Сот
органы-
ның
атауы

Соттың
тұратын
орны

Жазаның
түрі

1997 жылғы 16
шілдедегі
Қазақстан
Республикасы-
ның Қылмыстық
Кодексінің
бабы

Соттың
процессуалды
шешімді
қабылдаған күні

 

 

 

 

 

 

      6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
     (аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету)
      7. Осының алдында банкрот болып табылған не лицензиясынан айыру, еріксіз тарату, консервация, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болды ма:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауын, қызметін, жұмыс кезеңін көрсету)
      8. Кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу туралы ұсынып отырған қаржы ұйымымен аффилиирлігінің болуы (болмауы):
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
      9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
   (иә/жоқ, күнін және ықпал ету шарасын кім қолданғанын көрсету)
      10. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
 (иә/жоқ, соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші - қаржы
         ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
 
      11. Ұсыным жасаушы тұлғаларды көрсеткен ұсыным хаттарының болуы: ___________________________________________________________________  ___________________________________________________________________
      12. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып табылатындығын растаймын.
      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
                                                (баспа әріптермен)
      Күні ________________________________
      Қолы _______________________________

 

                             Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін
                              тағайындауға (сайлауға) келісім беру
                              ережесінің 1-2-қосымшасы

       Ескерту: 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  120   (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді)   қаулысымен .  

                            Ұсыным хат

__________________________________________________________________
 (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған кандидаттың
           фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
 
Мен___________________________________________________қызметіне
         фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметінің атауын көрсету)
____________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған
кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________ ұсынамын.
 
1. Кандидаттың сипаттамасы__________________________________________
____________________________________________________________________
2. Кәсіби жарамдылық бағасы_________________________________________
____________________________________________________________________
3. Кәсіби қызметтегі жетістіктер____________________________________
____________________________________________________________________
4. Жеке сипаттамалар________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кандидаттың мықты және осал тұстары______________________________
____________________________________________________________________
6. Жүктелген міндеттерді орындай білу қабілеттігі___________________
____________________________________________________________________
7. Потенциал және мүмкіндіктер______________________________________
____________________________________________________________________
8. Қабылданатын шешімдердің тиімділігі______________________________
____________________________________________________________________
9. Жалпы жұмыс нәтижесіне қосылған жеке үлес________________________
____________________________________________________________________
10. Адамдармен өзара қарым-қатынасы_________________________________
____________________________________________________________________
11. Кандидатқа баға беру үшін пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат___________
____________________________________________________________________

      Осы ұсынымды беруші тұлға қызметі
     _______________________________________________________________
      Ұсыным берушінің жұмыс орны
     _______________________________________________________________
      Байланыс телефоны ____________________________________________
      Ұсыным берушінің қолы______________________
      Күні ___________________     

                                         Қаржы ұйымдары басшы    
                                      қызметкерлерінің лауазымына 
                                         кандидаттарды келісілу   
                                         Ережесінің 2-қосымшасы 

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .    

                                      200__ жылғы "___" ________
                                      N ______________ хаттама  

        Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына
            кандидатты Комиссияның қарау нәтижелері

___________________________________________________________
Кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты, қаржы ұйымының аты

___________________________________________________________________
N  |   Комиссия    | "Келісілсін",|   Ескерту     |    Комиссия
п/п|  мүшелерінің  |"келісілмесін"|   (Комиссия   |мүшелерінің қолы
   | фамилиясы аты |   нәтижесі   |  мүшелерінің  |   және күні
   | әкесінің аты  |              | ерекше пікірі)|
___________________________________________________________________
 1 |      2        |       3      |        4      |       5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің
     лауазымына кандидаттың Комиссияның
     Төрағасы                          __________________________

     Комиссияның шешімі: Келісілсін
                         Бас тартылсын