Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2952

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының атауына, 1-тармағына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы  қаулы етеді :
     1. Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесі бекітілсін.
     2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткен соң күшіне енеді.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу  
мен қадағалау жөніндегі агенттігі   
Басқармасының "Қаржы ұйымдары     
басшы қызметкерлерінің лауазымына   
кандидаттарды келісілу Ережесін    
бекіту туралы"             
2004 жылғы 12 маусымдағы        
N 157 қаулысымен бекітілді      

  Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
Ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

      Осы Ереже " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Сақтандыру қызметі туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, сондай-ақ келісім алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді (бұдан әрі - келісу). Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     3. Келісілуді уәкілетті орган тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып, не осы Ережелердің 12-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

     4. Қаржы ұйымы кандидатты келісілу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
     1) Қаржы ұйымы Директорлар Кеңесінің бірінші басшысы не осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы құрылтайшылардың (қатысушылардың) біреуі (жаңадан құрылатын қаржы ұйымы үшін не серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) қол қойған - бірінші басшыны және қаржы ұйымы Басқармасының мүшелерін тағайындаған кезде, және қаржы ұйымы Басқармасының бірінші басшысы не кадр мәселелеріне жетекшілік ететін оның орынбасары қол қойған - кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы құжатқа негіздеп тексергенін көрсете отырып, басқа басшы қызметкерлерді тағайындаған кезде еркін түрдегі өтінішті;
     2) Басқарманың бірінші басшысы (сақтандыру брокерінің бірінші басшысы) лауазымына кандидатты, Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымына кандидатты, бас бухгалтерді қоспағанда, кандидаттың лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін;
     3) кандидатты сайлау (тағайындау) туралы қаржы ұйымының уәкілетті органы шешімінің көшірмесін;
     4) осы Ереженің 1-қосымшасына орай электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы кандидат туралы мәліметтерді;
     5) кандидаттың жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;
     6) экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін құқықтық статистиканы қалыптастыру мен арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген анықтама нысанындағы сотталмағандығын немесе сотталғандығын жоюды растайтын құжатты (көрсетілген құжаттың берілген күні өтінішті беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан астам болмауы тиіс). Шетел азаматтары олардың азаматтығы бар елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар олар тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген дәл осындай мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады;
     7)  алынып тасталды
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы   N 35   Қаулысымен 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

     4-1. <*>
      Ескерту: 4-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

      5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда не ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржы ұйымы жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына ескертулерді көрсете отырып, жазбаша жауап қайтарады.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен өзгерту енгізілді - 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     6. Кандидатты келісілу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     7. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгеннен аспайтын мерзімде кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін күнін көрсете отырып хабарлайды.

     8. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидатты келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері беріледі. Комиссияның мүшелері құжаттарды қарайды және осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша қаралған мәселе жөнінде өз пікірін білдіреді.

     9. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі сауалнамалық жолмен қабылдана алады.

     10. Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау нәтижелері бойынша хатшы Комиссияның қабылдаған шешімі туралы хаттаманы ресімдейді.
     Қаржы ұйымы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның жіберуі арқылы кандидаттарды келісілу нәтижелері туралы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

      11. Хаттамамен рәсімделген Комиссияның ұсынымы бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім уәкілеті органның бірінші басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген негіздер бойынша шақырылып алынуы мүмкін.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

  2-тарау. Кандидаттарды келісілу

     12. Берілген құжаттардың негізінде шақырмай келісілуге:
     1) Басқарманың бірінші басшысын және сақтандыру брокерінің бірінші басшысын қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;
     2) қаржы рыногының осы секторында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген Басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына кандидаттар (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында);
     3) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері лауазымына кандидаттар;
     4) осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде үш жыл жұмыс стажы бар Басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы;
     5) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының Басқарма мүшелері, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары;
     6) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде бір жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкерлері;
     7)  алынып тасталды
     8)  алынып тасталды .
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы   N 35   Қаулысымен ,  2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісілу 30 сұрақ бойынша 30 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
     Кандидаттарды тестілеуге арналған сұрақтарды уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшелерінің қызметкерлеріне және қажет болған жағдайда, аудармашыға рұқсат беріледі.
     Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

     15. Тестілеудің дұрыс нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
     Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.
      Ескерту: 15-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш ете алады.

     17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табыла алмайды.

     18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

     19. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне дауыс құқығынсыз Комиссияның Төрағасы және/немесе оның орынбасары өтініш иесінің қатысуымен қатыса алады.

     20. Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

     21. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

     22. Аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.

     23. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін:
     тест нәтижелерін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырмай қалдыруды;
     кандидат шағымын қанағаттандыруды және оны қайтадан тестілеуге жіберуді қабылдайды.

     23-1. Қаржы ұйымының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім мынадай себептермен берілмеуі мүмкін:
     1) басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
     2) тестілеудің теріс нәтижесі.
      Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

  3-тарау. Қорытынды ережелер

     24. Уәкілетті орган онымен үміткерлері келісілген қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

     25. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер, сондай-ақ басшы қызметкерлерін басқа лауазымға аударуды және жұмыстан шығаруды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер жөнінде хабардар етеді.
     Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы   N 35   Қаулысымен 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .

     26. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.

                                         Қаржы ұйымдары басшы    
                                      қызметкерлерінің лауазымына 
                                         кандидаттарды келісілу   
                                         Ережесінің 1-қосымшасы 

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                            ____________
                                           |            |
                                           | Кандидаттың|
                                           |   суреті   |
                                           |            |
                                            ____________

       Қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына
                кандидат туралы мәліметтер

___________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының аты)
___________________________________________________________________
      (қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидаттың
                 тағайындалатын қызметі көрсетіледі)

     1. Жалпы мәліметтер:
___________________________________________________________________
Фамилиясы, аты,   _________________________________________________
әкесінің аты      _________________________________________________
                 (жеке куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкестігі,
                  фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда,
                  қашан және қандай себеппен олардың өзгергені
                  көрсетілсін)
____________________________________________________________________
Туған күні
және орны
____________________________________________________________________
Тұрақты тұратын   _________________________________________________
жері, телефонда.  _________________________________________________
рының нөмірі      (толық мекен-жай, жергілікті тұрғындар қосынының
                 кодымен қоса, қызмет, үй, ұялы, байланыс
                 телефондарының нөмірі көрсетілсін)
____________________________________________________________________
Азаматтық
____________________________________________________________________
Жекелікті
куәландырушы
құжаттың толық
деректемелері
____________________________________________________________________

     Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары), сонымен қатар сүйектестері (ерінің (зайыбының) аға-інісі, әпке-сіңлісі, ата-анасы, балалары) туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N |Фамилиясы, аты,|          | Туыстық  |
  |әкесінің аты   |Туған жылы|қатынастар| Жұмыс орны және лауазымы
____________________________________________________________________
1
2
N
____________________________________________________________________

     Заңды тұлғалардың жарғылық капиталға тікелей және жанама қатысуы:
____________________________________________________________________
N |  Аты және    |  Заңды тұлға    | Сіздің қатысуыңыздың сомасы
  | тұратын жері |   қызметінің    |       және үлесі
  |              |жарғылық түрлері |
____________________________________________________________________
1
2
3
____________________________________________________________________

     Алған заемдар туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N|Заем берген  | Заем   |       |       | Ұсынуды |Заем бойынша
 |  тұлғаның   |бойынша |Заемды |Заемды |толтырған|сыйақы ставкасы
 |атауы немесе |негізгі |берген |өтеген | кездегі | (%-пен жылдық)
 |  аты және   | борыш  |  күн  |  күн  | берешек |
 |тұратын жері |сомасы  |       |       | сомасы  |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     2. Кәсіби деректер:
____________________________________________________________________
Білімі, оның ішінде   ______________________________________________
жұмыстың профиліне    ______________________________________________
сәйкес кәсіби білімі  ______________________________________________
                     (оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің
                     аты және тұратын жері, оқыту кезеңі, иемденген
                     біліктілігі, білімі туралы дипломның
                     деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі,       ______________________________________________
оның ішінде жұмыс     ______________________________________________
істейтін сферасында   ______________________________________________
біліктілігін көтеру   (оқу орнының аты және тұратын жері, оқыту
курстары, ғылыми      кезеңі, білімі туралы дипломның
дәрежесі              деректемелері, сертификаты, куәліктері
                      көрсетілсін)

Қаржылық қызмет       ______________________________________________
көрсету және (немесе) ______________________________________________
реттеу сферасында.    ______________________________________________
ғы, оның ішінде       ______________________________________________
жұмыс істеуге         (қаржы ұйымдарындағы, қызмет түрі бойынша
ниеттенген облыстағы   аудитор, бухгалтер қызметін атқарудағы жұмыс
жұмыс тәжірибесі       жылының саны көрсетілсін)

Қаржылық қызмет       ______________________________________________
көрсету және (немесе) ______________________________________________
реттеу саласында      ______________________________________________
Басшылық лауазым.     ______________________________________________
дағы, оның ішінде     ______________________________________________
жұмыс істеуге         ______________________________________________
ниеттенген облыста.   (өзінде бар жұмыс тәжірибесін сипаттасын:
ғы жұмыс тәжірибесі   лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары)

Жеткен жетістіктері   ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     (осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы ғылыми
                     жарияланымның аты, ғылыми әзірлемелерге, заң
                     жобаларына және т.б. қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдарға      ______________________________________________
мүшелігі              ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     (осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы
                     Аудиторлар палатасы, актуарийлер көрсетілсін)

Осы мәселеге          ______________________________________________
қатысы бар басқа      ______________________________________________
ақпарат               ______________________________________________
                     (кандидаттың кәсіби құзыреттілігін
                      сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

     Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N   |Жұмыс  | Қызметті және лауазымдық міндеттерді атқаратын ұйымның
р/н |кезеңі | аты, ұйымның координаттары
    |(айы/  |
    |жылы)  |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     3. Басқа мәліметтер:
____________________________________________________________________

Экономикалық қызмет саласында жасалған          Иә/жоқ
қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен
мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы
жасалған сыбайлас жемқорлық және өзге де
қылмыстар үшін заңда белгіленген
тәртіппен өтелмеген немесе жойылмаған
соттылығының болуы

<*>  жол алынып тасталды .

Заңдарды бұзғаны үшін қызметтік            Иә/жоқ, егер "Иә" болса,
міндеттерін орындаудан қадағалау           онда әсер ету шарасын кім
органдарының шеттетуі туралы               қолданды
деректердің болуы

Бұрын банкрот деп танылған не              Ұйымның аты, лауазымы,
лицензияны қайтарып алу туралы,            жұмыс істеу кезеңі
еріксіз тарату, консервация,
акцияларды еріксіз сатып алу туралы
оған қатысты шешім қабылданған қаржы
ұйымының басшы қызметкері болып
табылды

Жауапкер ретінде, қаржы ұйымының          ________________________
басшысы ретінде қаржылық қызмет           ________________________
көрсету мәселесі бойынша сот ісін         (сот ісін қарауда
қарауда тартылды ма                       жауапкердің, қаралатын
                                         мәселенің және сот
                                         шешімінің күні, ұйымның
                                         аты көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат     ________________________
                                         ________________________
                                         (еркін түрде көрсетіледі)
___________________________________________________________________

     Мен (қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің қызметіне кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты), _______________________,
     осы ақпаратты менің мұқият тексергенімді және шүбасыз әрі толық екенін растаймын, және мен ұсынған күмәнды мәліметтердің болуы менің тағайындалуыма (сайлануыма) келісуді қайта қарау үшін негіз болып табылатындығын мойындаймын, __________________(қолы, күні).

                                         Қаржы ұйымдары басшы    
                                      қызметкерлерінің лауазымына 
                                         кандидаттарды келісілу   
                                         Ережесінің 2-қосымшасы 

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35   қаулысымен .    

                                      200__ жылғы "___" ________
                                      N ______________ хаттама  

        Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына
            кандидатты Комиссияның қарау нәтижелері

___________________________________________________________
Кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты, қаржы ұйымының аты

___________________________________________________________________
N  |   Комиссия    | "Келісілсін",|   Ескерту     |    Комиссия
п/п|  мүшелерінің  |"келісілмесін"|   (Комиссия   |мүшелерінің қолы
   | фамилиясы аты |   нәтижесі   |  мүшелерінің  |   және күні
   | әкесінің аты  |              | ерекше пікірі)|
___________________________________________________________________
 1  |      2        |       3      |        4      |       5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің
     лауазымына кандидаттың Комиссияның
     Төрағасы                          __________________________

     Комиссияның шешімі: Келісілсін
                         Бас тартылсын