Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2952

Жаңартылған

     Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді :
     1. Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесі бекітілсін.
     2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткен соң күшіне енеді.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу  
мен қадағалау жөніндегі агенттігі   
Басқармасының "Қаржы ұйымдары     
басшы қызметкерлерінің лауазымына   
кандидаттарды келісілу Ережесін    
бекіту туралы"             
2004 жылғы 12 маусымдағы        
N 157 қаулысымен бекітілді      

Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісілу
Ережесі

     Осы Ереже " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ", " Сақтандыру қызметі туралы ", " Бағалы қағаздар туралы ", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ", " Кредиттік серіктестіктер туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді есептей отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісілу тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Уәкілетті органмен келісілуге Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттар (бұдан әрі - кандидат) жатады. Уәкілетті органмен келісілуге тиісті, осы Ережелердің 2-тармағымен көзделгеннен басқа қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.

     2. Осы Ережелермен көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісілуге атқарушы органның бірінші басшысы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтері (кредиттік серіктестіктерден басқа) жатады.
     Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өзге басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілуге жатпайды.

     3. Келісілуді уәкілетті орган тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып, не осы Ережелердің 12-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

     4. Қаржы ұйымы кандидатты келісілу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
     1) Қаржы ұйымы Директорлар Кеңесінің Төрағасы не осы құжатқа қол қоюға уәкілетті құрылтайшылардың (қатысушылардың) біреуі (серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) қол қойған - Төрағаны және қаржы ұйымы Басқармасының мүшелерін тағайындаған кезде, және қаржы ұйымы Басқармасының төрағасы не кадр мәселелеріне жетекшілік ететін оның орынбасары қол қойған - кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы құжатқа негіздеп тексергенін көрсете отырып, басқа басшы қызметкерлерді тағайындаған кезде еркін түрдегі өтінішті;
     2) кандидаттың лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін, Басқарма Төрағасының және қаржы ұйымының басқару органының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (атқарушы органның бірінші басшысы) және Директорлар Кеңесі Төрағасының және бас бухгалтердің лауазымына кандидаттан басқа;
     3) кандидатты сайлау (тағайындау) туралы қаржы ұйымының уәкілетті органы шешімінің көшірмесін немесе шешімінен үзіндіні;
     4) осы Ереженің 1-қосымшасына орай электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы кандидат туралы мәліметтерді;
     5) кандидаттың жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;
     6) кандидаттың сотталмағандығы немесе сотталғандығын жою туралы анықтаманы (көрсетілген анықтаманың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан астам болмауы тиіс);
     7) сәйкес санаттың біліктілік куәлігінің көшірмесін (лицензия алуға үміткер немесе бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның кандидатын келісілу үшін).
     Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысымен .

     4-1. Уәкілетті органмен бұрын келісілген қаржы ұйымының басшы қызметкері уәкілетті органмен келісуге жататын сол қаржы ұйымында басқа лауазымға тағайындалған жағдайда, қаржы ұйымы өтінішті және осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
     Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысымен .

     5. Осы Ереженің 4 және 4-1 тармақтарында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
     Осы Ереженің 4 және 4-1 тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін берген жағдайда, уәкілетті орган қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды қарамай қаржы ұйымына қайтарады.
     Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысымен .

     6. Кандидатты келісілу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

     7. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгеннен аспайтын мерзімде кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін күнін көрсете отырып хабарлайды.

     8. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидатты келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері беріледі. Комиссияның мүшелері құжаттарды қарайды және осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша қаралған мәселе жөнінде өз пікірін білдіреді.

     9. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі сауалнамалық жолмен қабылдана алады.

     10. Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау нәтижелері бойынша хатшы Комиссияның қабылдаған шешімі туралы хаттаманы ресімдейді.
     Қаржы ұйымы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның жіберуі арқылы кандидаттарды келісілу нәтижелері туралы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

     11. Комиссия Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген негіз бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымын алуға берілген келісуді қайта қарай (қайтарып ала) алады.

2-тарау. Кандидаттарды келісілу

     12. Берілген құжаттардың негізінде шақырмай келісілуге:
     1) атқарушы органның бірінші басшысын қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;
     2) қаржы рыногының осы секторында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидаттар (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында);
     3) қаржы ұйымының басқару органының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттар, кредиттік серіктестік Басқармасының мүшелері;
     4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде үш жыл жұмыс стажы бар қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы;
     5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының бас бухгалтері және оның орынбасары, атқарушы органының бірінші басшысының орынбасары, Басқарма мүшелері;
     6) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қызметі қаржылық қызмет көрсетуге не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басқармасының мүшесі ретіндегі қызметке байланысты болған қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы болып кемінде бір жыл жұмыс стажы бар, әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда, қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкерлері;
     7) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар немесе лицензияны алуға үміттенген, тиісті санатты біліктілік куәлігі бар, заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері;
     8) Басқарманың төрағасы (атқарушы органның бірінші басшысы), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, оның ішінде кредиттік серіктестіктің, ломбардтың бас бухгалтері - қаржы ұйымында кандидаттың жұмыс стажы болғанда, егер оның қызметі кемінде бір жыл қаржылық қызмет көрсетумен байланысты болса, қаржы ұйымында әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда.
     Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысымен .

     13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісілу 30 сұрақ бойынша 30 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
     Кандидаттарды тестілеуге арналған сұрақтарды Комиссияның төрағасы бекітеді.

     14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшелерінің қызметкерлеріне және қажет болған жағдайда, аудармашыға рұқсат беріледі.
     Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

     15. Тестілеудің дұрыс нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
     Тестілеудің теріс нәтижесі кандидатты тағайындауға (сайлауға) келісім беруде бас тарту үшін негіз болып табылады.
     Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.

     16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш ете алады.

     17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табыла алмайды.

     18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

     19. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне дауыс құқығынсыз Комиссияның Төрағасы және/немесе оның орынбасары өтініш иесінің қатысуымен қатыса алады.

     20. Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

     21. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

     22. Аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.

     23. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін:
     тест нәтижелерін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырмай қалдыруды;
     кандидат шағымын қанағаттандыруды және оны қайтадан тестілеуге жіберуді қабылдайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     24. Уәкілетті орган онымен үміткерлері келісілген қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

     25. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде хабардар етеді.
     Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 Қаулысымен .

     26. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.

                                         Қаржы ұйымдары басшы    
                                      қызметкерлерінің лауазымына
                                         кандидаттарды келісілу   
                                         Ережесінің 1-қосымшасы   

                                            ____________
                                           |            |
                                           | Кандидаттың|
                                           |   суреті   |
                                           |            |
                                            ____________

       Қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына
                кандидат туралы мәліметтер

___________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының аты)
___________________________________________________________________
      (қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидаттың
                 тағайындалатын қызметі көрсетіледі)

     1. Жалпы мәліметтер:
___________________________________________________________________
Фамилиясы, аты,   _________________________________________________
әкесінің аты      _________________________________________________
                 (жеке куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкестігі,
                  фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда,
                  қашан және қандай себеппен олардың өзгергені
                  көрсетілсін)
____________________________________________________________________
Туған күні
және орны
____________________________________________________________________
Тұрақты тұратын   _________________________________________________
жері, телефонда.  _________________________________________________
рының нөмірі      (толық мекен-жай, жергілікті тұрғындар қосынының
                 кодымен қоса, қызмет, үй, ұялы, байланыс
                 телефондарының нөмірі көрсетілсін)
____________________________________________________________________
Азаматтық
____________________________________________________________________
Жекелікті
куәландырушы
құжаттың толық
деректемелері
____________________________________________________________________

     Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары), сонымен қатар сүйектестері (ерінің (зайыбының) аға-інісі, әпке-сіңлісі, ата-анасы, балалары) туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N |Фамилиясы, аты,|          | Туыстық  |
  |әкесінің аты   |Туған жылы|қатынастар| Жұмыс орны және лауазымы
____________________________________________________________________
1
2
N
____________________________________________________________________

     Заңды тұлғалардың жарғылық капиталға тікелей және жанама қатысуы:
____________________________________________________________________
N |  Аты және    |  Заңды тұлға    | Сіздің қатысуыңыздың сомасы
  | тұратын жері |   қызметінің    |       және үлесі
  |              |жарғылық түрлері |
____________________________________________________________________
1
2
3
____________________________________________________________________

     Алған заемдар туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N|Заем берген  | Заем   |       |       | Ұсынуды |Заем бойынша
 |  тұлғаның   |бойынша |Заемды |Заемды |толтырған|сыйақы ставкасы
 |атауы немесе |негізгі |берген |өтеген | кездегі | (%-пен жылдық)
 |  аты және   | борыш  |  күн  |  күн  | берешек |
 |тұратын жері |сомасы  |       |       | сомасы  |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     2. Кәсіби деректер:
____________________________________________________________________
Білімі, оның ішінде   ______________________________________________
жұмыстың профиліне    ______________________________________________
сәйкес кәсіби білімі  ______________________________________________
                     (оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің
                     аты және тұратын жері, оқыту кезеңі, иемденген
                     біліктілігі, білімі туралы дипломның
                     деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі,       ______________________________________________
оның ішінде жұмыс     ______________________________________________
істейтін сферасында   ______________________________________________
біліктілігін көтеру   (оқу орнының аты және тұратын жері, оқыту
курстары, ғылыми      кезеңі, білімі туралы дипломның
дәрежесі              деректемелері, сертификаты, куәліктері
                     көрсетілсін)

Қаржылық қызмет       ______________________________________________
көрсету сферасында.   ______________________________________________
ғы, оның ішінде       ______________________________________________
жұмыс істеуге         (қаржы ұйымдарындағы, қызмет түрі бойынша
ниеттенген облыстағы   аудитор, бухгалтер қызметін атқарудағы жұмыс
жұмыс тәжірибесі       жылының саны көрсетілсін)

Басшылық лауазым.     ______________________________________________
дағы, оның ішінде     ______________________________________________
жұмыс істеуге         ______________________________________________
ниеттенген облыста.   (өзінде бар жұмыс тәжірибесін сипаттасын:
ғы жұмыс тәжірибесі   лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары)

Жеткен жетістіктері   ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     (осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы ғылыми
                     жарияланымның аты, ғылыми әзірлемелерге, заң
                     жобаларына және т.б. қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдарға      ______________________________________________
мүшелігі              ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     (осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы
                     Аудиторлар палатасы, актуарийлер көрсетілсін)

Өтініш иесіне         ______________________________________________
(лицензиатқа)         ______________________________________________
уәкілетті орган       ______________________________________________
берген сәйкес         (біліктілік куәлігінің нөмірі, күні
санаттың біліктілік    көсетілсін)
куәлігі

Осы мәселеге          ______________________________________________
қатысы бар басқа      ______________________________________________
ақпарат               ______________________________________________
                     (кандидаттың кәсіби құзыреттілігін
                      сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

     Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
N  |Жұмыс  | Қызметті және лауазымдық міндеттерді атқаратын ұйымның
р/н |кезеңі | аты, ұйымның координаттары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     3. Басқа мәліметтер:
____________________________________________________________________
Заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген     Иә/жоқ
немесе жойылмаған сотталғандығының болуы

Қаржы саласында әкімшілік құқық            Иә/жоқ,
бұзушылық жасағаны үшін жыл бойы бір       егер "Иә" болса, онда
немесе екі рет әкімшілік жауапкершілікке   әкімшілік
тартылуы туралы деректердің болуы          жауапкершілікке тарту
                                          туралы қаулының,
                                          әкімшілік құқық бұзушылық
                                          туралы Қазақстан
                                          Республикасының Кодексі
                                          бабының күні және
                                          нөмірі, әкімшілік
                                          жауапкершілікке тарту
                                          туралы қаулының
                                          орындалуы көрсетілсін.

Заңдарды бұзғаны үшін қызметтік            Иә/жоқ, егер "Иә" болса,
міндеттерін орындаудан қадағалау           онда әсер ету шарасын кім
органдарының шеттетуі туралы               қолданды
деректердің болуы

Бұрын банкрот деп танылған не              Ұйымның аты, лауазымы,
лицензияны қайтарып алу туралы,            жұмыс істеу кезеңі
еріксіз тарату, консервация,
акцияларды еріксіз сатып алу туралы
оған қатысты шешім қабылданған қаржы
ұйымының басшы қызметкері болып
табылды

Жауапкер ретінде, қаржы ұйымының          ________________________
басшысы ретінде қаржылық қызмет           ________________________
көрсету мәселесі бойынша сот ісін         (сот ісін қарауда
қарауда тартылды ма                       жауапкердің, қаралатын
                                         мәселенің және сот
                                         шешімінің күні, ұйымның
                                         аты көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат     ________________________
                                         ________________________
                                         (еркін түрде көрсетіледі)
___________________________________________________________________

     Мен (қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің қызметіне кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты), _______________________,
     осы ақпаратты менің мұқият тексергенімді және шүбасыз әрі толық екенін растаймын, және мен ұсынған күмәнды мәліметтердің болуы менің тағайындалуыма (сайлануыма) келісуді қайта қарау үшін негіз болып табылатындығын мойындаймын, __________________(қолы, күні).

                                         Қаржы ұйымдары басшы    
                                      қызметкерлерінің лауазымына
                                         кандидаттарды келісілу   
                                         Ережесінің 2-қосымшасы   

                                      200__ жылғы "___" ________
                                      N ______________ хаттама  

 Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидатты
     Біліктілік жөніндегі комиссияның қарау нәтижелері

___________________________________________________________
Кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты, қаржы ұйымының аты

___________________________________________________________________
N |   Комиссия    | "Келісілсін",|   Ескерту     |    Комиссия
п/п|  мүшелерінің  |"келісілмесін"|   (Комиссия   |мүшелерінің қолы
  | фамилиясы аты |   нәтижесі   |  мүшелерінің  |   және күні
  | әкесінің аты  |              | ерекше пікірі)|
___________________________________________________________________
1 |      2        |       3      |        4      |       5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің
     лауазымына кандидаттың Біліктілік
     жөніндегі комиссиясының Төрағасы __________________________

     Комиссияның шешімі: Келісілсін
                         Бас тартылсын