Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
      2. Осы қаулы және Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының  және осы қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының  және осы қаулымен бекiтiлген Екiнші деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың өзгерiстерi мен толықтыруларының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының банктеріне клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы
Нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      2. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      3. Банктiк есепшот - банк пен клиент арасында депозит (салым) қабылдау және шартта, заңда көзделген және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларымен қолданылатын клиентке банктiк қызмет көрсетуге байланысты банктiк операциялар жүргiзу жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.

      4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді.
      Ағымдағы және жинақ есепшоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.
      Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

      6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

      7. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аударым операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болса ғана корреспонденттiк есепшоттар ашылады.

2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша
банктiк есепшоттар ашу тәртiбi

      8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттiк есепшот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.

      9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi:
      1) шарттың мәнi;
      2) банктiк есепшот ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi;
      3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртiбi;
      4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
      Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.

      10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.

      11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      статистикалық карточкасының көшiрмесi;
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген, белгiленген нысандағы құжаттың көшірмесi;
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттiң қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты;
      2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттерi үшiн:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) жеткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген жерi бойынша салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған (құрылу үшiн арнаулы тiркеу талап етiлмейтiн ұйымдарды қоспағанда) және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етiлген құжаттан үзiндi-көшiрме;
      қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң банктiк шотын жүргiзуге (банктiк шоттағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгін растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      5) шаруа (фермер) қожалықтары үшiн:
      қол қою үлгілерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық
қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігiн растайтын уәкiлетті орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
      6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары үшiн (бұдан әрi - қаржы ұйымы):
      қаржы ұйымы тарату комиссиясының бiрiншi және екiншi қол үлгiлерi не бiрiншi қол үлгiсi және таратылатын қаржы ұйымының мөр таңбасы бар құжат;
      таратылатын қаржы ұйымын салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      қаржы ұйымын тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкiлеттi орган не акционерлердiң жалпы жиналысы) шешiмiнiң көшiрмесi;
      сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына банктiк және басқа да операцияларды жүргiзуге лицензияны қайтарып алу туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесi;
      банктер, олардың филиалдары үшiн - таратылатын қаржы ұйымының екiншi деңгейдегi банктерде ағымдағы есепшотын ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi рұқсатының көшiрмесi.
      7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi берген, оның тiркелгенiн растайтын белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382 қаулысымен , 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

3-тарау. Банктiк салым шарты бойынша
банк есепшоттарын ашу тәртiбi

      12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға мiндеттенедi.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктiң клиенттерi болып саналады.

      14. Банктiк салым шартында мыналар болуы тиiс:
      1) шарттың мәні;
      2) жинақ есепшотын ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi;
      3) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
      Шартта Тараптар келiскен, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкін.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.

      16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.
      Депозиттiк сертификат немесе салымшы кiтапшасы (жинақ кiтапшасы) салым құжаты болып табылады.
      Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.

      17. Жинақ есепшоты ашу үшiн салымшы клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының салымшы заңды тұлғалары-резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      статистикалық карточкасының көшiрмесi;
      мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) не клиенттiң қызметiн үлгi жарғы негiзiнде растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      2) Қазақстан Республикасының салымшы жеке тұлғалары-резиденттерi үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған (құрылу үшiн арнаулы тiркеу талап етiлмейтiн ұйымдарды қоспағанда) және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етiлген құжаттан үзiндi-көшiрме;
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес
клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шотындағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы жеке тұлғалар үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесі жеке басын куәландыратын құжат.
      Ескерту: 17-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      18. Белгілі бiр үшiншi адамның - клиенттiң атына жинақ есепшотын ашу үшiн салымшы банкке мынадай құжаттар ұсынуға міндеттi:
      1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):
      есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат куәландырған сенiмхат;
      жинақ шотын ашу кезiнде осындай құжатты ұсыну талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      заңды тұлғаның (филиалдың, өкiлдiктiң) - клиенттiң мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
      2) жеке тұлға:
      есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат куәландырған сенiмхат;
      клиенттiң салық есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық
қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi (eгep клиент салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылған және оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген жағдайда);
      он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн - туу туралы куәлiк;
      салымшының жеке басын куәландыратын құжат.
      Ескерту: 18-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
      Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi жоқ.    

4-тарау. Банктiк есепшот ашуға және жүргiзуге
қойылатын жалпы талаптар

      20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше есепшот ашқан жағдайда банк есепшот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлғалар - клиенттер үшiн - қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар құжаттан, жеке тұлғалар - клиенттер үшiн жеке басын куәландыратын құжаттан басқасын) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
      1) егер клиент алғашқы есепшотын ашқан банкте (филиалда) банктiк есепшот ашатын болса;
      2) егер клиентке алғашқы есепшот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Нұсқаулыққа сәйкес банктiк есепшот ашуына қажеттi құжаттардың бәрi бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпеуге құқылы.
      Клиенттiң алғашқы есепшоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттарының бәрi бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық тәсiлмен беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртiбiн банк дербес белгiлейдi.
      Клиенттiң банктiк шот ашу үшiн осы Нұсқаулықта көзделген басқа құжаттарды банкке ұсынуы шартымен заңды тұлға клиенттер үшiн қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар бiр құжат негiзiнде бiр мезгiлде клиенттiң бiр банкте (филиалда, бөлiмшеде) бiрнеше банктiк шотын ашуға жол берiледi.
      Ескерту: 20-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен

      21. Ашылатын есепшоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъект екенiне қарай банк Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе банк тiкелей белгiлеген болса, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы.

      22. Есепшот ашу үшiн клиент берген құжаттардың, клиенттiң жеке басын куәландыратын құжаттан (кәмелетке толмаған клиенттiң тууы туралы куәлiктен) басқасы банкте әрбiр клиент бойынша арнайы ашылған iсте шартпен бiрге тiгiлiп, сақталуға тиiс.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .           

      23. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға банктiк есепшот ашылғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде банктер бұл жайында тиiстi салық қызметi органдарын хабардар етуге мiндеттi.

      24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртiбiмен жасалады.

      25. Банктiк есепшоттар бойынша көшiрмелердi банктер шартқа сәйкес бередi. Банк клиентке оның есепшоттары бойынша көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуге.

      26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi.

      27. Банктiк есепшоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу немесе банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде қайта жүргiзiледi.

      28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөнiндегi iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды.

      29. Банкке уәкiлеттi органдардың банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтату туралы шешiмдерi түскен жағдайда, банк мұндай есепшотта шығыс операцияларын жүргiзудi тоқтатады.

5-тарау. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар
құжаттардың ресiмдеу тәртiбi

      30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған N 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi және екiншi қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарды ұсынады.
      Жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерінде жасалған N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.

      31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.
      Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi.
      Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам жоқ болса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды да бұл жайында осы құжатқа тиiстi жазу жазылады.
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiстi.
      Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды.
      Арнайы мақсаттарға ("кадрлар бөлiмi", "пакет үшiн" және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.

      32. Банк қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елдi мекендерде қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгізiлген адамдардың қойған қолын жергiлiктi атқарушы өкiмет органы растайды.
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгісi бар құжатты осы Нұсқаулықтың 33-тармағында көздеген жағдайдан басқа кезде банк уәкiлеттiк берген адамның растауына болады.

      33. Клиент қол қою құқығын басқа адамға (адамдарға) уақытша берген жағдайда тиiстi қол қою үлгiсi бар, нотариат куәландырған, не клиенттiң банкте тiкелей қатысуымен куәландырылған уақытша құжат Нұсқаулықтың осы тарауында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.

      34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда банк клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге құқылы. Мөр дайын болғанға дейiн банк пен клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi, бұл жайында шартта көрсетiлуi тиiс.

      35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi.
      Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі - банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс.

      36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Нұсқаулықта көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.

6-тарау. Уақытша жинақ есепшоты

      37. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды төлегенiн растайтын құжат ұсынуы қажет болатын жаңадан құрылған заңды тұлға үшiн банктiк салым шарты (шартты салым) негiзiнде банк уақытша жинақ есепшотын ашады.

      38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.

      39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет:
      уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш;
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi.

      40. Мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.

      41. Заңды тұлға мемлекеттік тiркеуден өтпеген жағдайда банк заңды тұлғаның құрылтайшылары уәкiлеттiк берген жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша оған тиiстi ақша сомасын құрылтайшылардың атына аудару туралы тапсырмаларды қоса беру арқылы уақытша жинақ есепшотын жабады және осы тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) ақшаны қайтарады.

7-тарау. Банктiк есепшоттарды жабу

      42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады.
      Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.

      43. Заңды тұлғаның - клиенттiң таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның есепшотында бiр жылдан астам, ал жеке тұлғаның есепшотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмағаны болған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның - клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорт-импорт келiсiм-шарттары бойынша клиентте орындалмаған талаптар болған кезде ағымдағы шотты жабуға тыйым салынады.
      Ескерту: 43-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382 қаулысымен , 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен .

      44. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiкпен айналысқан жеке тұлғаның банктiк есепшоты жабылғаннан кейiн банк он күндiк мерзiмде бұл туралы тиiстi салық
қызметi органдарына жазбаша хабарлауға мiндеттi.

      45. Банк уақытша жинақ есепшотты Нұсқаулықтың осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.

      46. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменiң банктiк есепшотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мемлекеттiк мекеменiң банктiк есепшотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.    

8-тарау. Қорытынды ережелер

      47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешіледі.    

      Төраға

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы нұсқаулыққа  
1 қосымша       

Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар
Құжат

Банктің клиенті                       Кодтары       Банктің
(толық атауы)                                       белгілері
____________________________________________________________________
 Банк клиентінің мекен-жайы
____________________________________________________________________                            тел.
____________________________________________________________________
Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)
 (толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы,
 бөлімшесі)
____________________________________________________________________                              тел.
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері (ағымдағы, жинақ,
 корреспонденттік)
____________________________________________________________________
 Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
 келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
 барлық операцияларды жүргізген кезде міндетті
 деп саналсын.
____________________________________________________________________
Лауазымы     Аты-жөні       Қойылған қолдың үлгісі    Мөр таңбасының
                                                          үлгісі
____________________________________________________________________
Бірінші қолы
____________________________________________________________________
 Екінші қолы
____________________________________________________________________
 Келесі бет
____________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың
                  !                      !            !қойған қолда.
                  !                      !            !ры мен
                  !                      !            !   мөрлері
____________________________________________________________________                                                          (қолдары)
                                                            (мөр)
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы нұсқаулыққа  
2 қосымша     

Қол қою үлгісі бар

Құжат

Банктің клиенті                          Кодтары        Банктің
                                                       белгілері
____________________________________________________________________
 Банк клиентінің мекен-жайы, телефоны
____________________________________________________________________
 Жұмыс орны, телефоны
 (толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері (ағымдағы, жинақ)
____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
 Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
 келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
 барлық операцияларды жүргізген кезде
 міндетті деп саналсын.
____________________________________________________________________

     Аты-жөні                              Қол қою үлгісі
____________________________________________________________________

Келесі бет
____________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың
                  !                      !            !қойған қолда.
                  !                      !            !ры мен
                  !                      !            !мөрлері
____________________________________________________________________                                                          (қолдары)
                                                             (мөр)
____________________________________________________________________