Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 2 маусым N 266 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілде N 1199 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
      2. Осы қаулы және Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 V970307_ қаулысының және осы қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 V980659_ қаулысының және осы қаулымен бекiтiлген Екiнші деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықтың өзгерiстерi мен толықтыруларының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының банктеріне клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                     Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген

        Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің
     банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы
                         Нұсқаулық



                  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының K941000_ Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Z952155_ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлықтарына, "Ақша төлемi және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Z980237_ Заңына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде K941000_ , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығында, "Ақша төлемi және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      3. Банктiк есепшот - банк пен клиент арасында депозит (салым) қабылдау және шартта, заңда көзделген және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларымен қолданылатын клиентке банктiк қызмет көрсетуге байланысты банктiк операциялар жүргiзу жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
      4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ және корреспондеттік есепшоттар болып бөлінеді.
      Ағымдағы және жинақ есепшоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.
      Корреспондеттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
      6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
      7. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аударым операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болса ғана корреспонденттiк есепшоттар ашылады.

              2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша
                 банктiк есепшоттар ашу тәртiбi

      8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттiк есепшот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
      9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi:
      1) шарттың мәнi;
      2) банктiк есепшот ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi;
      3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртiбi;
      4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
      Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.
      10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
      11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттің салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген, белгiленген нысандағы құжаттың көшірмесi;
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттiң қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты;
      2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттерi үшiн:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) жеткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң Қазақстан Республикасында, резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген орны бойынша (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тiркеуден өтуге тиiс болса) салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгін растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      5) шаруа (фермер) қожалықтары үшiн:
      қол қою үлгілерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттің салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігiн растайтын уәкiлетті орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жердi пайдалану үшiн жер учаскесiн беру туралы құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.
      6) таратылатын банктер, олардың филиалдары үшiн:
      бiрiншi және екiншi қол қою үлгiлерi не банктiң тарату комиссиясының бiрiншi қол қою үлгiсi бар және таратылатын банктiң мөр таңбасы бар құжат;
      таратылатын банктiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      банктi тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiмнiң

(сот, уәкiлеттi орган не банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң) 
көшiрмесi;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының банктiк операциялар 
жүргiзуге берiлген лицензияның күшiн жою туралы қаулысының көшiрмесi;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң таратылатын банктiң екiншi 
деңгейдегi банктерде ағымдағы есепшотын ашуға берiлген рұқсатының 
көшiрмесi.
     7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн: 
     қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
     Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi берген, оның 
тiркелгенiн растайтын белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
     
           3-тарау. Банктiк салым шарты бойынша
            банк есепшоттарын ашу тәртiбi
     


      12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға, банктiк салым шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
      13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктiң клиенттерi болып саналады.
      14. Банктiк салым шартында мыналар болуы тиiс:
      1) шарттың мәні;
      2) жинақ есепшотын ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi;
      3) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
      Шартта Тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.
      15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
      16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.
      Депозиттiк сертификат немесе салымшы кiтапшасы (жинақ кiтапшасы) салым құжаты болып табылады.
      Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.
      17. Жинақ есепшоты ашу үшiн салымшы клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының салымшы заңды тұлғалары-резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) не клиенттiң қызметiн үлгi жарғы негiзiнде растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      2) Қазақстан Республикасының салымшы жеке тұлғалары-резиденттерi үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      клиенттiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      Егер де салымды әке-шешесi, өзге де заңды өкiлдер немесе үшiншi бiр тұлғалар салатын клиент он алты жасқа толмаған, кәмелетке жетпеген адам болса, әке-шешесiнiң, өзге де заңды өкiлдердiң немесе үшiншi бiр тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат және клиенттің тууы туралы куәлiк, сондай-ақ салық қызметi органы берген, кәмелетке толмаған адамның салық есебіне қойылғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы (кәмелетке толмаған адам салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып, оған салық төлеушiнiң тiркеу номерi берiлген жағдайда) ұсынылады.
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттiң Қазақстан Республикасында, резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген орны бойынша (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тiркеуден өтуге тиiс болса) салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы жеке тұлғалар үшін:
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесі жеке басын куәландыратын құжат.
      18. Белгілі бiр үшiншi адамның атына жинақ есепшотын ашу үшiн салымшы банкке мынадай құжаттар ұсынуға міндеттi:
      1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):
      есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат куәландырған сенiмхат клиенттiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы берген құжаттың түпнұсқасы;
      заңды тұлғаның (филиалдың, өкiлдiктiң) - клиенттiң мемлекеттiк

тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген 
белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
     2) жеке тұлға:
     есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат 
куәландырған сенiмхат;
     клиенттiң салық есебiне қойылғандығын растайтын салық қызметi органы 
берген құжаттың түпнұсқасы;
     салымшының жеке басын куәландыратын құжат.
     19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға 
уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
     Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның 
(әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi 
жоқ.
     
             4-тарау. Банктiк есепшот ашуға және жүргiзуге
                    қойылатын жалпы талаптар
     


      20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше есепшот ашқан жағдайда банк есепшот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлғалар - клиенттер үшiн - қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар құжаттан, жеке тұлғалар - клиенттер үшiн қол қою үлгiсi бар құжаттан және жеке басын куәландыратын құжаттан басқасын) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
      1) егер клиент алғашқы есепшотын ашқан банкте (филиалда) банктiк есепшот ашатын болса;
      2) егер клиентке алғашқы есепшот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Нұсқаулыққа сәйкес банктiк есепшот ашуына қажеттi құжаттардың бәрi бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпеуге құқылы.
      Клиенттiң алғашқы есепшоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттарының бәрi бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық тәсiлмен беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртiбiн банк дербес белгiлейдi.
      21. Ашылатын есепшоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъект екенiне қарай банк Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе банк тiкелей белгiлеген болса, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы.
      22. Есепшот ашу үшiн клиент берген құжаттардың, клиенттiң жеке басын куәландыратын құжаттан (кәмелетке толмаған клиенттiң тууы туралы куәлiктен) басқасы банкте әрбiр клиент бойынша арнайы ашылған iсте шарттың түпнұсқасымен және салық қызметi органы берген клиенттiң салық есебiне қойылғанын растайтын құжаттың ксерокөшiрмесiмен бiрге тiгiлiп, сақталуға тиiс. Ал ол көшiрменi банк клиент банк есепшотын ашқан кезде тапсырған осы құжаттың түпнұсқасынан алады да, түпнұсқасын клиентке қайтарады.
      23. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға банктiк есепшот ашылғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде банктер бұл жайында тиiстi салық қызметi органдарын хабардар етуге мiндеттi.
      24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртiбiмен жасалады.
      25. Банктiк есепшоттар бойынша көшiрмелердi банктер шартқа сәйкес бередi. Банк клиентке оның есепшоттары бойынша көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуге.
      26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi.
      27. Банктiк есепшоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу немесе банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде қайта жүргiзiледi.
      28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөнiндегi iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды.
      29. Банкке уәкiлеттi органдардың банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтату туралы шешiмдерi түскен жағдайда, банк мұндай есепшотта шығыс операцияларын жүргiзудi тоқтатады.

        5-тарау. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар
                құжаттардың ресiмдеу тәртiбi

      30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған N 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi және екiншi қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарды ұсынады.
      Жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерінде жасалған N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
      31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.
      Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi.
      Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам жоқ болса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды да бұл жайында осы құжатқа тиiстi жазу жазылады.
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiстi.
      Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды.
      Арнайы мақсаттарға ("кадрлар бөлiмi", "пакет үшiн" және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.
      32. Банк қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елдi мекендерде қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгізiлген адамдардың қойған қолын жергiлiктi атқарушы өкiмет органы растайды.
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгісi бар құжатты осы Нұсқаулықтың 33-тармағында көздеген жағдайдан басқа кезде банк уәкiлеттiк берген адамның растауына болады.
      33. Клиент қол қою құқығын басқа адамға (адамдарға) уақытша берген жағдайда тиiстi қол қою үлгiсi бар, нотариат куәландырған, не клиенттiң банкте тiкелей қатысуымен куәландырылған уақытша құжат Нұсқаулықтың осы тарауында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
      34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда банк клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге құқылы. Мөр дайын болғанға дейiн банк пен клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi, бұл жайында шартта көрсетiлуi тиiс.
      35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi.
      Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі - банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс.
      36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Нұсқаулықта көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.

             6-тарау. Уақытша жинақ есепшоты

      37. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды төлегенiн растайтын құжат ұсынуы қажет болатын жаңадан құрылған заңды тұлға үшiн банктiк салым шарты (шартты салым) негiзiнде банк уақытша жинақ есепшотын ашады.
      38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.
      39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет:
      уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш;
      қол қою үлгiсi бар құжат;
      құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi.
      40. Мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.
      41. Заңды тұлға мемлекеттік тiркеуден өтпеген жағдайда банк заңды тұлғаның құрылтайшылары уәкiлеттiк берген жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша оған тиiстi ақша сомасын құрылтайшылардың атына аудару туралы тапсырмаларды қоса беру арқылы уақытша жинақ есепшотын жабады және осы тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) ақшаны қайтарады.

              7-тарау. Банктiк есепшоттарды жабу

      42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады.
      Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
      43. Есепшот заңды тұлғаның - клиенттiң таратылуына немесе қайта

құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның есепшотында бiр жылдан астам, 
ал жеке тұлғаның есепшотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына 
байланысты жабылған жағдайдан басқа кезде осы есепшотқа қойылған 
талаптардың орындалмағаны болған жағдайда банктiк есепшотты жабуға тыйым 
салынады.
     44. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiкпен 
айналысқан жеке тұлғаның банктiк есепшоты жабылғаннан кейiн банк он күндiк 
мерзiмде бұл туралы тиiстi салық қызметi органдарына жазбаша хабарлауға 
мiндеттi.
     45. Банк уақытша жинақ есепшотты Нұсқаулықтың осы тарауында 
белгіленген тәртiппен жабады.
     46. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменiң 
банктiк есепшотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы 
мемлекеттiк мекеменiң банктiк есепшотын ашуға берген рұқсатты қайтарып 
алған жағдайда жабады.
     
            8-тарау. Қорытынды ережелер
     
     47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және 
жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық 
даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 
шешіледі.
     
     Төраға


                                                  Қазақстан Республикасы   

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа 1 қосымша


          Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар

                       Құжат
     
 Банктің клиенті                               Кодтары       Банктің
 (толық атауы)                                              белгілері
 _______________________________________________________________________  
 Банк клиентінің мекен-жайы
 _______________________________________________________________________   
    
                            тел.
 _______________________________________________________________________  
 Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)
 (толық атауы)
 _______________________________________________________________________   
 Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, 
 бөлімшесі)
 _______________________________________________________________________   
                              тел.
 _______________________________________________________________________   
 Банктік есепшот түрлері (ағымдағы, жинақ, 
 корреспонденттік)
 _______________________________________________________________________  
 Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
 _______________________________________________________________________  
 Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
 келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша 
 барлық операцияларды жүргізген кезде міндетті
 деп саналсын.
 ________________________________________________________________________
  Лауазымы     Аты-жөні       Қойылған қолдың үлгісі      Мөр таңбасының
                                                                үлгісі
 ________________________________________________________________________
 Бірінші қолы
 _______________________________________________________________________  
 Екінші қолы
 _______________________________________________________________________  
 Келесі бет

 _______________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың қойған
                  !                      !            !  қолдары мен
                  !                      !            !   мөрлері
 _______________________________________________________________________
                                                          (қолдары)
                            
                                                            (мөр)
 _______________________________________________________________________



                                                   Қазақстан Республикасы  

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа 2 қосымша


                   Қол қою үлгісі бар

                         Құжат
     
 Банктің клиенті                               Кодтары        Банктің
                                                             белгілері
 _______________________________________________________________________  
 Банк клиентінің мекен-жайы, телефоны
 _______________________________________________________________________  
 Жұмыс орны, телефоны
 (толық атауы)
 _______________________________________________________________________  
 Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
 _______________________________________________________________________   
 Банктік есепшот түрлері (ағымдағы, жинақ)
 _______________________________________________________________________  
 Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
 _______________________________________________________________________   
 Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
 келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
 барлық операцияларды жүргізген кезде
 міндетті деп саналсын.
 
 _______________________________________________________________________   
     Аты-жөні                              Қол қою үлгісі
 _______________________________________________________________________  

 Келесі бет

 _______________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың қойған
                  !                      !            !  қолдары мен
                  !                      !            !   мөрлері
 _______________________________________________________________________
                                                          (қолдары)
                            
                                                            (мөр)
 _______________________________________________________________________
   
     
   
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.