Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199

Жаңартылған

       Ескерту: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн. 
      2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап: 
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61  қаулысының
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .  
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.): 
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .  
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.  

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы 
N 266 қаулысымен   
бекітілген      

  Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне , "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi  туралы", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн белгiлейдi.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiнде , "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделген ұғымдар пайдаланылады. 
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      3. <*>
       Ескерту: 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ шоттары, карт-шоттары және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді. 
      Ағымдағы, жинақ шоттары және карт-шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары. 
      Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .  

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi. 

      6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi. 

      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .  

  2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша 
ағымдағы шоттар және карт-шоттар ашу тәртiбi  

       Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы және карт-шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .   

      9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi: 
      1) шарттың мәнi; 
      2) банктiк есепшот ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi; 
      3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртiбi; 
      4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi. 
      Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн. 

      10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi. 

      11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет: 
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн: 
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат; 
      клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      статистикалық карточкасының көшiрмесi; 
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген, белгiленген нысандағы құжаттың көшірмесi; 
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаттың көшiрмесi; 
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттiң қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi; 
      клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты; 
      2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттерi үшiн: 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi; 
      жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) жеткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi; 
      жеке басын куәландыратын құжат. 
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат; 
      клиенттiң Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген жерi бойынша тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi; 
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi; 
      сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
      қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң банктiк шотын жүргiзуге (банктiк шоттағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін: 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгін растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі; 
      жеке басын куәландыратын құжат. 
      5) шаруа (фермер) қожалықтары үшiн: 
      қол қою үлгілерi және мөр таңбасы бар құжат; 
      клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық
қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi; 
      мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігiн растайтын уәкiлетті орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
      6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары үшiн (бұдан әрi - қаржы ұйымы): 
      қаржы ұйымы тарату комиссиясының бiрiншi және екiншi қол үлгiлерi не бiрiншi қол үлгiсi және таратылатын қаржы ұйымының мөр таңбасы бар құжат; 
      таратылатын қаржы ұйымын тіркеу есебіне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi; 
      қаржы ұйымын тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкiлеттi орган не акционерлердiң жалпы жиналысы) шешiмiнiң көшiрмесi; 
      сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына банктiк және басқа да операцияларды жүргiзуге лицензияны қайтарып алу туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесi;
      банктер, олардың филиалдары үшiн - таратылатын қаржы ұйымының екiншi деңгейдегi банктерде ағымдағы есепшотын ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi рұқсатының көшiрмесi.
      7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн: 
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi берген, оның тiркелгенiн растайтын белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382   қаулысымен 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен
       Ескерту: Бұдан әрі мәтін бойынша "салық есебiне" деген сөздер "тіркеу есебіне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .  

  3-тарау. Жинақ салым шарты бойынша
банк есепшоттарын ашу тәртiбi

       Ескерту: 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға мiндеттенедi.
       Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен

      13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктiң клиенттерi болып саналады. 

      14. Банктiк салым шартында мыналар болуы тиiс: 
      1) шарттың мәні; 
      2) жинақ есепшотын ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi; 
      3) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
      Шартта Тараптар келiскен, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкін. 
       Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен

      15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi. 

      16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi. 
      Салымшының кiтапшасы (жинақ кiтапшасы) салым құжаты болып табылады.
      Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.
       Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140   қаулысымен

      17. Жинақ есепшоты ашу үшiн салымшы клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет: 
      1) Қазақстан Республикасының салымшы заңды тұлғалары-резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін: 
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат; 
      клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      статистикалық карточкасының көшiрмесi; 
      мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi; 
      филиалдар мен өкiлдiктер үшiн - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi; 
      жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) не клиенттiң қызметiн үлгi жарғы негiзiнде растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі; 
      2) Қазақстан Республикасының салымшы жеке тұлғалары-резиденттерi үшін: 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi; 
      жеке басын куәландыратын құжат.
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн: 
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат; 
      сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
      резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi; 
      қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес
клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шотындағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы жеке тұлғалар үшін: 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесі;
      жеке басын куәландыратын құжат.
       Ескерту: 17-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      18. Белгілі бiр үшiншi адамның - клиенттiң атына жинақ есепшотын ашу үшiн салымшы банкке мынадай құжаттар ұсынуға міндеттi: 
      1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi): 
      есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат куәландырған сенiмхат;
      жинақ шотын ашу кезiнде осындай құжатты ұсыну талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      заңды тұлғаның (филиалдың, өкiлдiктiң) - клиенттiң мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.
      2) жеке тұлға:
      есепшот ашу және (немесе) есепшотты иелену құқығына берiлген нотариат куәландырған сенiмхат;
      клиенттiң салық есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық
қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi (eгep клиент салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылған және оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген жағдайда);
      он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн - туу туралы куәлiк;
      салымшының жеке басын куәландыратын құжат.
       Ескерту: 18-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
      Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi жоқ.

  3-1-тарау. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың
ағымдағы шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері

       Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      19-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке нотариус (бұдан әрі - нотариус) борышкерден кредиторға (бұдан әрі - депонент) өткізу үшін депозитке қабылдаған ақшаны сақтау үшін банк банктік шот шарты негізінде нотариуске ағымдағы шот (бұдан әрі - нотариустың депозиті) ашады.

      19-2. Банктік шот шартында осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:
      1) жеке тұлға депонентке қолма-қол ақша беру не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына ақша аудару көзделетін, нотариустың депозитінен ақша беру шарттары мен тәртібі;
      2) банктің Ереженің осы тарауының талаптарын сақтаумен ғана нотариустың депозитінен депонентке ақша беру міндеті көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақша жұмсау тәртібі;
      3) борышкердің нотариустың депозиті ашылған банкке нотариустың депозитіне ақша енгізу кезінде сыйақы төлеу тәртібі болуы тиіс;

      19-3. Нотариус депозит ашу үшін мыналарды ұсынуы қажет:
      1) қол қою үлгілері және мөрдің таңбасы бар құжат/осы Ереженің 30-тармағында көзделген тәртіппен қол қою үлгісі бар құжат;
      2) салық қызметінің органы берген, нотариустың салықтық есепке қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) нотариат қызметімен шұғылдану құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      4) тиісті округтің нотариат палатасының нотариустың нотариат палатасына мүше болуын растайтын хаты;
      5) нотариустың жеке басын куәландыратын құжат.

      19-4. Банкке нотариустың депозитіне ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақша жарнасы арқылы не нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен расталған, банкке жолданған құжатты банкке ұсыну кезінде қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.

      19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру жеке тұлға депонентке қолма-қол ақшамен не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      19-6. Нотариустың депозитінен депонентке ақша беруді не аударуды банк нотариустың жеке тұлға депоненттің аты-жөні, туған жылы не заңды тұлға депоненттің атауы, депонентке төленуі тиісті ақша сомасы бар өтініші негізінде, мынадай құжаттар қоса беріле отырып жүзеге асырылады:
      1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
      2) депоненттің ақшасы сақталатын депозит ашқан нотариус куәландырған, депоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін (егер депонент жеке тұлға болып табылса) көрсете отырып не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін (егер депонент заңды тұлға болып табылса) көрсете отырып, сондай-ақ депоненттің нотариустың депозитінен ақша алу құқығын растайтын құжаттың атауын көрсете отырып, депоненттің ақша беру туралы өтініші;
      3) жеке тұлға депоненттің жеке басын куәландыратын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) жеке тұлға болып табылса) не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) заңды тұлға болып табылса).

      19-7. Нотариустың атына депозиттің шарттарымен ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк сот актісі не нотариустың жеке тұлға борышкердің аты-жөні, туған жылы немесе заңды тұлға борышкердің атауы бар өтініші негізінде мыналарды қоса бере отырып жүзеге асырады:
      1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
      2) пайдасына ақша енгізілген тұлғаның (депоненттің) депозитке (борышкерге) ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған келісімінің көшірмесі;
      3) борышкердің оған ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған өтініші.    

  4-тарау. Банктiк есепшот ашуға және жүргiзуге
қойылатын жалпы талаптар

      20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше есепшот ашқан жағдайда банк есепшот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлғалар - клиенттер үшiн - қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар құжаттан, жеке тұлғалар - клиенттер үшiн жеке басын куәландыратын құжаттан басқасын) мынадай жағдайлардың бiрi болса: 
      1) егер клиент алғашқы есепшотын ашқан банкте (филиалда) банктiк есепшот ашатын болса; 
      2) егер клиентке алғашқы есепшот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Ережеге сәйкес банктiк есепшот ашуына қажеттi құжаттардың бәрi бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпеуге құқылы. 
      Клиенттiң алғашқы есепшоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттарының бәрi бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық тәсiлмен беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртiбiн банк дербес белгiлейдi.
      Клиенттiң банктiк шот ашу үшiн осы Ережеге көзделген басқа құжаттарды банкке ұсынуы шартымен заңды тұлға клиенттер үшiн қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар бiр құжат негiзiнде бiр мезгiлде клиенттiң бiр банкте (филиалда, бөлiмшеде) бiрнеше банктiк шотын ашуға жол берiледi.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      21. Ашылатын есепшоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъект екенiне қарай банк Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе банк тiкелей белгiлеген болса, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы. 

      22. Есепшот ашу үшiн клиент берген құжаттардың, клиенттiң жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасынан (кәмелетке толмаған клиенттiң тууы туралы куәлiктен) басқасы банкте әрбiр клиент бойынша арнайы ашылған iсте шарттың түпнұсқасымен және клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәліктің) көшірмесімен бiрге тiгiлiп, сақталуға тиiс. 
       Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      23. Заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге, резидент еместердің жинақ шоттарын және/немесе шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктiк есепшот ашылғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде банктер бұл жайында тиiстi салық қызметi органдарын хабардар етуге мiндеттi. 
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртiбiмен жасалады. 

      25. Банктiк есепшоттар бойынша көшiрмелердi банктер шартқа сәйкес бередi. Банк клиентке оның есепшоттары бойынша көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуге. 

      26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi. 

      27. Банктiк есепшоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу немесе банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта жүргiзiледi.
       Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады. 
      Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөнiндегi iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды. 

      29. Банкке уәкiлеттi органдардың банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтату туралы шешiмдерi түскен жағдайда, банк мұндай есепшотта шығыс операцияларын жүргiзудi тоқтатады. 

  5-тарау. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар 
құжаттардың ресiмдеу тәртiбi 

      30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi, мөрі бар жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған N 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi және екiншi қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарды ұсынады. 
      Жеке тұлғалар, мөрі жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерінде жасалған N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .      

      31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi. 
      Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi. 
      Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам жоқ болса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды да бұл жайында осы құжатқа тиiстi жазу жазылады. 
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiстi. 
      Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды. 
      Арнайы мақсаттарға ("кадрлар бөлiмi", "пакет үшiн" және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.

      31-1. Қол қою үлгілері және мөрдің таңбасы бар құжаттың (қол қою үлгісі бар құжаттың) "Банктің белгісі" бағанына банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қоюға құқығы бар тұлғалардың жеке куәліктерінің деректерін және банктің ішкі ережесімен айқындалған өзге мәліметтерді көрсетеді.
       Ескерту: 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      32. Банк қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елдi мекендерде қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгізiлген адамдардың қойған қолын жергiлiктi атқарушы өкiмет органы растайды. 
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгісi бар құжатты осы Ереженің 33-тармағында көздеген жағдайдан басқа кезде банк уәкiлеттiк берген адамның растауына болады.
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      33. Клиент қол қою құқығын басқа адамға (адамдарға) уақытша берген жағдайда тиiстi қол қою үлгiсi бар, нотариат куәландырған, не клиенттiң банкте тiкелей қатысуымен куәландырылған уақытша құжат  Ереженің осы тарауында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда банк клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге құқылы. Мөр дайын болғанға дейiн банк пен клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi, бұл жайында шартта көрсетiлуi тиiс. 

      35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi. 
      Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі - банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс. 

      36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Ережеде көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

  6-тарау. Уақытша жинақ есепшоты 

      37. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады.
       Ескерту: 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс. 
       Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

      39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет: 
      уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш; 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi;
      клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
      уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
       Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      40. Мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Ережеде белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      41. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.
       Ескерту: 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .

  7-тарау. Банктiк есепшоттарды жабу  

      42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады. 
      Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс. 

      43. Заңды тұлғаның - клиенттiң таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның есепшотында бiр жылдан астам, ал жеке тұлғаның есепшотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмағаны болған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның - клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорт-импорт келiсiм-шарттары бойынша клиентте орындалмаған талаптар болған кезде ағымдағы шотты жабуға тыйым салынады.
       Ескерту: 43-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382   қаулысымен 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90   қаулысымен .

      44. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің банктiк есепшоты жабылғаннан кейiн банк он күндiк мерзiмде бұл туралы тиiстi салық
қызметi органдарына жазбаша хабарлауға мiндеттi.
       Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      45. Банк уақытша жинақ есепшотты Ереженің осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.
       Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен

      46. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменiң банктiк есепшотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мемлекеттiк мекеменiң банктiк есепшотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.     

  8-тарау. Қорытынды ережелер

      47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Ережемен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешіледі. 
       Ескерту: 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .     

       Төраға

                                   Қазақстан Республикасының
                                банктерінде клиенттердің банктік
                               есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
                                           ережесіне
                                           1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .        

             Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар
                            Құжат

Банктің клиенті                       Кодтары       Банктің 
(толық атауы)                                       белгілері
____________________________________________________________________
Банк клиентінің мекен-жайы
____________________________________________________________________                            тел.
____________________________________________________________________
Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)  (толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
____________________________________________________________________                              тел.
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері
____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
барлық операцияларды жүргізген кезде міндетті
деп саналсын.
____________________________________________________________________
Лауазымы     Аты-жөні       Қойылған қолдың үлгісі    Мөр таңбасының
                                                          үлгісі
____________________________________________________________________
Бірінші қолы
____________________________________________________________________
 Екінші қолы
____________________________________________________________________
 Келесі бет
____________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың 
                  !                      !            !қойған қолда.
                  !                      !            !ры мен
                  !                      !            !   мөрлері
____________________________________________________________________                                                          (қолдары)
                                                            (мөр)
____________________________________________________________________

                                   Қазақстан Республикасының
                                банктерінде клиенттердің банктік
                               есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
                                           ережесіне
                                           2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы   N 2   қаулысымен .       

                      Қол қою үлгісі бар
                            Құжат

Банктің клиенті                          Кодтары        Банктің
                                                       белгілері
____________________________________________________________________
 Банк клиентінің мекен-жайы, телефоны
____________________________________________________________________
 Жұмыс орны, телефоны
 (толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері
____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
 Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
 келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
 барлық операцияларды жүргізген кезде
 міндетті деп саналсын.
____________________________________________________________________
     Аты-жөні                              Қол қою үлгісі
____________________________________________________________________

Келесі бет
____________________________________________________________________
 Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
 дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың
                  !                      !            !қойған қолда.
                  !                      !            !ры мен
                  !                      !            !мөрлері
____________________________________________________________________                                                          (қолдары)
                                                             (мөр)
____________________________________________________________________