Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
      2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы 
N 266 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
ережесі

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Ереже1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

      2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      4. Банктiк шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі. 
      Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары. 
      Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.01.24 N 2; 2009.08.24 N 85; 2011.09.30. N 132қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

      6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

      6-1. Банк шоттарын ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 Қаулысымен.

      7. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

1-1. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

      Ескерту. 1-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
      7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.

2. Банктiк шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.01.24 N 2; 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.
      9. Банктік шот шартында:
      1) шарттың мәні;
      2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      3) клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      4) банктегі ақшаға иелік ету тәртібі;
      5) банктің қызмет көрсету талаптары және олар үшін ақы төлеу тәртібі қамтылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
      11. Банк шотын ашу үшiн клиент мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;
      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;
      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты;
      2) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      3) Қазақстан Республикасының резидент-жеке кәсіпкерлері, жеке нотариустары, жеке сот орындаушылары және адвокаттары үшін:
      жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат не жеке сот орындаушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
      қол қою үлгісі бар құжат;
      жеке басын куәландыратын құжат;
      жеке нотариустар үшін – нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      адвокаттар үшін – адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      жеке сот орындаушылары үшін – атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн – уәкiлеттi орган берген, есептік тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактісін растайтын белгiленген нысандағы құжат не оның көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс тiлiнде жазылған тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереже не оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      сауда тiзiлiмiнен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес-заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, тіркелген күнi және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк тілдегі немесе орыс тiлiндегі аудармасымен белгiленген тәртiппен расталған және, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      5) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      резидент еместің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      6) Қазақстан Республикасының резидент емес-жеке кәсіпкерлері үшін:
      жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
      қол қою үлгісі бар құжат;
      жеке басын куәландыратын құжат;
      7) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:
      қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      уәкілетті орган берген, мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын анықтама немесе белгіленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың филиалдары үшін:
      тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
      клиентті тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы) шешімнің көшірмесі;
      уәкілетті органның банк және өзге де операцияларды жүргізуге арналған не сақтандыру қызметін, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;
      9) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген, оның аккредиттелгенін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      11-1. Мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін клиенттің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына ағымдағы шотты ашқан кезде клиент осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шоттың мақсаты - жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару көрсетілетін клиенттің өтінішін ұсынуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.03.25 N 24 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11-2. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – өкіл) клиент-жеке тұлғаның атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке осы Ереженің 11-тармағының 2) немесе 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) заңнамаға сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
      2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат.
      Ескерту. 2-тарау 11-2-тармақпен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30. N 132, 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.
      11-3. Жеке тұлға клиентке банк шотын ашу кезінде банк жеке тұлға клиентке осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде салық резиденттігін белгілейді.
      Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға мiндеттенедi.
      Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен.

      13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктiң клиенттерi болып саналады.

      14. Банктік шот шартында:
      1) шарттың мәні;
      2) жинақ шотын ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің реттеуші орган берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;
      3) клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      4) банктің қызмет көрсету талаптары және олар үшін ақы төлеу тәртібі қамтылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.

      16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.
      Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.04.21 N 140; 2008.06.23 N 49 Қаулыларымен.

      17. Жинақ шотын ашу үшiн салымшы-клиент мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;
      заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасының резидент-салымшы-жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      жеке кәсіпкерлер үшін – қол қою үлгісі бар құжат;
      жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
      жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасының резидент емес-салымшы-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
      сауда тiзiлiмiнен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес-заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, тіркелген күнi және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк тілдегі немесе орыс тiлiндегі аудармасымен белгiленген тәртiппен расталған және, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
      резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн – уәкiлеттi орган берген, есептік тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактісін растайтын белгiленген нысандағы құжат не оның көшірмесі, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің нотариалды куәландырылған және мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс тiлiнде жазылған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасының резиденті емес-салымшы-жеке тұлғалары үшін:
      жеке кәсіпкерлер үшін – қол қою үлгісі бар құжат;
      қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжат;
      жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынуға міндетті:
      1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
      шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
      қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;
      2) жеке тұлға:
      шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
      он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн – туу туралы куәлiк;
      салымшының жеке басын растайтын құжат.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
      Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi жоқ.

3-1. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың ағымдағы
шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері

      Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      19-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке нотариус (бұдан әрі - нотариус) борышкерден кредиторға (бұдан әрі - депонент) өткізу үшін депозитке қабылдаған ақшаны сақтау үшін банк банктік шот шарты негізінде нотариуске ағымдағы шот (бұдан әрі - нотариустың депозиті) ашады.

      19-2. Банктік шот шартында осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:
      1) жеке тұлға депонентке қолма-қол ақша беру не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына ақша аудару көзделетін, нотариустың депозитінен ақша беру шарттары мен тәртібі;
      2) банктің Ереженің осы тарауының талаптарын сақтаумен ғана нотариустың депозитінен депонентке ақша беру міндеті көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақша жұмсау тәртібі;
      3) борышкердің нотариустың депозиті ашылған банкке нотариустың депозитіне ақша енгізу кезінде сыйақы төлеу тәртібі болуы тиіс;

      19-3. Нотариус депозит ашу үшін мыналарды ұсынуы қажет:
      1) осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат/қол қою үлгісі бар құжат;
      2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжат;
      3) нотариат қызметімен шұғылдану құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      4) тиісті округтің нотариат палатасының нотариустың нотариат палатасына мүше болуын растайтын хаты;
      5) Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен. 
      Ескерту. 19-3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз); 2011.09.30. N 132; 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      19-4. Банкке нотариустың депозитіне ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақша жарнасы арқылы не нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен расталған, банкке жолданған құжатты банкке ұсыну кезінде қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.

      19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру жеке тұлға депонентке қолма-қол ақшамен не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      19-6. Нотариустың депозитінен депонентке ақша беруді не аударуды банк нотариустың жеке тұлға депоненттің аты-жөні, туған жылы не заңды тұлға депоненттің атауы, депонентке төленуі тиісті ақша сомасы, нотариустың ағымдағы шотының жеке бірегейлендіру коды бар өтініші негізінде, мынадай құжаттар қоса беріле отырып жүзеге асырылады:
      1) борышкердің нотариустың депозитіне ақша салуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) депоненттің ақшасы сақталатын депозит ашқан нотариус куәландырған, депоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін (егер депонент жеке тұлға болып табылса) көрсете отырып не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін (егер депонент заңды тұлға болып табылса) көрсете отырып, сондай-ақ депоненттің нотариустың депозитінен ақша алу құқығын растайтын құжаттың атауын көрсете отырып, депоненттің ақша беру туралы өтініші;
      3) жеке тұлға депоненттің жеке басын куәландыратын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) жеке тұлға болып табылса) не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) заңды тұлға болып табылса).
      Ескерту. 19-6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.06.23 N 49 Қаулысымен.

      19-7. Нотариустың атына депозиттің шарттарымен ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк сот актісі не нотариустың жеке тұлға борышкердің аты-жөні, туған жылы немесе заңды тұлға борышкердің атауы бар өтініші негізінде мыналарды қоса бере отырып жүзеге асырады:
      1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
      2) пайдасына ақша енгізілген тұлғаның (депоненттің) депозитке (борышкерге) ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған келісімінің көшірмесі;
      3) борышкердің оған ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған өтініші.

4. Банктiк шот ашуға және жүргiзуге қойылатын
жалпы талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше шот ашқан жағдайда, банк шот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлға клиенттер үшiн – қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар құжатты, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және жеке тұлға клиенттер үшiн – жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
      1) егер клиент алғашқы шотын ашқан банкте (филиалда, бөлiмшеде) банктiк шот ашатын болса;
      2) не, егер клиентке алғашқы шот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Ережеге сәйкес банктiк шот ашу үшін қажеттi құжаттардың толық топтамасының бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпейді.
      Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық сандық қолтаңбаны немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдалана отырып электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.
      Заңды тұлға клиентке бір банкте (филиалда, бөлiмшеде) қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар бір құжат негізінде банкте осы Ережеде көзделген банктiк шот ашу үшін қажеттi басқа құжаттардың болуы, сондай-ақ мынадай талаптардың орындалуы шартымен бірнеше банк шотын ашуға рұқсат етіледі:
      банкте (филиалда, бөлімшеде) әрбір клиент бойынша электронды түрде істі қалыптастыру жөніндегі қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – электронды досье) және банкте (филиалда, бөлімшеде) банк шотының болуы туралы ақпарат болуы тиіс;
      банк шотын ашу кезінде клиенттің электронды досьесінде өзгерістер болмауы тиіс.
      Клиенттiң алғашқы шоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттардың толық топтамасының бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық түрде беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртібін банк дербес белгiлейдi.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20-1. Клиент - жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен байланысты операциялардың банктік шоты бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін, банк белгілеген нысан бойынша банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.
      Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
      20-2. Жеке тұлғаны салық органдарында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу туралы ақпарат алу үшін банк салық төлеушілер туралы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган беретін ақпаратты пайдаланады.
      Ескерту. Ереже 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Ашылатын есепшоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъект екенiне қарай банк Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе банк тiкелей белгiлеген болса, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы.

      21-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

      22. Шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталуға тиіс. Көшірмелерде клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, сауда тізілімінен үзінді көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттар кірмейді.
      Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарының (электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттар, клиент құжаттарының көшірмелері) қағаз тасымалдауыштарда қосымша сақтамай-ақ тек қана электрондық түрде сақталуына жол беріледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын, шетелдiк корреспондент банктердiң корреспонденттiк шоттарын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда, банктер банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi салық қызметi органдарын хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
      Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.03.26  № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 62  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртiбiмен жасалады.

      25. Банктiк есепшоттар бойынша көшiрмелердi банктер шартқа сәйкес бередi. Банк клиентке оның есепшоттары бойынша көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуге. 

      26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi.
      Уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі банкке түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелерін өкімде көрсетілген деректемелермен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін осындай шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
      Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімін орындамастан, мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) банктің және оның клиентінің деректемелері клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімінде көрсетілген деректемелеріне сәйкес болмаған жағдайда;
      2) егер клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса, тиісті уәкілетті органға қайтарады.
      Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес келмеген жағдайда банкке электрондық тәсілмен ұсынылған өкімді орындаудан бас тартуға жол берілмейді.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85; 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз); 2011.09.30. N 132, 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      27. Банктiк есепшоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу немесе банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта жүргiзiледi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады. 
      Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөнiндегi iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды.

      29. Уәкілетті органдардың банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері, клиенттің осындай шотындағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті органдардың шешімдері (қаулылары) банкке түскен кезде банк оларды Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда орындайды.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

5. Қол қою үлгiлерi және мөр бедері бар құжатты ресiмдеу
тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, мөрі бар жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және адвокаттар банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгісі (үлгілері) және мөр таңбасы бар құжаттарды ұсынады.
      Мөрі жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар банкке мемлекеттiк және орыс тiлдерінде жасалған N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.01.24 N 2; 2008.06.23 N 49; 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) қаулыларымен..

      31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi. 
      Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi. 
      Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам жоқ болса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды да бұл жайында осы құжатқа тиiстi жазу жазылады. 
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiстi. 
      Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды. 
      Арнайы мақсаттарға ("кадрлар бөлiмi", "пакет үшiн" және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.

      31-1. Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттың (қол қою үлгісі бар құжаттың) «Банктің белгісі» бағанында банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банктің ішкі ережелерінде айқындалған өзге мәліметтерді көрсетеді.
      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2; 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулыларымен.

      32. Банк қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елдi мекендерде қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгізiлген адамдардың қойған қолын жергiлiктi атқарушы өкiмет органы растайды. 
      Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгісi бар құжатты осы Ереженің 33-тармағында көздеген жағдайдан басқа кезде банк уәкiлеттiк берген адамның растауына болады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      33. Клиент қол қою құқығын басқа адамға (адамдарға) уақытша берген жағдайда тиiстi қол қою үлгiсi бар, нотариат куәландырған, не клиенттiң банкте тiкелей қатысуымен куәландырылған уақытша құжат  Ереженің осы тарауында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда банк клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге құқылы. Мөр дайын болғанға дейiн банк пен клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi, бұл жайында шартта көрсетiлуi тиiс. 

      35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi. 
      Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

      36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Ережеде көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
      36-1. Қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар, әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген, қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжаттардан тұратын құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтінішін банкке ұсыну шартымен ресімдеуге жол беріледі.
      Ескерту. 5-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

6. Уақытша жинақ шоты

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      37. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
      37-1. Уақытша жинақ шоты теңгемен ашылады.
      Ескерту. 6-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.

      38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс. 
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет: 
      уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш; 
      қол қою үлгiсi бар құжат; 
      құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi;
      клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
      уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      40. Мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Ережеде белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      41. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

7. Банктiк шоттарды жабу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады.
      Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.

      43. Банк шотын:
      1) шоттың:
      заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
      жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
      жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына;
      клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
      жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда:
      банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары);
      2) заңды тұлға-клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды жаңғыртпаса, банк Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.

      44. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоттарын жапқаннан кейін банктер сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың жабылғаны туралы хабарлайды.
      Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.
      Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      45. Банк уақытша жинақ есепшотты Ереженің осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банк шотын жабу бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті орган осы мемлекеттік мекемеге банк шотын ашу үшін берілген рұқсатты қайтарып алған не осындай рұқсатты қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жүргізіледі.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Ережемен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешіледі.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

      Төраға

                                   Қазақстан Республикасының
                                банктерінде клиенттердің банктік
                               есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
                                           ережесіне
                                           1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар
Құжат

Банктің клиенті                       Кодтары       Банктің 
(толық атауы)                                       белгілері
____________________________________________________________________
Банк клиентінің мекен-жайы
____________________________________________________________________                            тел.
____________________________________________________________________
Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)  (толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
____________________________________________________________________                              тел.
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері
____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
барлық операцияларды жүргізген кезде міндетті
деп саналсын.
____________________________________________________________________
Лауазымы     Аты-жөні       Қойылған қолдың үлгісі    Мөр таңбасының
                                                          үлгісі
____________________________________________________________________
Бірінші қолы
____________________________________________________________________
Екінші қолы
____________________________________________________________________
Келесі бет
____________________________________________________________________
Үлгілерді куәлан.!Үлгілерді куәландыруға! Үлгілердің ! Үлгілерді
дыратын ұйымның  !  өкілеттігі бар      !куәландырған!куәландыратын
    атауы         ! адамдардың аты-жөні  !   күні     !адамдардың 
                  !                      !            !қойған қолда.
                  !                      !            !ры мен
                  !                      !            !   мөрлері
____________________________________________________________________                                                          (қолдары)
                                                            (мөр)
____________________________________________________________________

                                   Қазақстан Республикасының
                                банктерінде клиенттердің банктік
                               есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
                                           ережесіне
                                           2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.

Қол қою үлгісі бар
Құжат

Банктің клиенті                          Кодтары        Банктің
                                                       белгілері
____________________________________________________________________
Банк клиентінің мекен-жайы, телефоны
____________________________________________________________________
Жұмыс орны, телефоны
(толық атауы)
____________________________________________________________________
Банктің мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)
____________________________________________________________________
Банктік есепшот түрлері
____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды
____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің
келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша
барлық операцияларды жүргізген кезде
міндетті деп саналсын.
____________________________________________________________________
     Аты-жөні                              Қол қою үлгісі
____________________________________________________________________

Келесі бет

Үлгілерді куәландыратын ұйымның атауы

Үлгілерді куәландыруға өкілеттігі бар адамдардың аты-жөні

Үлгілердің куәландырған күні

Үлгілерді куәландыратын адамдардың қойған қолдары мен мөрлері




(қолдары)
(мөр)

"Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 3-қосымша

       Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

      1. Банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады.
      KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, мұнда:
      1) бірінші және екінші дәрежелер - Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код - KZ пайдаланылады;
      2) үшінші және төртінші дәрежелер - банк клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға және қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;
      3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер - банктің коды. Банктің кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;
      4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер - банк клиентінің шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болуы және клиенттің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
      Банктің клиентінің шотының банкішілік нөмірі банктің қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің "I", "Q", "O" әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк клиентінің шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар болған кезде, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.
      2. Банк клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:
      KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.
      3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.

      Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі

A=10

G=16

N=23

V=31

B=11

H=17

P=25

W=32

C=12

J=19

R=27

X=33

D-13

K=20

S=28

Y=34

E=14

L=21

T=29

Z=35

F=15

M=22

U=30


Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 4-қосымша

       Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Бақылау дәрежесін есептеу алгоритмі

      Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.
      N 1 мысал.
      Банк клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.
      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.
      Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.
      Үшінші қадам: 98-43=55.
      Бақылау дәрежесі 55-ке тең.
      Клиенттің шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.
      N 2 мысал.
      Клиенттің шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.
      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі 3-қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.
      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.
      Үшінші қадам: 98-90=8.
      Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында "0" қосылады.
      Клиент шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.