1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) кіріспедегі он төртінші абзац алып тасталсын;
2) 4-тармақ алып тасталсын;
2. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы" 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақтағы "541-бабының 10) тармақшасы" деген сөздер "616-бабының 11) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. "Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақта:
"535-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында" деген сөздер "610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"535-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздер "610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4. "Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен):
1) 11-тармақтағы екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
5. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 15 нормативтік қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. "Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 9-тармақтағы "наразылық келтіруге" деген сөздер "прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-тармақта:
"немесе прокурор" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші, төртінші абзацтар алып тасталсын;
", оның ішінде азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы" деген сөздер алып тасталсын;
3) 20-тармақтағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Істі сот талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарымға АПК-нің 429-бабында көзделген тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.";
7. "Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 18-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 401-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енбеген соттың шешіміне тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар апелляциялық шағым беруі, прокурор апелляциялық тәртіппен апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";
2) 19-тармақта:
"наразылық" деген сөз "прокурордың өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"беру" деген сөзден кейін "(келтіру)" деген сөзбен толықтырылсын;
3) 20-тармақтағы "наразылық келтіруге" деген сөздер "прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-тармақта:
бірінші абзацтағы "беру, наразылық келтіру" деген сөздер "прокурордың өтінішхат беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы:
"наразылық келтіру" деген сөздер алып тасталсын;
", наразылық келтірілуі" деген сөздер "берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 25-тармақтағы "наразылық" деген сөз "прокурордың өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 27-1-тармақтағы "наразылықты", "наразылық келтірмесе", "наразылық" деген сөздер тиісінше "өтінішхатты", "өтінішхат келтірмесе", "прокурордың өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
8. "Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 6-тармақтағы "АК 157-бабы тек жарамсыз мәмілелер және оның жарамсыздығының салдары туралы жалпы ережелер жиынтығы болғандықтан мәмілені жарамсыз деп тану үшін өз бетінше негіз" деген сөздер "АК-нің 157, 157-1-баптары мәміленің жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы қағиданы қамтитынын және дербес негіздер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-тармақ алып тасталсын;
3) 8-тармақтағы "157-бабының 3-7" деген сөздер "157-1-бабының 3, 4, 5 және 6" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2015 жылғы 25 маусымдағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 27-тармақтағы "541-бабының 2) тармақшасына" деген сөздер "616-бабының 2) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. "Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 25-тармақта:
"прокурор наразылық келтіруі" деген сөздер "прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"наразылықпен" деген сөз "прокурордың өтінішхатымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сонымен бірге талапты қамтамасыз етуді бұзу туралы сот ұйғарымына немесе қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы ұйғарымға шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын қарау жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты қаралғанға дейін аталған ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.";
11. "Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 10-тармақтағы "жеке шағымдар," деген сөздер "жеке шағымдар берілуі, прокурордың өтінішхаты немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
12. "Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 18-тармақтағы "наразылық келтірілмейді" деген сөздер "жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
13. "Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 20-тармақта:
"12-бабы 1-тармағы 32) тармақшасының" деген сөздер "1-бабы 1-тармағы 61) тармақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV" деген сөздер алып тасталсын;
2) 22-тармақтағы алтыншы абзац алып тасталсын;
14. "Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2:
1) 1-тармақта:
"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 508" деген сөздер алып тасталсын;
"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығынан" деген сөздерден кейін ", "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығынан" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-тармақта:
"535" деген цифрлар "610" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"50%-ы" деген цифрлар "0,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 7-тармақтағы "сондай-ақ прокурордың" деген сөздер алып тасталсын;
4) 11-тармақтағы "патронаттық тәрбие," деген сөздерден кейін "баланы қабылдайтын отбасы" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 17-тармақтағы үшінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Осыған байланысты істі сот талқылауына дайындау кезінде соттардың аталған адамдарға асырап алған баланың ата-анасының бірінің немесе оның қайтыс болған ата-анасы туыстарының жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын сақтау мүмкіндігін түсіндергендері жөн.";
15. "Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6:
1) 3-тармақтағы "535" деген цифрлар "610" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"2017 жылғы 10 наурыздан кейінгі құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңының редакциясындағы АК нормаларын қолданады.";
3) 17-тармақта:
"жалған кәсіпкерлік туралы" деген сөздер алып тасталсын;
"(мысалы, ҚК-нің 215-бабының бірінші бөлігі – жалған кәсіпкерлік бойынша)" деген сөздер алып тасталсын;
16. "Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1:
1) 9-тармақтағы "613" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
17. "Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 8:
1) 3-тармақта:
"535", "541" деген цифрлар тиісінше "610", "616" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"18) тармақшасына" деген сөздер "19) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
18. "Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 9:
1) 36-тармақтағы "541" деген цифрлар "616" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Ж.Асанов |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г.Әлмағамбетова |