"Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгіз

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 8 Нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша:

      "27-тарауының", "27-тарауымен", "27-тарауына", "27-тарауында" деген сөздер тиісінше "29-тарауының", "29-тарауымен", "29-тарауына", "29-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша:

      "278", "279", "280", "282" деген цифрлар тиісінше "292", "293", "294", "297" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "жеке құқықтық актіні", "Жеке құқықтық актілерге", "жеке құқықтық акт", "жеке құқықтық актінің" деген сөздер тиісінше "жеке қолданылатын құқықтық актіні", "Жеке қолданылатын құқықтық актілерге", "жеке қолданылатын құқықтық акт", "жеке қолданылатын құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АІЖК-нің" деген сөздер "АПК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер "АПК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Президенттің Күзет қызметі" деген сөздер "Мемлекеттік күзет қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Мемлекеттік мүлікті басқару комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Заңға сәйкес келмейтін жеке қолданылатын құқықтық актіге, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның әрекеттеріне наразылықты қабылдамай тастаған жағдайда, прокурор актіні, іс-әрекетті АПК-нің 29-тарауындағы тәртіппен заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.";

      5) 2-тармақтағы абзацтардың "1)", "2)", "3)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      6) 3-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке қолданылатын құқықтық актілерге "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының (бұдан әрі - Құқықтық актілер туралы заң) 63-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға жауап беретін белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжаттар жатады.";

      7) 5-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      үшінші абзацта:

      "279-бабы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларымен" деген сөздер "293-бабы 1), 2), 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - Конституция)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      ""Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI Заңының (бұдан әрі - Прокуратура туралы заң) 34-бабының ережелерін негізге ала отырып, АПК-нің 29-тарауының тәртібімен прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне, егер арыз беруші үшін АПК-нің 293-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген кез келген құқықтық салдарды тудырса және қолданыстағы заңнамада оларға шағым жасаудың өзге тәртібі көзделмесе, шағымдануға болады.";

      бесінші абзац тиісінше алтыншы абзац деп есептелсін;

      алтыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздер "Конституцияның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) АПК-нің 29-тарауында белгіленген тәртіппен шағымдануға болатын лауазымды адамдарға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет туралы заң) 1-бабында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 1-бабында көрсетілген адамдар жатады.";

      екінші абзацтағы ""Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет туралы заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 9-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      төртінші абзацтағы "іс сырттай іс жүргізу" деген сөздерден кейін ", сонымен қатар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацтағы "бітімгершілік келісіммен" деген сөздерден кейін "дауды медиация және партисипативтік рәсіммен реттеп" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "аталған санаттағы істер бойынша сотқа жүгіну, істерді сот талқылауына дайындау және істерді қарау үшін қысқартылған мерзімдер белгіленген";

      жетінші абзацтағы "19", "20", "21" деген цифрлар тиісінше "23", "24", "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      10) 10-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      "30-39-1-тарауларында", "25", "25-1", "28" деген сөздер тиісінше "31-ден бастап 49-ды қоса алған тарауларында", "27", "28", "30" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "26", "29" деген цифрлар алып тасталсын;

      11) 11-тармақтағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының ережелеріне" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы заңның 65-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 12-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "8", "9" деген цифрлар тиісінше "9", "10" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет туралы заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы заңның 65-бабында жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның төмен тұрған органның шешімін, егер мұндай шешім заң бұзылып, оның ішінде өкілеттіктерді асыра отырып қабылданса, күшін жою құқығы көзделген.";

      13) 13-тармақтағы "58" деген цифрлар "57" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 14-тармақтағы "55" деген цифрлар "54" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 15-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Егер заңда өтінішті жоғары тұрған органның, ұйымның, лауазымды адамның, комиссиялардың немесе омбудсменнің міндетті түрде қарауы белгіленсе, азаматтың немесе заңды тұлғаның арызы сотқа өтініш ұсынудың осындай тәртібі сақталғаннан кейін беріледі. Аталған тәртіп сақталмаған жағдайда, арыз АПК-нің 152-бабына сәйкес қайтаруға немесе АПК-нің 279-бабына сәйкес қараусыз қалдыруға жатады.";

      16) 16-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы заңның 65-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот Прокуратура туралы заңның 34-бабына сәйкес прокурордың әрекеттеріне немесе актілеріне арыз (шағым) бойынша шешім шығарылғанға дейін олардың қолданысын тоқтата тұра алады.";

      17) 17-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының екінші тармағына және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Прокурор наразылықты қараудың нәтижелері туралы хабарламаны алған кезден бастап он күн мерзім ішінде немесе оны қарау үшін заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін сотқа жүгінуге құқылы.";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арыз берушіге оның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғандығы туралы мәлім болған уақытты дәлелдеу міндеті жүктеледі.";

      үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;

      18) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сотқа арызбен жүгінуге берілген үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.

      Сотқа жүгінудің дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзімін сот қалпына келтіруі мүмкін, ол туралы сот шешімде көрсетуге міндетті. Егер мерзім қалпына келтірілмесе, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады, бұл ретте істің өзге нақты мән-жайлары зерттелмейді, шешімде бас тарту үшін негіз болып сотқа дәлелді себептерсіз жүгіну мерзімін өткізіп алғаны ғана көрсетіледі. Мұндай шешім алдын ала сот отырысында немесе сот талқылауының қорытындылары бойынша қабылданады.";

      19) 19-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      "278-бабының екінші бөлігіне", "278-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер тиісінше "292-бабының үшінші бөлігіне", "292-бабының төртінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "27", "30", "31", "32", "33" деген цифрлар тиісінше "26", "27", "29", "30", "31" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацта:

      ""Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы" деген сөздер ""Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Респуликасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әскери қызметті атқарып жатқан" деген сөздер "әскери қызметте тұрған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзац "жергілікті өзін-өзі басқару органының" деген сөздерден кейін ", қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      20) 20-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)", "5)", "6)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      "150", "151" деген цифрлар тиісінше "148", "149" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      21) 21-тармақта:

      "535-бабы бірінші тармағының" деген сөздер "610-бабы 1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2008 жылғы 10 желтоқсандағы" деген сөздер алып тасталсын;

      "541" деген цифрлар "616" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      22) 22-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      "166", "170" деген цифрлар тиісінше "163", "165" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      23) 23-тармақта:

      екінші абзац алып тасталсын;

      "187" деген цифрлар "196" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      24) 24-тармақтағы "65", "345" деген цифрлар тиісінше "72", "413" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      25) 25-тармақта:

      екінші абзацта:

      "АІЖК-нің 66-бабының оныншы бөлігінде" деген сөздер "АПК-нің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Әкімшілік жаза қолдану сот талап еткен дәлелдемені иеленген тұлғаны дәлелдемені сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Соттың талабын қаскөйлікпен орындамаған жағдайда көрсетілген тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.";

      26) 26-тармақтағы "282" деген цифрлар "227" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      27) 28-тармақта:

      абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)" деген цифлармен белгіленуі алып тасталсын;

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот мәлімделген талаптарға қатысты шешім шығарған кезде дау айтылған актіні заңсыз деп танумен шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда актіні заңсыз деп тану туралы сот шешімін шығару оның қабылданған сәттен бастап заңсыздығын білдіреді.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Сот қандай да бір әрекет жасаудан бас тартуды (мысалы, көлік құралын тіркеуден бас тартуды) заңсыз деп тани отырып, органға немесе лауазымды адамға сот белгілеген мерзім ішінде арыз берушіге қатысты нақты әрекеттер жасау (мысалы көлік құралын тіркеу) міндетін жүктейді.

      Сот органның немесе лауазымды адамның арыз берушінің өтінішін қараудан бас тартқан әрекетсіздігін заңсыз деп тани отырып, орган қабылдауы тиіс сол шешімнің мазмұнын көрсетпестен сол органға немесе лауазымды адамға арыз берушінің өтінішін сот белгілеген мерзімде қарауды міндеттейді.";

      28) 29-тармақта:

      бірінші абзацтағы "үш күннен", "282-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер тиісінше "үш жұмыс күнінен", "297-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын,

      екінші абзацтағы "да жіберілуі мүмкін" деген сөздер "жіберіледі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "282-бабының төртінші бөлігімен" деген сөздер "297-бабының үшінші бөлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 30-тармақтағы "110", "111" деген цифрлар тиісінше "109", "113" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      30) 31-тармақтағы "253" деген цифрлар "270" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      31) 33-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздер "Конституцияның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32) "Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 5-тармағы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, жалпыға міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова