Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 350 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.".

      2. "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде:

      "3. "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттар" деген бөлімде:

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      он тоғызыншы абзац алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызмет көрсетудің жеке тәртібі белгіленетін ЖПТЖ-ның негізгі пайдаланушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР Қорғанысмині), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – ҚР МКҚ), мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша басқа да мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Байланыс операторларының бөлімшелері ҚР ҰҚК, ҚР Қорғанысмині, ҚР ІІМ, ҚР МКҚ тиісті бөлімшелерімен осы Ережеге, байланыс саласындағы уәкілетті орган осы мемлекеттік органдармен бірлесіп шығаратын өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзара іс-қимыл жасайды.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiліктi атқарушы органдар төтенше жағдай жарияланған (облыстардың, аудандардың әкiмшiлiк шекарасы шегiнде) аудандарда ҚР IIМ-нiң құрылымдық бөлiмшелерiне ЖПТЖ-ның арналарын беру тиiстi шарттарды ресiмдемей, басқа пайдаланушыларға қатысты басым тәртiппен (осы Ереженiң 3 және 6-тармақтары) жүзеге асырылады. Осы кезеңде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеу ҚР IIМ-гi төтенше жағдайларды жою аяқталғаннан кейiн жүргізіледi.

      21. Жылжымалы радиотелефон байланысы және радиобайланыс желiлерінің қызметтерiн көрсететiн байланыс операторлары төтенше жағдайлар және олардың салдарын жою кезеңiнде ҚР IIМ өтiнiмдерi бойынша осы операторлардың қызмет көрсетуi кезiнде қолданылған тарифтер бойынша кейiн ақысы төленіп, қосымша радиоқұралдар мен терминалдар (абоненттiк радиостанциялар) бөледi.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ҚР Қорғанысмині, ҚР ҰҚК және ҚР IIМ-не бейбiт уақытта көрсететін қызметтер көлемi оларда соғыс уақытында да сақталады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ҚР Қорғанысмині, ҚР ҰҚК және ҚР IIМ өздерiнiң байланыс тораптарын ЖПТЖ-ның байланыс тораптарына қосу желiлерiн, қосалқыларды қоса алғанда, дайындауды алдын ала жүзеге асырады.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Заңмен қорғалатын телефондық сөйлесулер, телеграфтық хабарлар құпиясын қозғайтын жедел іздестіру және қарсы барлау іс шаралары жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органнан (ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР Қорғанысмині, ҚР МКҚ), "Жедел-iздестiру қызметi туралы" және "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурордың санкциясын көрсетуді талап етуге міндетті.".

      4. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 396 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 97-құжат):

      тақырыбының, кіріспенің және 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломы сипаттамасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға тағатын белгiсi сипаттамасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгi сипаттамасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесінде:

      мына:

      "

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)

Үкімет

министрлер

Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)

Үкімет

министрлер

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

      ".

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Министрлiктер аппараттарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi Кеңсе Басшысы жауапты хатшылармен (жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткiзу және Кеңсе Басшысының тиiстi тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.";

      85-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өткізілуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.";

      97-тармақ алып тасталсын;

      97-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97-1. Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жыл сайын 1 тамызға басым деп айқындау көзделетін заң жобаларының тізбесі бойынша ұсыныстарды Кеңсеге енгізеді.";

      6.4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу, сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау тәртібі";

      99-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президенті атынан Парламентте қаралуын басым деп жариялау жоспарланатын заң жобалары;";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде бір мезгілде нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазбада оны басым деп айқындау қажеттілігінің негіздемесі де қамтылуға тиіс.

      Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын басым деп қарауды Парламенттің айқындауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын және ол шешетін міндеттерді қамтитын түсіндірме жазба қоса берілуге тиіс.";

      103-тармақ алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      8. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      9. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      10. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1 және 2-тармақтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және болатын мемлекеттiң протоколдық практикасына сәйкес көлiк құралдарында - ұдайы;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелері басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;";

      15-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстің, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң құрамаларының, әскери бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында –ұдайы;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерi басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;";

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында;";

      26-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Парламенттiң, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары Бюроларының, Үкiметтiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң әскери құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк ұйымдардың мөрлерi мен құжаттарының бланкiлерiнде;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында орналастырылады.".

      12. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      13. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат):

      тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

      тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1 және 2-тармақтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      14. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1193 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының депозитарийін Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының атынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабардар етсін.".

      15. "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелері (экономикалық тергеу қызметі) оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабарласын.".

      16. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      37-тармақ алып тасталсын.

      17. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Қазақстан Республикасының атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді орындайтын құзыретті органдарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік күзет қызметі";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер және Қаржы мониторингі комитеттері".

      18. "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, жалпы орта білімнен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;".

      19. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар деген 2-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:

      4-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      20. "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      екінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы" деген 1-бөлімде:

      6-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері" деген 2-бөлімде:

      "Қазақстан-2050" Стратегиясын" іске асыруға жастарды тарту" деген 2-кіші бөлімнің орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      21. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегi № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi туралы ережеде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      22 Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтың 53-1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      17-тармақтың 34) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      24. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 24 қыркүйектегi № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi туралы ережеде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      25. "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 648-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сот бойынша ақталған адамның, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауы, іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде, егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда; егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшіне енген үкімі не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін, күші жойылмаған қаулысы бар, егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының;".

      26. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 526-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      "Құқықтық негіз және басқару жүйесі" деген 2.3.1-бөлімде:

      үшінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      27. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар):

      3-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      29. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.
      30. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2018 № 444 қаулысымен.
      31. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      32. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ережеде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".

      33. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.".