Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрi |