Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 457 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 242 қаулысының 1-тармағының бесінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 60-құжат).
      3. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi № 390 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 108-құжат).
      4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      5. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 671 қаулысы.
      6. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 465-құжат).
      7. «Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 256 қаулысы.
      8. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат).
      9. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      10. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 455-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 69-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 273-құжат).
      13. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 67-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1089 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 550-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 493-құжат).
      17. «Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 267 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 123-құжат).
      18. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 613-құжат).
      20. «Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 80-құжат).
      21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13, 17 және 40-тармақтары.
      22. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 348 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 129-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 1997 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 486-құжат).
      24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 32-құжат).
      25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 608-құжат).
      26. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат).
      27. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 488-құжат).
      28. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 496 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
      29. «Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілерін және оны кию қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).
      30. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат).
      31. «Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1115-құжат).
      32. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 39-құжат).
      33. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1555 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 40-құжат).
      34. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      35. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 285 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 364-құжат).
      36. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 723 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.
      37. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 695-құжат).
      38. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5518 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 қарашадағы № 1167 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 856-құжат).
      39. «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат).
      40. «Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 70, 932-құжат).
      41. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 16-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
      42. «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 467-құжат).
      43. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 470-құжат).
      44. «Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 493-құжат).
      45. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 494-құжат).
      46. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 495-құжат).
      47. «Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 515-құжат).
      48. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 517-құжат).
      49. «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 518-құжат).
      50. «Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 520-құжат).
      51. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және  15-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).
      52. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат).