Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1056-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-2-жолмен толықтырылсын:
      «

35-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

С.Қ. Жақыпова

                                                        ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов