Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 390. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Этносаралық, конфессиялық, тiл мәселелерiн бiрыңғай мемлекеттiк саясат шеңберiнде неғұрлым тиiмдi үйлестiру және кешендi шешу мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 U952066_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 84-құжат) бекiтiлген Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы ережеге мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тiкелей Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктеледi. Республикалық және кiшi ассамблеялардың атқарушылық жұмысын жүзеге асыру үшiн құрылатын Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарушы хатшылығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң құрылымдық

 

бөлiмшесi болып табылады".

     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын қабылданған шешiмдердi

осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi