"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысына қосымша |
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Р/с № | Келісетін мемлекеттік орган | Лицензияланатын қызмет түрі | Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі | Лицензиар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
2 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
3 | Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет | сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган |