Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 723 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5548  әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-2-жолмен толықтырылсын:
      «64-2. 5548 әскери бөлімі.»;
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлімде:
      мына:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

128114

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

128474

                                                                   »;

      мына:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

62431


Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:

28293
11682

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

62791


Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:

28653
11886

                                                                   ».
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов