Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1555 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 11.07.2016 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Баспасөз-релиз

      2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңы 7-бабының 19) тармақшасына және Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 2 қарашадағы № 2 ұсыныстарын ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. 14 (он төрт) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналар айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Д. Мыңбай