Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы N 671 қаулысымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысымен .
      2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 164-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтағы "қоса беріліп отырған ереже" деген сөздер өзгеріссіз сол күйінде қалдырылсын;
      2) 3-тармақтағы "мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "агенттігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      5, 6-тармақтардағы және 7-тармақтың үшінші абзацындағы "комитетінің", "комитеті" және "комитеті" деген сөздер тиісінше "агенттігінің", "агенттігінің" және "агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 390 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 108-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі