2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 20-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультативтік–кеңесу органы;
2) көзделмеген шығындар – көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттірмей қаржыландыруды талап ететін шығындар;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі – басқа мемлекеттердің аумағында әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге өтеусіз көрсететін көмек.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің қатаң нысаналы мақсаты бар әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерінде көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерін, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісін дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен қаражат бөлінген;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындағанда және оларға қажеттілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін соттардың шешімдері бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған төтенше резерві пайдаланылған жағдайда комиссияның оң қорытындысы болған;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы қолдаухатқа және жиынтық есептеулерге тиісінше орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары немесе жергілікті атқарушы органның басшысы (ол уәкілеттік берген адам) қол қояды. Егер өтінішхат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есептеулерге жергілікті атқарушы органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны пайдаланбаған немесе iшiнара пайдаланған жағдайда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервтерінен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган белгiленген тәртiппен әзiрленген және қабылданған негiзде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервтерiне жiберу жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды қамтамасыз етедi. Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі) айқындалған тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервтерінен алынған ақшаны төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылының ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған кезде тиісті жергілікті атқарушы орган бұл туралы қаражат бөлген жоғары тұрған бюджет әкімшісіне хабарлайды.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысын белгіленген тәртіппен әзірлейді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртiппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, пайдаланылмаған қаражатты жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен шетел валютасында бөлінген ақшаны қаржы жылы ішінде пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде белгіленген тәртіппен шетел валютасында бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін резервтен қаражатты бастапқы бөлу жүргізілген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайтаруды қамтамасыз етеді.
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақшаны қаржы жылы ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы орган бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өзінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізеді. Тиісті құқықтық акті қабылданғаннан кейін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртiппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісіне өзгерістер енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, пайдаланылмаған қаражатты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды ағымдағы жылдың
20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелері мен есептеулері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхатты ұсынады. Бұл ретте пайда болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқымда болуға тиіс.
9. Жергiлiктi ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтінішхаттарды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органы қарайды.
10. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептеулерін ұсыну тәртібі мен тізбесін тиісті төтенше жағдай саласындағы орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлінген жағдайда құжаттардың ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы да беріледі.
11. Өңiрлiк және жаhандық ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу қажет болған кезде төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және/немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешiм жобасын енгiзедi.
12. Жергiлiктi ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу қажет болған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар ауданның және қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органы заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және/немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешiмнің жобасын енгiзедi.
13. Төтенше резервтің ақшасы Қазақстан Республикасының
"Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі
iс-шараларға бағытталады.
14. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржы жылының
20 желтоқсанынан кейін төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда қаражат бөлуге жол беріледі.
16. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
17. Қазақстан Республикасы ресми гуманитарлық көмекті ақшалай нысанда көрсеткен жағдайда, ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде алушы ел шот деректемелерін ресми ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
18. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын және оларды тасымалдау бойынша көліктік ұйымдардың шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
19. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды және оларды тасымалдау жөніндегі көлік ұйымдарының шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
20. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар және оларды тасымалдау жөніндегі көлік ұйымдарының шығыстарын және нарыққа реттеушілік ықпал ету және босқындарға көмек көрсету үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
21. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің шығарылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды және оларды тасымалдау жөніндегі көлік ұйымдарының шығыстарын өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.
22. Төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтауға және олардың денсаулығын демеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісі негізінде өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың әкімдері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай аймағындағы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің ең аз нормаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесіне сәйкес тиісті негіздеуші материалдары мен жиынтық есептеулері бар өтінішхат ұсынады.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған материалдарды дұрыстығы мен толықтығы тұрғысынан тексереді және қажетті негіздемелері мен есептеулері болмаған жағдайда жазбаша негіздей отырып өтінішхатты қайтарады.
Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу мақсатында материалдарды Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен төтенше жағдай аймағындағы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің ең аз нормаларының негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ұсыныс енгізеді.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тапсырмасының негізінде құқықтық акті қабылдайды және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі.
23. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейін азаматтық қорғау саласындағы орталық уәкілетті органның өтінішхатының негізінде бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген жылдық жоспарлы тағайындау сомасында ақша құралдарын бөледі.
Азаматтық қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың
тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, негізділігін және анықтығын қамтамасыз етеді.
24. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен өзге де көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
1) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшысы не бірінші басшы уәкілеттік берген тұлға) бекіткен нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді (ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды) салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама;
3) сұратылған сомаға тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша жергілікті сметалар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен, сондай-ақ бекітілген қаржы-экономикалық негіздемелермен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысымен бірге ақша бөлу туралы өтінішхатты ұсынады.
Ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінген жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен бірге ақша бөлу туралы өтінішхатты, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемені және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысын ұсынады.
Төмен деңгейдегі әкімдердің өтінішхаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат ағымдағы нысаналы трансферттер нысанында да, нысаналы даму трансферттері нысанында да жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан астам авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын,
сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жоюға байланысты өзге де іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен қосымша қаражат бөлу туралы келесі қаржы жылдарында шешім қабылдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге қосымша ақша бөлу туралы өтінішхат, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің (тауарлардың) көлемін көрсете отырып, өткен қаржы жылы үшін резервтен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен нысаналы аударымға ақша бөлінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға нысаналы аударымға жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен қаражат бөлінген жағдайда, тиісті мемлекеттік орган осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты қараусыз қайтарады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2015 № 968, 22.12.2015 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.25. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою мақсатында жүргізілген, көлік құралдарын тартумен байланысты орталық мемлекеттік органның шығыстары және/немесе орталық мемлекеттік органның өзінің теңгеріміндегі көлік құралдарын өзге мемлекеттік органға беру бойынша шеккен шығыстары кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған резервтің қаражатынан өтеледі.
26. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінде көзделген шекте ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.27. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақша бөлу туралы оң қорытындысының көшірмесін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысымен қаражат бөлінген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға арналған резервтерінен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға пайдалануды және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындау сот шешімдері бойынша сот атқару құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.
29. Зиян келтірген, сот шешімдері бойынша төлемдер жасауға міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағым жасауға тиіс.
Заңнамада белгіленген тәртіппен сот толтырған атқару құжаты түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздемелер болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы әзірленген қаулы жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Бұл ретте қаулы жобасына атқару құжаттарының және барлық инстанциялардағы сот актілерінің көшірмелері қоса беріледі.
30. Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) сот актілері түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шағым жасау рәсімін бастауға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау кезінде, қажет болған жағдайда, сотқа оны тоқтата тұру не сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш енгізуге тиіс.
31. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңсыз қабылдаған актілері, сондай-ақ әкімшілік басқару саласында өздерінің лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттері үшін осы органдардың иелiгiндегi ақшаның есебiнен өтейді.
32. Қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғаларының кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, мұндай тұлғалар келтірген зиянды өтеген мемлекеттік органдар (ведомстволар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты шегеру тәртібімен өтеу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
33. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен қамтамасыз етіледі.
Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағым жасауға тиіс.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).34. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылданған актілері, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері үшін осы органдардың иелiгiндегi ақшаның есебiнен өтейді.
35. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасына заңнамада белгіленген тәртіппен сот актілері мен атқару құжаттарының көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).36. Қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв, тиісті қаржы жылында облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін республикалық бюджетте көзделеді.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
4) бөлінетін кредит сомасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитінен асып түсуге әкеп соқтырмауы тиіс;
5) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыз алуы үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдарға қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінген қаражат қайта құрылымдауға жатпайды.
Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қайта қаражат бөлуге жол берілмейді.
Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлінген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктеріне кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің жылдар бойынша бөлінген кестесі көрсетіледі.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.40. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, олардың бюджет тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстардың атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу кезінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге облыстардың атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).40-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, олардың бюджет тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне кредит беру үшін тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетте көзделеді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері бюджетті атқару жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).41. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ облыс немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешімдеріне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беруге облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және тиісінше белгілі бір есепті кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
4) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей).
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).42. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджеттік кредит беру тиісінше үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдардың аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).43. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын тиісінше облыс немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қарауына енгізеді.
Облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен ақша бөлінетін жағдайда облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының шешімінде тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі және жылдар бойынша бөле отырып кредитті өтеу кестесі көрсетіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 668 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).43-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді.
Қаржыландыру Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде ақша бөлінген жағдайда, төмен тұрған бюджеттерге қаражатты бірінші аудару бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 2-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруге тиіс.
45. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
46. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпаратты береді.
47. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады.
48. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану бойынша бюджет және басқа да заңнама талаптарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 565 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 1224 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 346-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1280 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 355-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1382 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 377-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 1789 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 456-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1909 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 473-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2011 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 487-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 522-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 138-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi № 885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шiлдедегi № 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 373-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 420-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 793 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 426-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегi № 954 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 494-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 53-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 257-құжат).
16. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № 637 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 527-құжат).
17. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 667 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 539-құжат).
18. "Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 866 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 675-құжат).
19. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 741-құжат).
20. "Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат).
21. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 6-құжат).
22. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1654 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 14, 237-құжат).
23. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37,
504-құжат).
24. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 583-құжат).
25. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 954-құжат).
26. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат).
27. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1494 қаулысы.
28. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 392 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 426-құжат).
29. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 650 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 571-құжат).
30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және "Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 514, 723-құжат).
31. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қазандағы
№ 1101 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59,
817-құжат).
32. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 891-құжат).
33. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 69, 920-құжат).
34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 және "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 желтоқсандағы № 1323 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 936-құжат).
35. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1360 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 950-құжат).
36. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 136-құжат).
37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық қүндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы № 556 және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 200-құжат).
38. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 251-құжат).
39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 276-құжат).
40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 574-құжат).