"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 668 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен қамтамасыз етіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.

      Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасына заңнамада белгіленген тәртіппен сот актілері мен атқару құжаттарының көшірмелері қоса берілуге тиіс.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, олардың бюджет тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстардың атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу кезінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге облыстардың атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, олардың бюджет тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне кредит беру үшін тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетте көзделеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері бюджетті атқару жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.";

      41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ облыс немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешімдеріне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беруге облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      1) тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте көзделген соманың бар болуы;

      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және тиісінше белгілі бір есепті кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      4) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей).

      42. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджеттік кредит беру тиісінше үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жергілікті атқарушы органдардың аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.

      43. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын тиісінше облыс немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қарауына енгізеді.

      Облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен ақша бөлінетін жағдайда облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының шешімінде тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі және жылдар бойынша бөле отырып кредитті өтеу кестесі көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев