Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 866 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жедел жоюды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Әділет, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникация, Қаржы министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде қорғаныс, мемлекеттің қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауындағы теміржол, автомобиль, су көлігін, мемлекеттік авиацияны және азаматтық авиацияның әуе кемелерін пайдалану мәселелерін (тетігін) заңнамалық реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. «Әлеуметтік және криминогенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 ақпандағы № 86 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов