Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 780 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу үшін объектінің құрылысын уақтылы аяқтау және ұйымдастыру іс-шараларын дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      157-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу" мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шаралар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшін 100 пайыздан;";
      157-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "157-1. Мердігер ұйым екінші деңгейдегі банктің төлемақы сомасына арналған шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға кепілдігін ұсынуы шартымен шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 "Ғимараттар және құрылыстар салу" ерекшелігі бойынша:
      инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындалуының технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдық құнының;
      "Астана қаласындағы коньки тебу стадионы" объектісінің құрылысы бойынша шарт құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етіледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов