Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 58-2) тармақшамен толықтырылсын:
"58-2) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алу;".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |