Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 119 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2010.05.04 N 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10, 27-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2010 жылғы 23-ақпандағы N 03-10/84 санды ұсынысына сәйкес Айшуақ селолық округінің "Аққора" шаруа қожалығындағы түйе малының құтыру ауруы қаупінің алдын-алу шараларын алу, шектеу салу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы Айшуақ селолық округіне қарасты Аққора жеріндегі "Аққора" шаруа қожалығының (төрағасы Н.Елеусізовтың) мал базында құтыру ауруын жоюдың шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алынған қаулының жүзеге асырылуы Айшуақ селолық округінің әкімі Е. Әдімановқа, аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Қ. Сарсембайға, Қазақстан Республиуасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Е. Есжановқа (келісім бойынша) және аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің бастығы Е. Бекмағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа тапсырылсын.
      4. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                        Р.Сыдықов