"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1073 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 28.04.2014 № 22/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-138 болып тіркелген, "Спутник" 2012 жылғы 5 шілдедегі N 27 (1385), газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі қаулының 3 тармағының 1) тармақшасындағы "ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың" сөздері "үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Саран қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Кожухов