"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 968 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ұялы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округінің Ұялы ауылының "Ленин" көшесін – "Д. Нұрпейісова" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. А. Избасканова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұялы ауылдық округінің әкімі Б. Уразгулов