"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 493 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен өзге де көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
      1) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшысы не бірінші басшы уәкілеттік берген тұлға) бекіткен нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді (ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды) салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама;
      3) сұратылған сомаға тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша жергілікті сметалар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.»;
      36373839404142 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв, тиісті қаржы жылында облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін республикалық бюджетте көзделеді.
      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
      37. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде:
      1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың болуы;
      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
      3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
      4) бөлінетін кредит сомасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитінен асып түсуге әкеп соқтырмауы тиіс;
      5) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.
      38. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыз алуы үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
      Жергілікті атқарушы органдарға қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінген қаражат қайта құрылымдауға жатпайды.
      Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қайта қаражат бөлуге жол берілмейді.
      Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.
      39. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлінген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктеріне кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің жылдар бойынша бөлінген кестесі көрсетіледі.
      40. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, олардың бюджеттерінің тапшылығын жабуға арналған резерв ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне кредит беру үшін тиісті облыстық бюджетте көзделеді.
      Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлуге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
      41. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ облыс әкімдігінің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу үшін мыналар:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың болуы;
      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
      4) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.
      42. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен бюджеттік кредит беру үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
      Жергілікті атқарушы органдардың аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.
      43. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.
      Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінетін жағдайда облыстық деңгейдегі жергілікті органның шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға аудан бюджетінен кредиттеудің нақты мерзімі және жылдар бойынша бөле отырып кредитті өтеудің кестесі көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді.
      Қаржыландыру Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде ақша бөлінген жағдайда, төмен тұрған бюджеттерге қаражатты бірінші аудару бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов