Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 5 ақпан N 131

Жаңартылған

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңын және аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысының 4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      1. Қосымшаға сәйкес Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейiн жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктарының қызметiн жоғарыда аталған Ережеге сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің    
2003 жылғы 5 ақпандағы
N 131 қаулысымен 
бекiтiлген 

Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер. Ұғымдар мен терминдер

      1. Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастырудың осы ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру тәртібiн айқындайды және Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында, "Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысының 4-тармағына, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 433-І, "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53, "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 434-І, "Халық санитарлық-эпидемиологиялық caулығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңдарына, "Өнiм мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрі қайта өңдеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысына, "Азық-түлік рыноктарын орнықтыруға, ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" туралы 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 4.01.063.02. санитарлық ережелер мен нормаларға (бұдан әрі - СанЕмН) сәйкес әзiрленген.
      Осы Ереже сауда рыногының барлық субъектiлерiне (рынок әкiмшiлiгіне, сатушыларға, рыноктың басқа қызметкерлерiне) қолданылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058; 2010.08.18 N 822 (2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
      1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарының тұрағы үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен;
      2) жабық базар - тұрақты инженерлiк коммуникациясы бар, жерге iргетаспен берiк байланыстырылған күрделi ғимарат. Жабық базардағы сауда орындары мен өздерiндегi тұрақты үлгiдегi бөлiмдермен (олардағы тауарларды алдын ала сатуға дайындауды жүзеге асыратын) байланысы жоқ. Әдетте, сатушылардың күнделiктi ауысымына рұқсат берiледi, жабық базардың сауда орындарындағы тауарлық запас бiр жұмыс күнiмен шектеледi;
      3) көтерме базар - бұл әрi қарай өткiзу немесе өндiрiсте пайдалану мақсатында тауарларды партиялармен (үлкен санымен) сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
      4) бөлшек сауда - бұл қызмет көрсетудi және тұтынушылардың тiкелей өздерiне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған тұтыну мақсатындағы тауарларды даналап немесе бiрнеше сандық мөлшерде сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
      5) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      6) сауда қызметi - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметi;
      7) тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнiмi;
      8) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;
      9) дүңгiршек - сауда залы жоқ, арнайы бөлiнген жер учаскесiне орнатылған сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
      10) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалған, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;
      11) сауда шағын базары (бұдан әрi - шағын базар) - бұл сауда орындарының саны 25-тен аспайтын, тауарларды зауыттық орамда (ыдыста) даналап, сондай-ақ азық-түлiк тауарлары үшiн арнайы сақтау жағдайларын талап етпейтiн тауарларды сатуға арналған базар;
      12) базардағы сауда орны - сатушының (сатушылардың) тауарларды, сауда мүкаммалын орналастыру және сатуға арналған тауарлар қорын сақтау үшiн сөрелермен жабдықталған жұмыс аймағы. Сауда орны өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi есепке алына отырып, қажеттi санитарлық-техникалық жағдайларға сәйкес болуы тиiс;
      13) сауда қызметiнiң субъектiсi - бұл сауда қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) базар әкiмшiлiгi - базар қызметiн тiкелей басқару үшiн базардың меншiк иесi (иегерi) құрған басқару аппараты;
      15) базардың меншiк иесi (иегерi) - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететiн, сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн сауда орындарын беру және басқа да қызмет түрлерiн көрсету мақсатында базардың мүлiктерiн иелену, пайдалану, билiк ету құқығы бар заңды және/немесе жеке тұлға;
      16) сатушы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес құқық субъектiсi болып табылатын, өзiнiң сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн, базар қызметтерiн пайдаланушы заңды және/немесе жеке тұлға;
      17) сауда мүкаммалы - сауда қызметiн жүзеге асыруға арналған заттар;
      18) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
      19) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;
      20) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй-iшiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      21) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      22) сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
      23) коммуналды базар – жергілікті атқарушы органдар шешімімен құрылатын, тұтынушылардың тiкелей өздерiне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған азық-түлік тауарларын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын сауда базары.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 N 1245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Рыноктағы сауданы және қызмет көрсетудi арнайы жабдықталған сауда қатарлары мен орындары, сондай-ақ рынок аумағында орналасқан дүкендер, дүңгiршiктер, шатырлар желiсi арқылы көтерме және бөлшек сауда түрiнде заңды және/немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      4. Сауда рыноктарын жобалау, салу, қайта жаңарту өз құзыретi шегiнде белгiленген тәртiппен тиiстi органдармен келiсiлген жобалар бойынша қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
      Белгiленген тәртiппен iске қосу (қабылдау) кесiмi ресiмделгенге дейiн рынокты пайдалануға тыйым салынады.
      5. Тауарлық-салалық белгiсi бойынша рынок аумағын мамандандыруды және аймақтандыруды, сондай-ақ рынокта жүзеге асырылатын мәмілелердiң көлемi мен сипатына байланысты рыноктың үлгiсiн қолданыстағы нормативтерге сәйкес рынок әкiмшiлiгi айқындайды.
      6. Рыноктар былайша жiктеледi:
      тауарлық мамандануы бойынша:
      1) азық-түлiк тауарларын өткiзу бойынша - азық-түлiктiк;
      2) өнеркәсiп тауарларын, тұрмыстық техниканы және тағы басқаларды өткізу бойынша - азық-түлiктiк емес;
      3) тауарлардың жекелеген топтарын (автомобиль, мал және т.с.с.) өткiзу бойынша - мамандандырылған;
      4) мамандандырылған сауда аймақтарында азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарларды өткiзу бойынша - әмбебап;
      мәмiлелердiң көлемi мен оларды жүзеге асыру тәсiлдерi бойынша:
      бөлшек;
      көтерме;
      түрлерi бойынша:
      жабық;
      шағын рынок;
      аралас;
      санаттары бойынша:
      I санат;
      II санат;
      III санат.
      Рыноктардың санаттарын осы Ережеге 1-қосымшаның талаптарына сәйкес сауда саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар бередi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      7. Рыноктардың жұмыс режимiн рыноктар әкiмшілiгi белгілейдi.

2. Рынок аумақтарын ұстауға жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар

      8. Рынокты ұйымдастыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес СанЕмН , өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринарлық , экологиялық және басқа да талаптар міндетті түрде сақталуы тиiс.
      9. Рынок аумағында орналасқан құрылыстар, сондай-ақ тиiстi бейiндегi (үлгілiк) объектiлер үшiн белгiленген қауiпсiздiк техникасы ережелерiне, ветеринарлық, санитарлық , өртке қарсы және басқа да талаптарға жауап беруi тиiс.
      10. Рынок аумағындағы ғимараттар мен жабдықтардың орналасуы тұтынушылардың сауда орындарына еркiн келуiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын және апатты жағдайда немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      11. Рыноктың санитарлық жай-күйi Мемсанэпидқадағалау органдары мен мекемелерi белгiлеген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      12. Рынок аумағының көрнекі орындарына мынадай барлық қажеттi объектiлер: сауда қатарлары, анықтама бюросы, зертханалар, санитарлық желiлер, бақылау таразылары, құқықтық тәртiптi қорғау органдарының бөлмелерi және тағы басқалары көрсетіле отырып, "Рынок жоспары" орналасады.
      Рынок аумағы сауда қатарларына (көкөнiс, жемiс-жидек, ет, сүт, тұрмыстық тауарлар, киiм, аяқ киiм және т.б.), тамақтану орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына, шығуға бағытталған сiлтемелермен және т.б. жарақтандырылады.
      Әрбiр азық-түліктік сауда залында өлшеудi бақылау құралдары орнатылады. Өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлуге тиiс.
      13. Рынок қажеттi сауда мұқаммалымен, жабдықтармен оның iшiнде "Өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат берiлген өлшем құралдарымен жарақтандырылады.
      Рынок аумағындағы қоғамдық тамақтандыру, сауда, халыққа тұрмыстық қызметтер көрсету объектiлерiн және басқа да қызметтердi орналастыру мен жабдықтау Мемсанэпидқадағалау және өрттен қорғау органдары мен мекемелерінің рұқсатымен әрі олардың келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      14. Азық-түлiктiк емес сауда залдарында заттарды (киiм, аяқ киiм) сату кезiнде, оларды өлшеп, киiп көру үшiн жағдай, ал тексеруi талап ететiн күрделi-техникалық және басқа да тауарлар үшiн - оны өткiзуге арналған жағдай жасалуға тиiс.
      15. Рынок аумағындағы сумен жабдықтау және кәріз СанЕмН талаптарына жауап беруге тиiс.
      16. Рынокта кәрiз болмаған жағдайда шаруашылық және сарқынды суды аластату және ағызу тәртiбi Мемсанэпидқадағалау органдарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
      17. Рынокта ауыл шаруашылығы тауарларын сақтау және өткiзу СанЕмН талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң саудасы СанЕмН-ға сәйкес тамақ өнiмдерiмен жанасу үшiн Мемсанэпидқадағалау органдары мен мекемелерi рұқсат берген материалдардан дайындалған ыдыстардан тауарлық көршiлiк қағидаттарын сақтау, өнiмдердiң тікелей жермен жанасуынан сақтау жолымен жүзеге асырылады.

3. Рынок әкімшiлiгінiң жұмыстарын ұйымдастыру

      19. Рынок әкiмшiлігі:
      1) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттейтiн қолданыстағы заңнамасына , осы Ережеге және рынок субъектiлерiнiң өзара қатынастарының iшкі тәртiбiн айқындайтын рынок регламентiне сәйкес рыноктың қалыпты жұмыс iстеуiне және оның жұмысын ұйымдастыруға арналған қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi;
      2) рыноктың мiндеттi түрде мыналар көрсетiлетiн регламентiн әзiрлейдi:
      жұмыс режимi және рынокқа сатушылардың, сатып алушылардың және рыноктың басқа да қызметкерлерінің келу тәртібi;
      қосымша қызмет түрлерiнiң тiзбесi;
      сатушыларға сауда орындарын берудiң тәртiбi, олардың сипаттамасы, шарттары және жалға алу құны.
      Рынокта сатушыларға сауда орындарын беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шарттық негiзде жүзеге асырылады;
      3) рынок аумағын уақытылы тазалауды және көркейтудi қамтамасыз етедi;
      4) Мемсанэпидқадағалау органымен және мекемелерiмен келiсiлген кестеге сәйкес рынокта санитарлық күн өткiзедi;
      5) рыноктың мамандануына қарай энергиямен, сумен жылумен жабдықтау бөлiгiнде рынок аумағындағы сауда объектiлерi мен орындарына сервистік қызмет көрсетуi, сондай-ақ пайдалану шарттарына және оларға белгiленген талаптарға және СанЕмН-ге сәйкес сауда мұқаммалының және бақылау таразыларының болуын қамтамасыз етедi;
      6) қоғамдық тәртiптi, өртке қарсы қауiпсiздiктi қорғау, қарауылдық күзетті ұйымдастыру және рынокты көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу бойынша шаралар қабылдайды;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы Ережеге, құрылыс нормалары мен ережелерiне, СанЕмН-ге, өрт қауiпсiздiгi ережелерiне, экологиялық және басқа да талаптарға сәйкес рынок жұмысын ұйымдастырады;
      8) рынок аумағы кiреберiсiне рыноктың үлгiсi, мамандануы, атауы, жұмыс режимi көрсетiле отырып маңдайша (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде) орнатады;
      9) келуге болатын көрнекi жерлерге мыналарды:
      мамандану бойынша сауда аймақтарының сілтемелерiн;
      сатушылар мен келушілердiң назарына мынадай ақпараттар:
      рыноктағы бiр жолғы талондардың құны;
      рынокта сауда орындарын берудiң және қызмет көрсетудiң тәртібi мен шарттары;
      бақылау таразыларының, пiкiрлер мен ұсыныстар кітабының тұрған орны;
      рынок жұмысына қатысты мәселелер туындаған жағдайда, өтiнiш жасауға қажет рынок әкiмшiлігі, Мемсанэпидқадағалаудың аумақтық органдары мен мекемелерi, ветеринария және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi органдар, iшкi iстер бөлiмi телефондарының нөмiрлерi;
      санитарлық-ветеринариялық сараптама жүргiзу үшiн азық-түлік тауарларынан алынатын iрiктеу нормалары (мұндай ақпараттың ет және жемiс-көкөнiс павильондарында орналасуы мiндеттi);
      рынокта жеңілдiктерi бар тұлғалардың тiзбесi көрсетiлетiн ақпараттық стенд орнатады.
      10) мынадай нормативтiк құқықтық кесiмдерi болуы тиiс:
      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қараңыз.Z100274
      Қазақстан Республикасының "Сауда қызметiн реттеу туралы", "Стандарттау туралы", "Өлшемдер бiрлігін қамтамасыз ету туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы" Заңдары;
      "Өткiзуге және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда өнімдер мен тауарларды жою немесе оларды одан әрi қайта өңдеу жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысы;
      Сауда рыноктары қызметiн ұйымдастырудың осы ережесi және СанЕмН.
      Қажеттілiк туындаған жағдайда аталған нормативтiк құқықтық кесiмдер сауда рыногының барлық субъектiлерiне танысу үшiн ұсынылады.
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, рынок көрсететін қызметтер ақысының ставкасын (сауда орындары мен үй-жайларды жалға алу, сондай-ақ басқа да қосымша қызмет көрсетулер) дербес белгiлейдi;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рынок аумағында сауда немесе өндiрiстiк қызмет жүргiзу құқығына заңды және/немесе жеке тұлғалармен сауда орнын жалға алу шарттарын жасасады (жария немесе жазбаша түрде);
      13) рынок көрсететiн қызметтер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдiктер беру туралы дербес шешiм қабылдайды. Бұл ретте жеңілдiктер беру туралы хабарландыру мен тиiстi жеңiлдiктерi бар тұлғалардың тiзбесi жалпыға қол жетiмдi орындарда орналастырылады;
      14) шарттық негізде құқықтық тәртіпті қopғау, Мемсанэпидқадағалау ветеринариялық қадағалау және өрттен қорғау органдарына тұрақты пункттердi орналастыру үшiн қызметтiк үй-жайлар береді;
      15) рынок сатушылары мен басқа да қызметкерлерi үшiн ақылы қызметтер ұсынады (тоңазытқыштарда, қоймаларда және басқа да қойма үй-жайларында тауарларды, өнiмдердi, сондай-ақ сатушылардың жеке заттарын сақтау; ет шабу; жүктi сауда орындарына тасу; тауар таразыларында өнiм өлшеу; автотұрақтарды пайдалану; радио арқылы хабарландырулар және басқалар);
      16) белгiленген тәртіппен сауда орнының мөлшерiн айқындайды.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058; 2010.08.18 N 822 (2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      20. Рынок иесiнiң/әкiмшiлiгiнiң бюджетпен есеп айырысу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      21. Рыноктың қызметкерлерi, сондай-ақ техникалық қызметшiлерi сауда рыногы аумағында шаруашылық қызметтi санитарлық киiмде жүзеге асыруға, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге мiндетті.
      Медициналық тексеруден өткiзу тәртiбi денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қолданыстағы бұйрығына сәйкес белгiленеді.
      21-1. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен апта сайынғы негізде коммуналды базарда сатылатын азық-түлік тауарларына ұсынылатын бөлшек бағалар белгіленеді.
      Ескерту. 3-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 N 1245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21-2. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен жыл сайынғы негізде тоқсанына бір реттен кем емес түзету мүмкіндігімен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша (сауда алаңдарын жалға беру, тауарларды сақтау, қаттап тастау, сұрыптау және буып-түю, сонымен қатар жүк және жеңіл машиналардың кіруі және тұрақта болуы) тіркелген тарифтер белгіленеді.
      Ескерту. 3-тарау 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 N 1245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. Рынок әкiмшiлiгiнің жауапкершілігi

      Ескерту. 4-тарау және 22, 23-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      22. <*>
      23. <*>

5. Рыноктардың жұмысын бақылау

      24. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен уәкiлетті мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      24-1. Рыноктың басшысы уәкiлетті органдардың лауазымды тұлғаларына тексерiс жүргізуде жәрдем көрсетедi және осындай тексерiстiң барысында айқындалған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      24-2. Жүзеге асырылған тексерiс нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде бақылаушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
      Ескерту. 24-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      24-3. Меншiк иесi және/немесе басшы, рынок қызметкерлерi осы Ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауап бередi.
      Ескерту. 24-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      Рынокта жүргiзiлген тексеру нәтижелерi тиiстi актiмен ресiмделедi және белгiленген нысанға сәйкес бақылау журналында тiркеледi (осы Ережеге 2-қосымша).
      Ескерту. 24-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.

6. Сатушылардың жұмысын және сауда процесiн ұйымдастыру

      25. Сауда рыногының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы санитарлық киiммен жұмыс iстеуге, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ белгiленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге мiндетті.
      Медициналық тексеруден өткiзу тәртiбi денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қолданыстағы бұйрығына сәйкес белгiленедi.
      26. Сатушы мынадай жағдайларда: өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн куәландыратын құжаттарсыз және/немесе тұтынушылардың өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн тауарларды (оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына одан тысқары жерлерден әкелiнген) сатса, сондай-ақ тауарлардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз пайдаланса; сатылатын тауардың сапасына қатысты сатып алушыларды алдаса; тұтынушыны кем өлшеу арқылы алдаса; СанЕмН-дi бұзып тауарлар сатса Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiкте болады.
      27. Сатушылардың тауарлар сатуы кезiнде:
      1) рыноктағы сауда ережесiн және рыноктың iшкi тәртiбiн сақтауы;
      2) санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтауы;
      3) жөнелтпе құжаттың түпнұсқасы және басқа да нормативтiк кесiмдермен көзделген тауардың iлеспе құжаттары; тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жағдайларда бiр жолғы талон болуы қажет.
      28. Осы Ереженiң 27-тармағының 3-тармақшасында аталған құжаттар бүкiл жұмыс уақыты iшiнде сатушыда сақталады және олар бақылаушы органдар мен рынок әкiмшiлiгiнiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.
      29. Сауда орнын үшiншi тұлғаға беру тараптардың (сатушы мен рынок әкiмшiлiгi) келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
      30. Рынокта қызметiн жүзеге асыратын сатушылардың бюджетпен есеп айырысу тәртібi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      31. Рынокта сатуға тыйым салынған тамақ өнiмдерiнiң тiзбесi СанЕмН-ның талаптарымен айқындалады.
      32. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еркiн сатуға тыйым салынған тауарларды рынокта сатуға тыйым салынады.
      33. Рыноктарда ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу мiндетті болып табылады. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізбей сатуға тыйым салынады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.
      33-1. Коммуналды базарда 70%-дан кем емес сауда алаңдары азық-түлік тауарларын сатуға тиіс, олардың 10%-дан кем емес сауда орындары тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеке өнімдерін сату үшін ұсынылуға тиіс.
      Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату үшін сауда орындарының нақты санын және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін сауда орындарының нақты санын айқындауды жергілікті атқарушы органдар келісім бойынша коммуналды базар әкімшілігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-тарау 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 N 1245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33-2. Коммуналды базарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесiне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпараттық стендтер орнатылады. Ақпараттық стенді өзге де азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпаратты да қамтуы мүмкін.
      Ескерту. 6-тарау 33-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 N 1245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

7. Сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгi

      34. Сапасы мен қауiпсiздiгi тексеруден өткен тауарларды рынокта сатуға рұқсат етіледi.
      Рынокқа келіп түсетін азық-түлiк тауарларының сапасы мен қауiпсiздігі өнiмге қолданыстағы санитарлық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы және ол тиiстi құжаттармен расталуы тиiс, ал малдан алынған шикiзат рынок зертханаларында мiндеттi түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізілуге тиic.
      Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдер сәйкестiк сертификатымен бiрге жүруге тиiс.
      35. Сату уақытында сапасын жоғалтқан және сапасыз тауарлар разрядына өткен тауар сатудан алынады.
      Өнiмдер мен тауарларды жою немесе әрi қарай қайта өңдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Уақытша сақтауға қойылған тауарлар ыдыста қатталуы тиiс. Сақтау үй-жайларында тауарлар тауарлық көршiлiк, жинастыру нормалары, режим мен сақтау қағидаттары сақтала отырып орналастырылады.

8. Сауда рыноктарының қызметiн тоқтату

      36. Сауда рыногының меншiк иесi рынок қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатады.

Ережеге 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1058 қаулысымен.

Сауда рыноктарының үлгілеріне және санаттарына қарай жарақтандырылуына және олар ұсынатын қызмет түрлеріне қойылатын техникалық талаптар

-------------------------------------------------------------------
                     !           Жабық сауда рыногы (І санат)
                     !---------------------------------------------
                     !   Бөлшек       !   Көтерме      !Маманданған
                     !----------------!----------------!(авто-дік,
                     !Азық-!Азық-!Әмбе!Азық-!Азық-!Әм. !мал т.б.)
                     !түл. !түл. !бап !түл. !түл. !бе. !
                     !іктік!іктік!    !іктік!іктік!бап !
                     !     !емес !    !     !емес !    !
-------------------------------------------------------------------
Қоршау                 М     М      М    М     М     М      М
Тоңазытқыш камералар   М     -      М    М     -     М      -
Көтергіш-көлік жабдығы М     М      М    М     М     М      -
Санветсараптама        М     -      М    М     -     М   маман.
зертханасы                                              дануына
                                                         қарай
Етті бөлшектеуге       М     -      М    -     -     -      -
арналған үй-жай
Тауарларды сақтауға    М     М      М    М     М     М      -
арналған қойма үй-
жайларды, сақтау
орындары
Таразыларды және басқа М     -      М    М     -     М      -
да мұқаммалдарды беру
пункті
Әр сауда залында       М     -      М    М     -     М      -
бақылау таразыларының
болуы
Жүктерді сауда орын.   М     М      М    М     М     М      -
дарына жеткізу
Күрделі-тұрмыстық      -     М      М    -     -     -      -
техниканың сапасын
тексеру үшін жағдай
жасау
Өлшеуге арналған       -     М      М    -     -     -      -
бөлме (кабина)
Сумен жабдықтау        М     М      М    М     М     М      М
Электрмен жабдықтау    М     М      М    М     М     М      М
Кәріз                  М     М      М    М     М     М      М
Санитарлық торап       М     М      М    М     М     М      М
Жылумен жабдықтау      М     М      М    М     М     М      М
Машина тұрағы үшін     М     М      М    М     М     М      М
орын беру
Машиналардан,          -     -      -    М     М     М      Ұ
контейнерлерден сауда
жасау үшін аумақ беру
Рынок аумағын          М     М      М    М     М     М      М
асфальттау
Рынок аумағын          М     М      М    М     М     М      М
жинастыру
Күзетпен қамтамасыз    М     М      М    М     М     М      М
ету
Рынок сатушылары мен   М     М      М    М     М     М      -
қызметкерлерінің киінуі
үшін бөлме беру
Ақпараттық стенд       М     М      М    М     М     М      М
Радио арқылы           М     М      М    М     М     М      Ұ
хабарландыру (ақпарат)
-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------
                     !           Аралас сауда рыногы (ІІ санат)
                     !---------------------------------------------
                     !   Бөлшек       !   Көтерме      !Маманданған
                     !----------------!----------------!(авто-дік,
                     !Азық-!Азық-!Әмбе!Азық-!Азық-!Әм. !мал т.б.)
                     !түл. !түл. !бап !түл. !түл. !бе. !
                     !іктік!іктік!    !іктік!іктік!бап !
                     !     !емес !    !     !емес !    !
-------------------------------------------------------------------
Қоршау                 М     М      М    М     М     М      М
Тоңазытқыш камералар   М     -      М    М     -     М      -
Көтергіш-көлік жабдығы Ұ     Ұ      Ұ    М     М     М      -
Санветсараптама        М     -      М    М     -     М   маман.
зертханасы                                              дануына
                                                         қарай
Етті бөлшектеуге       М     -      М    М     -     М      -
арналған үй-жай
Тауарларды сақтауға    М     М      М    М     М     М      Ұ
арналған қойма үй-
жайларды, сақтау
орындары
Таразыларды және басқа М     -      М    М     -     М      -
да мұқаммалдарды беру
пункті
Әр сауда залында       М     -      М    М     -     М      -
бақылау таразыларының
болуы
Жүктерді сауда орын.   Ұ     Ұ      Ұ    М     М     М      -
дарына жеткізу
Күрделі-тұрмыстық      -     Ұ      Ұ    -     -     -      -
техниканың сапасын
тексеру үшін жағдай
жасау
Өлшеуге арналған       -     М      М    -     -     -      -
бөлме (кабина)
Сумен жабдықтау        М     М      М    М     М     М      М
Электрмен жабдықтау    М     М      М    М     М     М      М
Кәріз                  М     М      М    М     М     М      М
Санитарлық торап       М     М      М    М     М     М      М
Жылумен жабдықтау      М     М      М    М     М     М      М
Машина тұрағы үшін     М     М      М    М     М     М      М
орын беру
Машиналардан,          Ұ     -      Ұ    М     М     М      М
контейнерлерден сауда
жасау үшін аумақ беру
Рынок аумағын          М     М      М    М     М     М      М
асфальттау
Рынок аумағын          М     М      М    М     М     М      М
жинастыру
Күзетпен қамтамасыз    М     М      М    М     М     М      М
ету
Рынок сатушылары мен   М     Ұ      М    М     Ұ     М      -
қызметкерлерінің киінуі
үшін бөлме беру
Ақпараттық стенд       М     М      М    Ұ     Ұ     Ұ      М
Радио арқылы           М     М      М    Ұ     Ұ     Ұ      Ұ
хабарландыру (ақпарат)
-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------
                     !    Шағын рынок (ІІІ санат)
                     !---------------------------------------------
                     !Азық-түлік.!Азық-түліктік!Әмбебап! Маманданған
                     !   тік     !    емес     !       !(автомоб.
                     !           !             !       !мал және
                     !           !             !       !т.б)
-------------------------------------------------------------------
Қоршау                      М            М         М         М
Тоңазытқыш камералар        -            -         -         -
Көтергіш-көлік жабдығы      -            -         -         -
Санветсараптама             -            -         -         -
зертханасы
Етті бөлшектеуге            -            -         -         -
арналған үй-жай
Тауарларды сақтауға         -            -         -         -
арналған қойма үй-
жайларды, сақтау
орындары
Таразыларды және басқа      -            -         -         -
да мұқаммалдарды беру
пункті
Бақылау таразыларының       М            -         М         -
болуы
Жүктерді сауда орын.        -            -         -         -
дарына жеткізу
Күрделі-тұрмыстық           -            М         М         -
техниканың сапасын
тексеру үшін жағдай
жасау
Өлшеуге арналған            -            Ұ         Ұ         -
бөлме (кабина)
Сумен жабдықтау             М            Ұ         М         Ұ
Электрмен жабдықтау         -            -         -         -
Кәріз (шұңқыр) құзыретті    М            М         М         М
органдармен келісім
бойынша
Санитарлық торап            М            М         М         М
Жылумен жабдықтау           -            -         -         -
Машина тұрағы үшін          Ұ            Ұ         Ұ         Ұ
орын беру
Машиналардан,               -            -         -         -
контейнерлерден сауда
жасау үшін аумақ беру
Рынок аумағын               М            М         М         М
асфальттау (бетондау)
Рынок аумағын               М            М         М         М
жинастыру
Күзетпен қамтамасыз         -            -         -         -
ету
Рынок сатушылары мен        -            -         -         -
қызметкерлерінің киінуі
үшін бөлме беру
Ақпараттық стенд            -            -         -         -
Радио арқылы                -            -         -         -
хабарландыру (ақпарат)
-------------------------------------------------------------------
      Шартты белгілер: М - міндетті түрде; Ұ - ұсынылады.

      РҚАО-ның ескертуі. Ереженің 2-қосымшасы қазақша мәтінде берілмеген.