Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 489 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Агроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1164 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.03.017 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с
Тауардың атауы

1

2

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

6

Картоп

7

Асханалық сәбіз

8

Басты пияз

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

Ақ қант – құмшекер

11

Күнбағыс майы

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

18

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%