Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1058 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      04 "Бiлiм беру" деген функционалдық топта:
      225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген әкiмші бойынша:
      012 "Білім беру объектілерін салуға және құруға облыстық бюджеттерге, Алматы қалалық бюджетiне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада:
      "Ақмола облысы Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында Бөгенбай батыр атындағы қазақ мектебiне қосымша құрылыс салу" деген жолдағы "114230" сандар "112719" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа кентiнде 320 орынға арналған Теректі орта мектебін салу" деген жолдағы "134100" деген сандар "132500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой селосында 504 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "119980" деген сандар "117600" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған селосында 600 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "614000" деген сандар "698630" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Aтыpay облысы Құрманғазы ауданының Асан селосында 120 орынға арналған мектеп салу" деген жолдағы "92000" деген сандар "91320" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданының Талапты селосында 250 орынға арналған мектеп салуды аяқтау" деген жолдағы "109380" деген сандар "102770" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жыңғылды селосындағы мектеп-интернаттың 200 орынға арналған жатақхана-интернатын салу" деген жолдағы "122910" деген сандар "114560" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетiбай кентiнде 624 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "283990" деген сандар "282002" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Павлодар облысы Павлодар ауданының Набережное селосында 420 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "312440" деген сандар "307563" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы қалалық әкiмшiлiгiнің Қарашық селосы Новостройка бөлiмшесінде 900 орынға арналған мектеп салу" деген жолдағы "240000" деген сандар "193632" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау қаласының "Сельстрой" шағын ауданында 624 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "430000" деген сандар "419734" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі