Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

 

     көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

28-жолмен толықтырылсын:

     "28. "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ААҚ

(Атырау қаласы) 100%";

     2) "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі

ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін қайта

ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28

маусымдағы N 887 


P010887_


  қаулысына:

     3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.