Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 және 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 822 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
      1-тармақтағы «Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацындағы «Қазақ КСР-нің Заңы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      3-тармақтағы «1991 жылғы 5 шілдедегі» деген сөздер «2010 жылғы 4 мамырдағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов