Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1315 Қаулысымен.
      1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын:

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы            және ақпарат министрі, төраға

Танысбай                 - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Ләззат Мұратқызы           ақпарат вице-министрі, төрағаның
                           орынбасары

Берсебаев                - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Болат Талапұлы             ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
                           комитетінің төрағасы, хатшы

Әбдіреева                - Қазақстан Республикасы Әділет
Шолпан Тоқтарқызы          министрлігі Зияткерлік меншік құқығы
                           комитеті төрағасының орынбасары

Есім Ғарифолла           - Қазақстан Республикасы Парламенті
                           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Жақсыбаева               - Қазақстан телерадио хабарларын
Шолпан Ахметқызы           таратушылардың ұлттық
                           қауымдастығының атқарушы
                           директоры

Нығматулин               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы          Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Бұлдыбаев Аянжан         - «Телекоммуникация саласындағы
Шүлембайұлы                техникалық cүйемелдеу және талдау
                           орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
                           республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                           директорының орынбасары (келісім
                           бойынша)

Нұршабеков               - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы          ақпарат министрлігі Байланыс және
                           ақпараттандыру комитетінің төрағасы

Омашев                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Намазалы Омашұлы           министрлігінің "Әл-Фараби атындағы
                           Қазақ ұлттық университеті"
                           республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                           журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО
                           кафедрасының меңгерушісі

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрi

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Кемербаев                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Тимур Тоқанұлы             министрлігі Штабтар бастықтары
                           комитетінің байланыс бас басқармасының
                           бастығы

Якушенко                 - "Қазақстан Республикасы
Владимир Матвеевич         Президентiнiң телерадиокешенi"
                           коммерциялық емес акционерлiк
                           қоғамы бас директорының орынбасары

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03 N 397, 2002.07.17 N 797, 2003.10.31 N 1083, 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2006.06.27 N 588, 2006.12.29 N 1315, 2007.06.12 N 484, 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.04.10 N 502, 2009.11.13 N 1834, 2010.11.05 N 1165, 2011.01.31 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.30 № 1686 Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238 қаулысымен.
      3. Комиссияның жұмыс органы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2008.06.11 N 577, 2010.11.05 N 1165 Қаулыларымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі