"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес, сондай-ақ жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрi, төраға
Нұрғазин - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Нұрлан Мұхаметқалиұлы ақпарат министрлiгi Ақпарат және
мұрағат комитетiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары
Танысбай - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ләззат Мұратқызы ақпарат министрлiгi Ақпарат және
мұрағат комитетi төрағасының
орынбасары, хатшы
Шалахметов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ғадiлбек Мiнәжұлы Мәжiлiсiнiң депутаты
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы және байланыс агенттiгi төрағасының
орынбасары
Ақпенова - Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы таратушылар қауымдастығының
директоры
Сырғабаев - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Азамат Маратұлы коммуникациялар министрлiгiнiң
Байланыс және ақпараттандыру
жөнiндегi комитетi төрағасының
мiндетiн атқарушы
Ключникова - "Қазтелерадио" жабық акционерлік
Валентина Ефимовна қоғамының техникалық директоры
(келісім бойынша)
Мұхамеджанова - "Internews Network" халықаралық
Нұржан Жалауқызы ұйымының Қазақстандағы өкілдігі
директорының орынбасары (келісім
бойынша)
Сақыпова - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Нұрғайша Нұртайқызы министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы
комитетi төрағасының орынбасары
Матаев - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы
Сейiтқазы Бейсенғазыұлы (келiсiм бойынша)
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қуаныш Сұлтанұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Бурлаков - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Леонид Николаевич Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрiнiң қаржы және экономика
жөнiндегі орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397
қаулысымен
, 2002.07.17. N 797
қаулысымен
, 2003.10.31. N 1083
қаулысымен
, 2003.12.05. N 1238
қаулысымен
, 2005.02.28. N 173
қаулысымен
.
2006.06.27. N
588
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238
қаулысымен
.
3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238
қаулысымен
, 2005.02.28. N 173
қаулысымен
.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі