Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 Қаулысы

Жаңартылған

      Жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N  1315   қаулысымен .
     1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы            ақпарат министрі, төраға

Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы         ғылым вице-министрі

Сырғабаев                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Азамат Маратұлы            коммуникациялар министрлiгiнiң
                           Байланыс және ақпараттандыру
                           жөнiндегi комитетi төрағасының
                           мiндетiн атқарушы     

Сақыпова                 - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Нұрғайша Нұртайқызы        министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы
                           комитетi төрағасының орынбасары

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Бурлаков                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Леонид Николаевич          Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Нығматулин               - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы          Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрi

Қалижанов                - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Қалижанұлы         Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты

Қозыбаев                 - Қазақстан Республикасы Журналистер
Сағымбай Қабашұлы          академиясының президентi

Якушенко                 - "Қазақстан Республикасы
Владимир Матвеевич         Президентiнiң телерадиокешенi"
                           коммерциялық емес акционерлiк
                           қоғамы бас директорының орынбасары

Соловьева                - Қазақстан Республикасының
Айгүл Сағадыбекқызы        Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                           Қазақстан азаматтық альянсының
                           президенті (келісім бойынша)

Оразов                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
Нұрай Нұрғожаұлы           ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
                           комитетінің төрағасы, төрағаның
                           орынбасары
 
Нұрахметов               - Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
Саят Ермаханұлы            ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                           мұрағат комитеті төрағасыныңорынбасары,
                           хатшы 
 
Бишіғаев                 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Дәруішұлы            және байланыс агенттігі төрағасының
                           орынбасары

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары
 
Жақсыбаева               - Қазақстан телерадио хабарларын
Шолпан Ахметқызы           таратушылардың ұлттық
                           қауымдастығының атқарушы
                           директоры

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03
N 397 , 2002.07.17  N 797 , 2003.10.31  N 1083 , 2003.12.05  N 1238 ,
2005.02.28  N 173 , 2006.06.27 N  588 , 2006.12.29 N  1315 , 2007.06.12
484 , 2007.10.04  N 897 , 2008.06.11  N 577  Қаулыларымен.
     2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238   қаулысымен
     3. Комиссияның жұмыс органы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгіленсін. 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05  N 1238 , 2005.02.28  N 173 , 2008.06.11  N 577  Қаулыларымен.   
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі