Жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1315 Қаулысымен.
1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы және ақпарат министрі, төраға
Оразов - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Берсебаев - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Болат Талапұлы ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетінің төрағасы, хатшы
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы ақпарат министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы
Есенғараев - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Батылханұлы коммуникациялар министрлiгi
Байланыс және ақпараттандыру
жөнiндегi комитетiнің төрағасының
Әбдіреева - Қазақстан Республикасы Әділет
Шолпан Тоқтарқызы министрлігі Зияткерлік меншік құқығы
комитеті төрағасының орынбасары;
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Қалижанов - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Қалижанұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Якушенко - "Қазақстан Республикасы
Владимир Матвеевич Президентiнiң телерадиокешенi"
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы бас директорының орынбасары
Соловьева - Қазақстан Республикасының
Айгүл Сағадыбекқызы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан азаматтық альянсының
президенті (келісім бойынша)
Есім Ғарифолла - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Омашев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Намазалы Омашұлы министрлігінің "Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО
кафедрасының меңгерушісі
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әміржан Нұрышұлы министрінің орынбасары
Жақсыбаева - Қазақстан телерадио хабарларын
Шолпан Ахметқызы таратушылардың ұлттық
қауымдастығының атқарушы
директоры
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03 N 397, 2002.07.17 N 797, 2003.10.31 N 1083, 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2006.06.27 N 588, 2006.12.29 N 1315, 2007.06.12 N 484, 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.04.10 N 502, 2009.11.13 N 1834, 2010.11.05 N 1165 Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238 қаулысымен.
3. Комиссияның жұмыс органы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2008.06.11 N 577, 2010.11.05 N 1165 Қаулыларымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі